Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 11 қаңтар N 19

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрменділігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығын іске асыру, статистика, еңбек және халықты жұмыспен қамту, бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980281_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік мекемесі "Алматы экономика және статистика институты" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Институт" ЖАҚ) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бір айлық мерзім ішінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттің жарнасы ретінде қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеменің балансындағы мүлікті "Институт" ЖАҚ-ның жарғылық капиталына берсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігіне "Институт" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету, пайдалану жөнінде өкілеттік берілсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп:
      1) оның негізгі міндеттері ретінде:
      меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар үшін нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес статистика, еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі кадрларды, кәсіпкер бухгалтерлер мен аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды;
      республикалық және халықаралық семинарлар мен конференцияларды, басқа да ғылыми-практикалық форумдарды ұйымдастыруды және өткізуді;
      республикада жұмыс істеп тұрған аймақтық оқу орталықтарын үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыруды;
      республикадағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға статистикалық зерттеулер жүргізуді;
      статистиканың негізгі бағыттары бойынша әдістемелік басылымдарды,

 

оқулықтарды, оқу құралдарын дайындауды және шығаруды көздей отырып,

заңдарда белгіленген тәртіппен "Институт" ЖАҚ-ның жарғысын бекітсін және

тіркесін;

     2) қажетті қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізсін және мемлекеттік

мекемені "Институт" ЖАҚ етіп қайта құруға байланысты осы қаулыдан

туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.









О реорганизации Института подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров Национального статистического агентства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 января 1999 года N 19

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 октября 1997 года N 3655 U973655_ "О мерах по дальнейшему повышению эффективности государственного управления в Республике Казахстан", подготовки, переподготовки и повышения квалификации специалистов по статистике, труду и занятости, бухгалтерскому учету и аудиту и в соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 июля 1998 года Z980281_ "Об акционерных обществах" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Реорганизовать государственное учреждение "Институт подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров национального статистического агентства Республики Казахстан" путем преобразования в закрытое акционерное общество "Алматинский институт экономики и статистики" (далее - ЗАО "Институт").
      2. Департаменту государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в месячный срок и в установленном законодательством порядке передать в качестве взноса государства в уставный капитал ЗАО "Институт" имущество, находящееся на балансе реорганизуемого государственного учреждения.
      3. Делегировать Национальному статистическому агентству Республики Казахстан полномочия по владению, пользованию государственным пакетом акций ЗАО "Институт".
      4. Национальному статистическому агентству Республики Казахстан совместно с Департаментом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан:
      1) утвердить в установленном законодательством порядке и зарегистрировать устав ЗАО "Институт", предусмотрев основными его задачами:
      подготовку, переподготовку и повышение квалификации кадров по статистике, труду и занятости, профессиональных бухгалтеров и аудиторов в соответствии с требованиями рыночной экономики для предприятий всех форм собственности;
      организацию и проведение республиканских и международных семинаров и конференций, других научно-практических форумов;
      осуществление координации и методического руководства региональными учебными центрами, действующими в республике;
      проведение статистических исследований экономической и социальной ситуации в республике;
      подготовку и издание методических разработок, учебников, учебных пособий и программ по основным направлениям статистики;
      2) провести необходимые реорганизационные процедуры и принять иные меры, связанные с преобразованием государственного учреждения в ЗАО "Институт", вытекающие из настоящего постановления.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



(Специалисты: Склярова И.В.,

              Мартина Н.А.)