Кеден одағының істері жөніндегі үкіметтік органды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 қаңтар N 34. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық кеңесінің "Кеден одағын одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы" 1997 жылғы 22 қазандағы N 6 шешімін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Кеден одағы мәселелері жөніндегі үйлестіруші үкіметтік орган болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанынан Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері мен ведомстволарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Ұлттық Банкінің (келісім бойынша) және Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік шекараны күзету күштерінің өкілдерінен (басшылары орынбасарларының деңгейінде) Кеден одағының істері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын. Бұл ретте:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігі - кедендік салық, кедендік реттеу жөніндегі мәселелерді шешуде;
      2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі - тарифтік және тарифтік емес реттеуге байланысты мәселелерді шешу кезінде;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) - валюталық реттеу мен бақылау жасауға байланысты мәселелерді шешу кезінде;
      4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік шекараны күзету күштері - сыртқы шекараны күзетуге байланысты мәселелерді шешу кезінде жауапты органдар болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бір айлық мерзім ішінде осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдармен бірлесіп Кеден одағы істері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құрсын. Көрсетілген топтың дербес құрамын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне
ұсынсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Об определении правительственного органа по делам Таможенного союза

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 1999 года № 34. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 14 апреля 2003 г. N 357

      Во исполнение решения Межгосударственного совета Республики Беларусь, Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Российской Федерации от 22 октября 1997 года № 6 "О мероприятиях по дальнейшему развитию Таможенного союза" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Определить Министерство иностранных дел Республики Казахстан координирующим правительственным органом по вопросам Таможенного союза.
      2. Создать при Министерстве иностранных дел Республики Казахстан межведомственную рабочую группу по делам Таможенного союза из представителей (на уровне заместителей руководителей) Министерство иностранных дел, Министерства финансов, Министерства государственных доходов, Министерства энергетики, индустрии и торговли, Национального Банка (по согласованию) и Сил охраны государственной границы Министерства обороны Республики Казахстан с участием заинтересованных министерств и ведомств Республики Казахстан. При этом определить ответственными органами:
      1) Министерство финансов и Министерство государственных доходов Республики Казахстан - в решении вопросов по таможенному делу, налоговому регулированию;
      2) Министерство энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан - при решении вопросов, связанных с тарифным и нетарифным регулированием;
      3) Национальный Банк Республики Казахстан (по согласованию) - при решении вопросов, связанных с валютным регулированием и контролем;
      4) Силы охраны государственной границы Министерства обороны Республики Казахстан при решении вопросов, связанных с охраной внешних границ.
      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в месячный срок совместно с государственными органами, указанными в пункте 2 настоящего постановления, сформировать межведомственную рабочую группу по делам Таможенного союза. Персональный состав указанной группы представить в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

    Премьер-Министр
  Республики Казахстан