Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметі
арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту туралы
1996 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасы
Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық
автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Финляндия Республикасы
Үкіметі арасындағы автомобиль
қатынасы туралы
келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Финляндия Республикасының
Үкіметі, бұдан былай "Келісуші Жақтар" деп аталады:
екіжақты саудалық-экономикалық қатынастардың дамуын еске ала отырып,
екі ел арасындағы жолаушылар және жүктерді автомобильмен тасымалдауды және олардың аумағы бойынша транзитті өзаралық негізде дамытуды қалай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Осы Келісімге сәйкес екі ел арасында және олардың аумағы бойынша транзитпен, халықаралық автомобиль қатынасы үшін ашылған жолдармен, Қазақстан Республикасында немесе Финляндия Республикасында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушылар мен жүктердің жүйеленген және жүйеленбеген тасымалдаулары жүзеге асырылады.
1. Жолаушыларды тасымалдау
2-бап
1. Келісуші жақтардың арасында жолаушылардың жүйеленген тасымалдаулары және олардың аумақтары арқылы транзитпен өту екі елдегі Келісуші Жақтардың құзырлы органдарымен келісіліп берілген рұқсат бойынша жүзеге асырылады.
2. Осындай тасымалдауларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар Келісуші Жақтардың құзырлы органдарымен алдын-ала келісіледі және бір-біріне тапсырылады.
3-бап
1. Осы Келісімнің 4-бабында қарастырылған тасымалдаулардан басқа, екі ел арасындағы автокөлік құралдарымен жолаушылардың жүйеленбеген тасымалдарын немесе олардың аумағы бойынша транзитті жүзеге асыру үшін Келісуші Жақтардың құзырлы органдарымен берілетін рұқсаттар талап етіледі.
2. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары олардың аумағы бойынша өтетін жол бөлігіне ғана рұқсат беретін болады.
3. Жолаушылардың әрбір жүйеленбеген тасымалдауларына бір рейс жасап, және қайтуға ғана құқығы бар бөлек рұқсаттар берілуі тиісті, егер рұқсаттың өзінде басқадай жағдай айтылмаған болса.
4. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары жолаушылардың жүйеленбеген
тасымалдаулары үшін жыл сайын бір-біріне өзара бланкі саны келісілген
рұқсаттарды тапсыратын болады. Бұл бланкілерде рұқсат берген құзырлы
органның мөрі мен қолы болуы тиісті.
5. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары рұқсат бланкілерімен алмасу
тәртібін өзара келіседі.
4-бап
1. Жарамсыз автокөлік құралдарын басқамен алмастыру кезінде осы
Келісімнің 3-бабында көрсетілген рұқсаттар талап етілмейді.
II. Жүктерді тасымалдау
5-бап
1. Осы Келісімнің 6-бабында қарастырылған тасымалдаулардан басқа, екі ел арасындағы тасымалдаулар немесе олардың аумағы бойынша транзитпен өтетін тасымалдаулар Келісуші Жақтардың құзырлы органдарымен берілетін рұқсаттар негізінде автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады, егер басқа жағдайлар айтылмаған болса.
2. Әрбір транзиттік жүк тасымалдауға бір рейс жасап, барып және қайтуға ғана құқық беретін рұқсат берілуі тиісті, егер рұқсаттың өзінде басқа мән айтылмаған болса.
3. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары жүк тасымалдаулары үшін жыл сайын бір-біріне өзара бланкі саны келісілген рұқсаттарды тапсыратын болады. Бұл бланкілерде рұқсат берген құзырлы органның мөрі мен қолы болуы тиісті.
4. Келісуші Жақтардың құзырлы органдары рұқсат бланкілерімен алмасу
тәртібін өзара келіседі.
