Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы N 18 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 шілде N 955

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кең ауқымды ядролық сынаққа қарсы Альянстың ІІІ Конгресін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы N 18 P990018_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы "1999 жылғы ақпанның 24-26 аралығында" деген сөздер "1999 жылғы қазанның 19-21 аралығында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан

 

Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ядролық физика

институты өткізетін Кең ауқымды ядролық сынаққа қарсы Альянстың ІІІ

Конгресіне дайындыққа және оны өткізуге байланысты іс-шараларды

қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім

министрлігіне 7 (жеті) миллион 500 (бес жүз) мың теңге бөлінсін."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Орынбекова Д.

   Кобдалиева Н.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады