Әдеби мұражайлардың қаржылық және материалдық-техникалық базасын нығайту, олардың ғылыми-зерттеу және ғылыми-ағарту жұмысы саласындағы қызметін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Сәбит Мұқановтың республикалық әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің аты Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені болып өзгертілсін.
2. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайының Ғабит Мүсірепов бөлімінің мұражай қоры Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінен берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
1) жоғарыда аталған мұражай кешенінің жарғысын бекіту және мемлекеттік тіркелуі жөніндегі қажетті шараларды белгіленген тәртіппен жүргізсін;
2) аталған мұражай қорын тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджеттен қаржыландыруды
жүзеге асырсын.
4. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) Қазақ ССР Министрлер Советінің 1975 жылғы 6 қазандағы N 740 өкімі;
2) "Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі,
Қазақ ССР халық жазушысы Ғ.М.Мүсіреповті мәңгі есте қалдыру туралы" Қазақ
ССР Министрлер Советінің 1986 жылғы 11 шілдедегі N 270 қаулысының 3-тармағы
(Қазақ ССР ҚЖ, 1986, N 17, 58-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.