6-бап
1. Осы Келісімнің 5-бабында көрсетілген рұқсаттар мына
тасымалдаулардың орындалуына талап етілмейді:
а) жәрмеңке мен көрмеге қою үшін арналған экспонаттарға, құрал-
жабдықтар мен материалдарға;
ә) спорттық шараларды жүргізу үшін арналған әртүрлі инвентарлар мен
мүліктердің, сондай-ақ көліктік құралдардың, хайуанаттардың;
б) театр декорациялары мен реквизиттерін, музыкалық аспаптарды, кино
түсіруге, радио және теледидар хабарларын ұйымдастыруға қажетті
құрал-жабдықтарға;
в) қайтыс болған адамның мәйіті мен табытын тасымалдауда;
г) поштаны;
д) істен шыққан автокөлік құралдарына;
е) көшіп-қону кезіндегі жылжымалы мүліктерге;
и) табиғи апат кезінде көмек көрсетуге қажетті медициналық құралдар
мен дәрі-дәрмектерді тасымалдауға.
Рұқсаттар техникалық көмек көрсететін автомобильдердің жүріп өтуіне
де талап етілмейді.
Осы бапта көрсетілген тасымалдауларды атқару кезінде автокөлік құралы тіркелген елдің тасымалдық құжаттары болуы тиісті.
2. Осы баптың 1-тармағының а), ә), б) тармақшаларында көрсетілген ескертпелер көлік үстіндегі жүк тек сол автокөлік құралы тіркелген елге қайтарылып әкелінетін болғанда ғана немесе үшінші елдің аумағына транзитпен тасымалданатын болғанда ғана өз күшінде болады.
7-бап
1. Жүксіз немесе жүкпен келе жатқан автокөлік құралының сыртқы шектік көлемі немесе салмағы екінші Келісуші Жақтың аумағында белгіленген мөлшерден артық болған жағдайда, тасымалдаушы Келісуші Жақтың құзырлы органдарынан арнайы рұқсат алуға тиісті, ал өте қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде халықаралық жолдарда қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Еуропалық Келісімнің талаптарын сақтауға тиісті.
III. Жалпы ережелер
8-бап
1.Тасымалдаушыға екінші Келісуші Жақтың аумағында орналасқан екі мекеннің арасында жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға рұқсат берілмейді.
2. Тасымалдаушы екінші Келісуші Жақтың аумағынан үшінші елдің аумағына, сондай-ақ үшінші елдің аумағынан екінші Келісуші жақтың аумағына тасымал жасай алады, егер ол Келісуші Жақтардың құзырлы органдарынан бұған арнайы рұқсат алған болса.
9-бап
1. Осы Келісімде қарастырылған тасымалдаулар, өз елінің Ішкі заңдарына сәйкес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға жіберілген тасымалдаушымен ғана орындалуы мүмкін.
2. Халықаралық тасымалдауларды жүзеге асырушы автокөлік құралдарының
өз еліндегі ұлттық тіркелу және айырмашылық белгілері болуы тиісті.
3. Халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде осы Келісімге
сәйкес тасымалдаушы Келісуші жақтардың аумағында пәрменді болып табылатын
ережелерді, нормалар мен заңдарды орындауға міндетті.
10-бап
Екі Келісуші Жақтардың арасында, сондай-ақ транзитпен олардың
аумақтары арқылы соғыс қаруларын, оқ-дәрілерді, әскери құрал-жабдықтарды,
жарылғыш материалдар мен басқадай екі Жақтың ішкі заңдарында белгіленген
қауіпті және зиянды заттарды тасымалдауға тыйым берілмейді.
11-бап
Осы Келісімде қарастырылған жүктерді тасымалдау нысаны жалпылама
халықаралық үлгіге тиісті тауарлы-көлік құжаттарына лайықты жүзеге асуға
тиісті.
12-бап
Автокөлік құралының жүргізушісінде өзі басқаратын автокөлік құралының санатына лайықты ұлттық немесе халықаралық автокөліктерді жүргізуге құқық беретін мамандық куәліктері және автокөлік құралына ұлттық тіркеу құжаттары болуы тиісті.
13-бап
Келісуші Жақтардың аумағы бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдау
кезінде осы Келісімге сәйкес бұл тасымалдауды орындайтын автокөлік
құралдары рұқсат-қағазын алуға байланысты, сондай-ақ жолдарды пайдалануға
немесе күтіп ұстауға байланысты салықтар мен алымдардан босатылады, бұған
төлемақы алынатын жолдар мен көпірлерде төлемақылары жатпайды.
