Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ қамқорлығындағы Орталық Азиялық батальон әскери қызметшілерінің мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және
Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ қамқорлығындағы
Орталық Азиялық батальон әскери қызметшілерінің
мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы
1. 1997 жылғы 24 шілдеде Шолпан-Ата қаласында жасалған Қазақстан
Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы
БҰҰ қамқорлығындағы Орталық Азиялық батальон әскери қызметшілерінің
мәртебесі туралы келісім бекітілсін.
2. Осы Заң қол қойылған күнінен бастар күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан
Республикасы арасындағы БҰҰ қолдауындағы Орталық Азиялық
батальон әскери қызметшілерінің мәртебесі туралы
Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы мен Өзбекстан Республикасы,
Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері бола отырып;
халықаралық қоғамдастықтың дүние жүзінде бейбітшілікті сақтау
жөніндегі жауапкершілігіне ортақтаса отырып;
Орталық Азиялық батальонның (бұдан былай Ортазбат) бөлімшелері уағдаластық бойынша Тараптардың бірінің аумағына жіберілуі немесе орналастырылуы мүмкін екендігін ескере отырып;
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ қолдауымен ұжымдық бітімгерлік батальонды ұйымдастыру мен құру туралы 1995 жылғы 15 желтоқсандағы Келісім ережелерін және Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесінің 1997 жылғы 10 қаңтардағы шешімімен бекітілген БҰҰ қолдауындағы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының бітімгерлік батальоны туралы Ережені ескере отырып;
Ортазбат әскери қызметшілерінің Тараптардың бірінің аумағында болған кездегі мәртебесін белгілеуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Ортазбат жеке құрамы БҰҰ Бас Ассамблеясы 1946 жылы 13 ақпанда қабылдаған Біріккен Ұлттардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияға, БҰҰ қауіпсіздігі туралы 1994 жылғы 9 желтоқсандағы Конвенцияға, сондай-ақ Тараптардың Мемлекетаралық Кеңесінің тиісті
Шешімдері мен Келісімдерінің ережелеріне сәйкес БҰҰ-ң персоналына
бітімгерлік операцияларды өткізу кезінде берілетін мәртебені,
артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
2-бап
Осы Келісімде қолданылатын төмендегі терминдер мынадай ұғымды
білдіреді:
а/ әскери қызметшілер - Тараптардың бірінің аумағында жүрген Ортазбат
жеке құрамы;
б/ азаматтық персонал - Ортазбат бөлімшелерімен бірге жүретін және
Тараптардың азаматтары болып табылатын азаматтық тұлғалар;
в/ отбасы мүшелері - әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың
жұбайлары мен балалары;
г/ Жіберуші мемлекет - әскери қызметшілер мен азаматтық персоналды
жіберуші Тарап;
д/ Қабылдаушы мемлекет - аумағында Ортазбат бөлімшелері
орналастырылатын және бітімгерлік операцияларға дайындық жөніндегі шаралар
өткізілетін Тарап.
3-бап
Тараптардың әскери қызметшілері, олардың азаматтық персоналы мен отбасы мүшелері Қабылдаушы мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына сақтауға, осы елдің әдет-ғұрпы мен салтын құрметтеуге, осы Келісімнің ережелерімен сыйыспайтын кез келген іс-әрекеттен бас тартуға міндетті.
4-бап.
1. Қабылдаушы мемлекеттің аумағына әскери қызметшілерді, сондай-ақ азаматтық персоналды енгізген немесе оның аумағынан шығарған кезде оларға визалық және төлқұжат жөніндегі талаптар, сондай-ақ шетел азаматтарын тіркеу мен бақылау ережелері қолданылмайды.
2. Әскери қызметшілер:
а/ жеке басын куәландыратын құжатты;
б/ Қорғаныс министрлері Кеңесінің шешіміне сәйкес Жіберуші мемлекеттің Қорғаныс министрлігі берген жеке адамның немесе әскери қызметшілер тобының мәртебесін куәландыратын жеке немесе топ болып жүруге рұқсат беретін орыс тіліндегі бұйрықты өздерімен бірге алып жүруі керек.
3. Отбасы мүшелерінің мәртебесі олардың төл құжатында тиісті түрде көрсетілуі керек.
4. Егер әскери қызметшілер немесе азаматтық персонал қызметтен босатылатын болса, Жіберуші мемлекет тез арада Қабылдаушы мемлекеттің тиісті органдарын бұл жайлы хабардар етуі керек.
5. Егер Қабылдаушы мемлекет өз аумағынан өзінің азаматтары болып табылмайтын әскери қызметшілерді немесе азаматтық персоналды немесе олардың отбасы мүшелерін шығаруды талап етсе, Жіберуші мемлекет осы талаптың орындалуы үшін жауапты болады.
5-Бап
Қабылдаушы мемлекет Жіберуші мемлекет берген автомобильді жүргізу құқын беретін куәліктің күші бар екендігін мойындауға міндеттенеді.
6-бап
1. Әскери қызметшілер мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде және Қабылдаушы мемлекеттің аумағында қызметтік міндеттерін орындау кезінде Ортазбат және БҰҰ бітімгерлік күштерінің айырым белгілері бар нысанды киімдерін киеді.
2. Ортазбат немесе азаматтық персоналдың штаттық көлік құралдарының өздерінің тіркеу нөмірлеріне қоса олардың мемлекетке тиістілігін көрсететін айырым белгілері болуы керек.
