Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 10 қаңтарындағы кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуінің мемлекеттік рәсімінің жүргізілуіне байланысты 1999 жылдың 20 қаңтары жұмыс күні емес деп жариялансын.
2. Қажетті өнім шығару үшін, сондай-ақ құрылысы объектілерін іске
қосу үшін еңбек материалдарымен және қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілген ұйымдарға кәсіподақ комитеттерімен келісу бойынша 1999 жылдың 20
қаңтарында жұмыс жүргізу құқығы берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.