Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 919 Қаулысымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) туралы Ережені әзірлеу жөніндегі нұсқаулық;
2) мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің Үлгі ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 12 ақпандағы
N 119 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) туралы
Ережені әзірлеу жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық мемлекеттік басқару мен бақылаудың функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) туралы Ережені бірдейлендіру мақсатында әзірленді және осы Ережелерде қамтылуы тиіс нормаларды белгілейді.
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Үкіметі мен барлық деңгейдегі әкімдерге бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдарға қолданылады. Қажет болған жағдайда осы Нұсқаулық өзге мемлекеттік органдар туралы Ережелерді әзірлеу кезінде де қолданылуы мүмкін.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарымен құрылатын мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекеме мемлекеттік орган болып табылады.
2. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ Мемлекеттік орган туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік орган заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Мемлекеттік органның, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Мемлекеттік орган өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен ____________ түрінде тиісті аумақта міндетті күші болатын актілер шығарады.
5. Мемлекеттік органның құрылымы мен шекті штат санын ______________ бекітеді.
6. Мемлекеттік органның заңды мекен-жайы _______________________________.
7. Мемлекеттік органның атауы оны құру туралы актімен белгіленеді. Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік органның деңгейін (республикалық, аймақтық, жергілікті), сондай-ақ қажет жағдайларда ведомстволық бағыныстылығын көрсетуді қамтуы тиіс.
Республикалыққа қызметі республиканың бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және өкілеттігі қолданылатын мемлекеттік органдар жатады.
Аймақтыққа қызметі екі және одан көп облыстардың аумағында жүзеге асырылатын және өкілеттігі қолданылатын мемлекеттік органдар жатады.
Жергіліктіге (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы немесе астанадағы, қалалық және т.б.) қызметі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асырылатын және өкілеттігі қолданылатын мемлекеттік орган жатады.
8. Мемлекеттік орган құру туралы шешім қабылдайтын Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің тұрғысында мемлекет мемлекеттік органның құрылтайшысы болып табылады.
Мемлекеттік органды құру туралы акті мен ол туралы Ереже мемлекеттік органның құрылтай құжаттары болып табылады.
9. Мемлекеттік органның қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттік атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдарға бұл органдардың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасасуға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік органға заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
2. Мемлекеттік органның функциялары, негізгі
міндеттері мен құқықтары
10. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген функцияларды жүзеге асырады (міндеттерді атқарады).
11. Мемлекеттік органның негізгі міндеттері:
1) егер мемлекеттік органның қызметі осындай актілермен реттелген жағдайда Қазақстан Республикасының заң актілерінде;
2) мемлекеттік органды құру туралы актіде;
3) мемлекеттік орган туралы ережеде белгіленген міндеттер болып табылады.
12. Мемлекеттік органның құқықтарымен заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік органның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құқықтар белгіленеді.
3. Мемлекеттік органның мүлкі
13. Мемлекеттік органның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Мемлекеттік органның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік органның баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Республикалық мемлекеттік органға бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Мемлекеттік органға бекітіліп берілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүлкі есебінен құрылған мүлік коммуналдық меншікке жатады.
15. Мемлекеттік органның өзіне бекітілген мүлік пен қаражатты дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Мемлекеттік органға мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдарда мемлекеттік орган билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
16. Мемлекеттік органды мемлекеттің тиісті лауазымды тұлғасы немесе мемлекеттік орган қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші басшы басқарады.
Мемлекеттік органның бірінші басшысының заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болады.
17. Мемлекеттік органның бірінші басшысы мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
18. Бірінші басшы осы мақсатта:
1) өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
2) заңдарға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттік орган бекітетін лауазымдардың номенклатурасына) сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) мемлекеттік органның актілеріне қол қояды;
5) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік органды білдіреді;
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Егер мемлекеттік органға заңдарға сәйкес алқасы болу құқығы берілсе, онда ол консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылады.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
20. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 12 ақпандағы
N 119 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің
Үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. __________________ мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) заңды тұлғаның мәртебесіне ие, ______________ функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған, мекеменің ұйымдастырушылық- құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1.2. Мемлекеттік мекемені ___ жылғы "__"___________________ құрды.
1.3. Мемлекеттік орган құру туралы шешім қабылдайтын Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің тұрғысында мемлекет мемлекеттік органның құрылтайшысы болып табылады.
_____________________ мемлекеттік мекемені мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
1.4. Мемлекеттік мекеменің толық атауы ____________________.
1.5. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері ________________.
2. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
2.1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.
2.2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртаңбалары болады.
2.3. Мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанда басқа заңды тұлға құра, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
2.4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша ________________ жауаптылықта болады.
2.5. Мемлекеттік мекеме жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркеуге жатады.
Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде болады.
3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері
3.1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты ________________________ болып табылады.
3.2. Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін:
3.2.1 ______________________;
3.2.2 ______________________;
3.2.3 ______________________ жүзеге асырады.
3.3. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
4. Мемлекеттік мекемені басқару
4.1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды заңдарға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.
4.2. Уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
4.2.1. Мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді.
4.2.2. Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді.
4.2.3. Мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
4.2.4. Мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
4.2.5. Мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді.
4.2.6. Мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздемесін белгілейді.
4.2.7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді.
4.2.8. Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4.2.9. Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді.
4.2.10. Заңдарда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4.3. Мемлекеттік мекеменің басшысын заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4.4. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
4.5. Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.
4.6. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:
4.6.1. Мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді.
4.6.2. Барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді.
4.6.3. Заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді.
4.6.4. Шарттар жасасады.
4.6.5. Сенімхаттар береді.
4.6.6. Мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді.
4.6.7. Банктік шоттар ашады.
4.6.8. Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
4.6.9. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті орган тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.
4.6.10. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады.
4.6.11. Өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді.
4.6.12. Өзіне заңдарда, осы Жарғыда жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру мен
қызметін қаржыландырудың тәртібі
5.1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
5.2. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі болады және __________ меншікке жатады.
5.3. Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.
5.4. Мемлекеттік мекеменің қызметі қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.
5.5. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.
5.6. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
6.1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің
басшысы ________________
(қолы)