Қазақстан Республикасының ядролық сынақтардың зардаптарын жою мәселесінің маңыздылығын назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Невада-Семей" халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысының (бұдан әрі - НСХЯҚ) 2000 жылғы мамырдың 17-19 аралығында Астана қаласында Кең ауқымды ядролық сынаққа қарсы Альянстың III Конгресін өткізу туралы бастамшылығы мақұлдансын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.10. N 955
қаулысымен. P990955_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 348
қаулысымен. P000348_
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ядролық физика институты өткізетін Кең ауқымды ядролық сынаққа қарсы Альянстың ІІІ Конгресіне дайындыққа және оны өткізуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне 7 (жеті) миллион 500 (бес жүз) мың теңге бөлінсін.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.10. N 955
қаулысымен. P990955_
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі НСХЯҚ-ға Кең ауқымды ядролық сынаққа қарсы Альянстың III Конгресін өткізуге жәрдем көрсетсін.
4. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының, Астана, Алматы,
Семей және Курчатов қалаларының әкімдері НСХЯҚ-ның он жылдығына арналған
іс-шаралар өткізсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.