Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ Заң күші бар Жарлығының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ембімұнайгаз" ашық акционерлік қоғамына ХХI-14-А, В, С, D, Е, F;
ХХI-15-А, В, С, D, Е, F; ХХII-14-А, В, С, D, Е, F; ХХII-15; ХХII-16-А, В,
D, Е; ХХIII-14-А, В, С, D, Е, F; ХХIII-15; ХХIII-16-А, В, D, ; ХХIV-14-А,
В, С; ХХIV-15-А, В, С; ХХIV-16-А, B блоктарында көмірсутегі шикізатын
барлауға және өндіруге лицензия берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік
комитеті лицензияда геологиялық бөлудің картограммасына сәйкес келісім-
шарттық аумақтардың шекараларын көрсетсін, сондай-ақ осы қаулыдан
туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Нарбаев Е.