3. Әскери қызметшілер, егер өзінің әскери қолбасшылығының тиісті бұйрығы және Қабылдаушы мемлекеттің рұқсаты болса, өздерімен бірге қару алып жүре алады.
7-бап
1. Әскери қызметшілер, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелері қабылдаушы мемлекеттің аумағында қылмыстық іс жасаған жағдайда сол мемлекеттің қылмыстық сот жүргізу талаптарына сәйкес жауап береді.
2. Жіберуші мемлекет өз мемлекетінің азаматтары болып табылатын әскери қызметшілерге, азаматтық персоналға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты, егер олар заңы бойынша жазаланатын қылмыстық іс жасаса, Қабылдаушы мемлекеттің аумағында қылмыстық сот жүргізу құқы болады.
3. Егер әскери қызметшілер, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелері жасаған қылмыстық іс екі мемлекеттің де сот жүргізу органдарымен қаралса, онда Жіберуші мемлекет өздерінің азаматтарына қатысты олар Жіберуші мемлекеттің меншігіне немесе қауіпсіздігіне қарсы және Жіберуші мемлекеттің азаматтары болып табылатын әскери қызметшілердің, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерінің меншігіне, өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық іс жүргізу басымдылық құқына ие болады.
4. Барлық басқа жағдайларда Қабылдаушы мемлекеттің сот жүргізу басымдылық құқы бар.
8-бап
Қабылдаушы мемлекет пен Жіберуші мемлекет қылмыс жасаған әскери қызметшілерді, азаматтық персоналды және олардың отбасы мүшелерін ұстау және оларды жасаған қылмысы үшін өздері жауапты болатын Тарапқа беру кезінде бір-біріне көмек көрсетеді; бұл ретте Қабылдаушы мемлекет Жіберуші мемлекеттің азаматтары болып табылатын әскери қызметшілерді, азаматтық персоналды немесе олардың отбасы мүшелерін ұстау жөнінде Жіберуші мемлекеттің тиісті органдарын хабардар етеді.
9-бап
Тараптардың әрқайсысы кез-келген өзіне тиесілі және өзінің қарулы күштері пайдаланатын меншікке келтірілген залалға қатысты, егер мұндай залалды басқа Тараптардың азаматтары болып табылатын әскери қызметшілер осы Келісімді орындауға байланысты өздерінің қызмет міндеттерін орындау кезінде келтірсе, басқа Тарапқа қарсы талап қою құқынан бас тартады.
Жеке меншікке келтірілген залал жағдайында, осы баптың бірінші
бөлігінде көрсетілгеннен басқа, жауапкершілік жөніндегі мәселе
азаматтық-құқықтық тәртібімен шешіледі.
10-бап
Әскери қызметшілердің, азаматтық персонал мен олардың отбасы
мүшелерінің Қабылдаушы мемлекет Қарулы Күштерінің жеке құрамына тең
жағдайда медициналық көмек алу құқы бар.
11-бап
Әскери қызметшілер, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелері Қабылдаушы мемлекеттің аумағында барлық салық түрлерінен босатылады.
12-бап
Әскери қызметшілер Қабылдаушы мемлекет аумағына және оның аумағынан өздеріне қызмет мақсатында пайдалану үшін қажетті қызмет көлік құралдарын, жабдықтарды алымсыз алып жүре алады.
Әскери қызметшілер, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелері Қабылдаушы мемлекеттің аумағына Ортазбат бөлімшелерінің тұрақты орналасқан орнына өздерінің қызмет міндеттерін орындау үшін алғаш келген мезеттен бастап алып келген жеке заттарын, жиһаздарын және көлік құралдарын, оларды бөлектеуден басқа жағдайларда, алымсыз алып келу немесе алып кету құқы бар.
13-бап
Осы Келісімнің отбасы мүшелеріне қатысты ережелері Ортазбат бөлімшелері тұрақты орынға орналасқаннан кейін күшіне енеді.
14-бап
Тараптар осы Келісімге өзара уағдаластық бойынша тиісті Хаттамалармен ресімделетін толықтырулар мен өзгертулер енгізе алады.
Толықтырулар мен өзгертулер Тараптар қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындап болғаннан кейін күшіне енеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Келісімде көрсетілмеген жағдайларда БҰҰ қолдауындағы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының бітімгерлік батальоны туралы 1997 жылғы 10 қаңтардағы Ереже қолданылады.
15-бап
Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың тиісті ішкі мемлекеттік процедураларды орындағаны жайлы бір- бірін хабардар еткен кезден бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Тараптардың бірі басқа екі Тарапты оның күшін жою туралы өзінің тілегін жазбаша мәлімдеген күннен бастап алты ай өткеннен кейін өз күшін жояды.
Келісім, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен
Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ қолдауындағы ұжымдық бітімгерлік
батальонды ұйымдастыру мен құру туралы 1995 жылғы 15 желтоқсандағы
Келісімнің күші жойылған күннен бастап өз күшін жояды.
Чолпан-Ата қаласында 1997 жылғы 24 шілдеде бір түпнұсқа данада орыс
тілінде жасалды.
Түпнұсқа данасы Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен
Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесінің Атқарушы комитетінде
сақталады және ол әрбір қатысушы-мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін
жібереді.
Қазақстан Қырғыз Өзбекстан
Республикасы үшін Республикасы үшін Республикасы үшін
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.