14-бап
Осы Келісімнің негізінде тасымалдаулар осы тасымалдауды орындаушы
әрбір автокөлік құралының азаматтық жауапкершілігін дер кезінде міндетті
түрде қауіпсіздендірген жағдайда ғана жүзеге асады.
15-бап
Шекаралық, кедендік және санитарлық бақылауларды жүргізуде
қатысушылары екі Келісуші Жақ болып табылатын халықаралық шарттардың
ережелері қолданылатын болады, ал осы шарттармен реттелмеген мәселелердің
шешіміне әрбір Келісуші Жақтың Ішкі заңдары қолданылатын болады.
16-бап
Ауыр науқасты адамдарды, жүйеленген түрде жолаушыларды, сондай-ақ жануарлар мен тез бұзылғыш жүктерді тасымалдағанда шекаралық, кедендік және санитарлық бақылаулар кезексіз түрде өткізілетін болады.
17-бап
1. Осы Келісімнің негізінде тасымалдауларды орындау кезінде кедендік алымдардан, баж салығы мен басқа Келісуші Жақтың аумағына кіруге рұқсаттардан өзара босатылады:
а) автокөлік құралының әрбір сыйымдылық моделі үшін, технологиялық және қозғағыш жүйесін азықтандыруға, конструктивті байланысты - жанармай;
ә) тасымалдау кезінде қажетті мөлшердегі - жағармай материалдары;
в) халықаралық тасымалдауларды орындаушы автокөлік жөндеуге арналған инструменттер мен артық қорлар.
2. Келісуші жақтардың лайықты аумағында белгіленген тәртіппен қолданылмаған артық қорлар кері қайтарылуға, ал қолданылған артық қорлар елден әкетілуі немесе жойылуы керек.
18-бап
1. Бұл Келісім бұзылған жағдайда, тасымалдаушы елдің құзырлы органы бұзушылық болған елдің құзырлы органдарының өтініші бойынша осы Келісімді орындауға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етуге тиісті.
Тасымалдаушы елдің құзырлы органы тасымалдаушы елдің құзырлы
органдарына қабылданған шаралар туралы хабарлайды.
2. Осы баптың ережелері барған елде заң бұзғаны үшін тасымалдаушыны
жауапкершіліктен босатпайды.
19-бап
Осы Келісімді орындауды қамтамасыз ету мақсатында Келісуші Жақтың
құзырлы органы тікелей контакт жасайтын болады бір Келісуші Жақтың ұсынысы
бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін рұқсаттар жүйесіне
байланысты мәселелерді шешу үшін кеңестер жүргізеді, сондай-ақ берілген
рұқсаттарды пайдалану жөніндегі ақпар және тәжірибемен алмасады.
IV. Қорытынды ережелер
20-бап
Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер, сондай-ақ халықаралық
шарттармен, екі Келісуші Жақ қатысушылары болып табылатын Келісуші
Жақтардың әрқайсысының өзара келісімі бойынша Ішкі Заңдарына сәйкес
шешілетін болады.
21-бап
Осы Келісім Келісуші Жақтардың басқадай олармен бекітілген
халықаралық шарттары келісімдерінен шығатын құқығы мен міндеттемелерін
қозғамайды.
22-бап
1. Осы Келісім 30 күннен кейін күшіне енеді, егер де Келісуші Жақтар
дипломатиялық арналар арқылы, күшіне енуге қажетті заңды процедураларды
әрбір елде де орындалғаны туралы бір-біріне мәлімдеме жасаған болса.
2. Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын Атқару хаттамасы
тіркеледі.
3. Осы Келісім белгісіз мерзімге бекітілді және өзінің пәрменділігін
қашан Келісуші Жақтардың бірі екінші Келісуші Жаққа оның пәрменділігін
тоқтататыны туралы өзінің ниетін хабарлаған күннен 90 күн өткенге дейін
сақтайды.
1996 жылдың 7 ақпанында Алматы қаласында екі дана, әрқайсысы қазақ,
фин және орыс тілдерінде, әрі екі мәтіннің күші де бірдей болып жасалды.
