Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655.

      Қазақстан Республикасы Даму стратегиясының негiзгi ережелерiн iске асыру, басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру, мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалауды жалғастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) және 20) тармақшаларына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Мыналар құрылсын:

      1) Тұрақты даму жөнiндегi Ұлттық кеңес - Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган;

      2) таратылатын Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң функциялары, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң - дiн, жастар, ұлт және тiл саясаты саласындағы функцияларының, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгi берiле отырып, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi;

      3) таратылатын Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң функциялары, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi, сондай-ақ таратылатын Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi функцияларының, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгi берiлiп отырып, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi;

      4) Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi функцияларының, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгi, сондай-ақ таратылатын Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi функцияларының, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгi берiле отырып, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi;

      5) таратылатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiнiң функциялары, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi функцияларының, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгi берiле отырып, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi - орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Қазақстан Республикасының министрi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi болып табылады.

      2. Мыналар таратылсын:

      1) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Жоғары экономикалық кеңес;

      2) мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына берiле отырып, Қазақстан Республикасының Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiк;

      3) функциялары, мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi қосылу жолымен Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi болып қайта құрылсын.

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi - Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып қайта құрылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 33, 410-құжат) 1-тармағына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi", "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi" сөздерi алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi" сөздерiмен толықтырылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) осы Жарлыққа сәйкес құрылған және қайта құрылған мемлекеттiк органдар туралы ережелердi бекiтсiн, жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк органдардың ережелерi мен құрылымдарын қайта қарасын;

      2) қолданылып жүрген заңдарды осы Жарлыққа сәйкес келтiру туралы ұсыныстар әзiрлеп, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзсiн;

      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;

      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Экономикалық реформалар орталығын тарататын болсын;

      5) осы Жарлықтан туындайтын басқа да қажеттi шараларды қолданатын болсын.

      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi:

      1) өзiнiң құрылымы мен штат санын осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Тұрақты даму жөнiндегi Ұлттық кеңес туралы ереженi енгiзсiн.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады