Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын республикалық бағдарламаларды орындайтын, сондай-ақ
заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркеуге жататын
мекемелердің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" деген тарау
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3 және 4 жолдармен толықтырылсын:
"3. Шаруашылық басқармасы
4. Медициналық орталық".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Орынбекова Д.