Қазақстан Республикасы Финляндия Республикасы
Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Финляндия Республикасы Үкіметінің
арасындағы халықаралық автомобиль
қатынасы туралы келісімді қолдану жөніндегі
атқару хаттама
Алматы қаласында 1996 жылғы 8 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасы Үкіметінің арасындағы автомобиль қатынасы туралы Келісімді қолдану жөнінде төмендегідей уағдаластыққа қол жетті:
1. Аталған Келісімді құзырлы органдар мағынасында мыналарды түсіну қажет:
Қазақстан Республикасы жағынан:
а) 2, 3, 5, 8, 18, 19-баптар бойынша - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, 480083, Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 458, телефон 60 40 40, факс (3272) 39 32 55;
б) 7-бап бойынша - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және жол органдары, 480091, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 95.
Финляндия Республикасы жағынан:
а) 2, 3, 5, 7, 8, 18, 19-баптар бойынша - Финляндия Республикасының Көлік және байланыс министрлігі, жол қозғалысының бөлімі, РL 235 SF-00131), Хельсинки
б) 7-бап бойынша - Жолдардың Бас басқармасы, жол қызметтерінің бөлімі (Тiеlаltоs/Тlеlllкеntееn tiераlvеlut, PL 33 FIN 00521 Helsinki)
2. Осы Келісімнің мағынасында мыналарды түсіну қажет:
2.1. "автокөлік құралы" - атауы:
жүктерді тасыған кезде - жүк автомобилін, тіркемесі бар жүк автомобилін, автомобильдік тіркемені немесе жартылай тіркемесі бар автомобильдік тіркемені білдіреді;
жолаушыларды тасымалдаған кезде - жолаушыларды тасымалдауға арналған және, жүргізушінің орнын санамағанда, 8 орыннан кем емес орындықтары бар автобусты, яғни автокөлік құралын білдіреді.
2.2. "жүйеленген тасымалдаулар" - атауы Келісуші Жақтардың автокөлік құралдарымен күні бұрын келісілген қозғалыс кестесі бойынша жол сапарының бастапқы және ақырғы пункттері жол бойындағы аялдамалық пункттері көрсетілген маршрутпен жасалатын тасымалдауларды білдіреді.
2.3. "жүйеленбеген тасымалдаулар" - атауы: барлық қалған тасымалдауларды білдіреді.
3. Осы Келісімнің 5-бабындағы 2 тармақтың орындалуы үшін, тасымалдауды орындауға берілген рұқсат тек тасымалдаушымен пайдалануы мүмкін және басқа біреуге берілмейтіндігі қарастырылады.
4. Осы Келісімнің 5-бабы орындалуы үшін, тасымалдауды орындауға мына рұқсаттардың санаты белгіленеді;
а) бір Келісуші Жақтың аумағында орналасқан пункттер аралығында және екінші Келісуші жақтың аумағында орналасқан пункттен;
ә) екінші Келісуші жақтың аумағы арқылы өтетін транзитпен;
б) бір Келісуші жақтың аумағынан үшінші елге немесе үшінші елдің аумағынан Келісуші Жақтың бірінің аумағына.
Келісуші Жақтардың құзырлы органдары қараша айына дейін жоғарыдағы рұқсаттар санатының қажетті санын келесі жылға келіседі, бұл өзара алмасу келесі жылдың 15 қаңтарына дейін жасалады. Былтыр берілген рұқсаттар келесі жылдың 1 ақпанына дейін жарамды.
5. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес талап етілетін рұқсаттар және басқа құжаттар тиісті автокөлік құралында болуы керек.
6. Осы Келісімде қарастырылған жолаушы және жүк тасымалдауларын жүзеге асыруға байланысты тәжірибелік мәселелер, Келісуші Жақтардың тасымалдаушыларының арасында тікелей жүйеленуі мүмкін.
7. Осы Келісімнің негізінде орындалатын тасымалдауларға есеп-айырысу
Келісуші Жақтардың арасында пәрменді болып табылатын сауда Келісімдеріне
лайықталып жасалады.
Осы Атқару Хаттамасы екі дана, әрқайсысы қазақ, фин және орыс
тілдерінде, әрі екі мәтіннің де күші бірдей болып жасалды.
Келісуші Жақтар түсіндіру мәселесінде орыс тіліндегі мәтінді
пайдаланатын болады.
1996 жылдың 7 ақпанында Алматы қаласында.
Қазақстан Республикасы Финляндия Республикасы
Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Кобдалиева Н.