Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.21. N 288 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарлама бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылсын.
      3. Мыналар:
      1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлар мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже;
      2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі құрамы бекітілсін.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың әкімдері облыстық, қалалық және аудандық ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңестерін құрсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің            
1999 жылғы 9 наурыздағы     
N 215 қаулысымен         
бекітілген             

           Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының
          туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын
          алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003
                   жылдар кезеңіне арналған
                            Бағдарлама
 

                              1. Негіздеме

     Республикада мал шаруашылығын табысты дамыту мен адамдардың науқастануын болдырмаудың маңызды шарттарының бірі жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының алдын алу және оларды жою болып табылады.
      Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының жұқпалы ауруларының арасында туберкулез бен бруцеллез едәуір экономикалық залал келтіретін және адамдардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін болғандықтан ерекше орын алады.
      Осыған байланысты республикада ғылыми негізделген және экономикалық жағынан ұтымды әзірленген ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарламаның (бұдан әрі - Бағдарлама) негізінде туберкулез бен бруцеллезді түбірінен жоюдың қажеттілігі пайда болды.
      Бағдарламаны іске асыру туберкулезбен және бруцеллезбен ауыратын ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын бөлуді болдырмаудың, диагностикалық зерттеулердің қайталануын қысқартудың, сондай-ақ мал дәрігерлік-санитарлық іс-шаралардың (сүтті пастеризациялау, сыртқы объектілерді залалсыздандыру және т.б.) көлемін азайтудың нәтижесінде орын алған тікелей және жанама экономикалық зияндарды қысқартуды қамтамасыз етеді.
      Осы Бағдарлама тұжырымдамалық құжат болып табылады және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезіне қарсы жүргізілетін іс-шаралар үшін негіз болады.

                   2. Мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның негізгі мақсаты - ол бірінші кезеңде туберкулезбен және бруцеллезбен ауруды және оның таралуын төмендету, ал одан кейін бұл инфекцияларды түбірінен жою, сондай-ақ жануарлар мен құстардың санын сақтау, алынатын өнімдердің өнімділігі мен сапасын арттыру және халықты туберкулез бен бруцеллезді қоздырушылармен зақымданудан қорғау.
      Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мына міндеттерді:
      ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жүйесін жетілдіруді;
      аймақтық эпизоотологияны зерделеуді, жоғарыда аталған инфекциялар диагностикасының, олардың алдын алудың және оларға қарсы күрестің әдістері мен құралдарын жетілдіруді;
      мал дәрігерлігі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жақсартуға, оларды қажетті лабораториялық жабдықтармен, қазіргі заманғы реактивтермен және диагностикалық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесуді;
      мал дәрігерлігі қызметін қажетті ветбиопрепараттармен және дезинфекциялаушы құралдармен қамтамасыз етуді;
      ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты іске асыру көзделіп отыр.

           3. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының
                туберкулезбен және бруцеллезбен ауруына
                   қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар

      Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдерімен бірлесіп 1999-2003 жылдары 173 зардапты ошақтар пункттерінде мүйізді ірі қара малды туберкулезден және бруцеллезден сауықтыруға бағытталған ұйымдастырушылық- шаруашылық, арнаулы мал дәрігерлік, санитарлық және басқа да іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлейді.
      Бұл мақсат үшін:
      туберкулезбен және бруцеллезбен ауыратын жануарлар мен құстарды уақытылы анықтауды және союға өткізуді қамтамасыз ету;
      туберкулезбен және бруцеллезбен ауыратын жануарлар мен құстарды оқшаулау кезіндегі өтемақыны жергілікті бюджеттің қаражаты мен ауыл шаруашылығы сақтандыру органдарының жануарлар мен құстарды сақтандыруға арналған шартында көзделген қаражатының есебінен жүзеге асыру;
      бағдарламалық және балама диагностикалық тексерулерді, сондай-ақ дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржы қаражатының қажетті көлемін бөлу және жануарлар мен құстар иелерінің қаражатын тарту;
      мал дәрігерлігі практикасына жануарлар мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің диагностикасы мен олардың алдын алудың жаңа жоғары тиімді құралдары мен әдістерін енгізу;
     ведомстволық және жеке кәсіпкерлік мал дәрігерлігі қызметтерінің ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын орындауына қатаң бақылау орнату;
     инфекциялардың берілу жолдары туралы және жануарлар мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу шаралары туралы плакаттар шығаруды қамтамасыз ету;
     жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуді ұйымдастыру қажет.    

        4. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының
        туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын
       алу жөніндегі арнаулы мал дәрігерлігі іс-шаралары

      Мал дәрігерлігі заңдарына сәйкес арнаулы мал дәрігерлігі іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету.
     Сыртқы ортадағы қоздырғышты жою және инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі барлық мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың орындалуын ұйымдастыру.
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі осы іс-шараларды атқарушылар болып табылады.    

          5. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының
      туберкулезі мен бруцеллезі жөніндегі ғылыми-зерттеу
                          жұмысы

      Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының арасындағы туберкулез бен бруцеллезді жою мақсатында;
      жүзеге асырылатын сауықтыру іс-шараларының тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру;
      туберкулез бер бруцеллез бойынша отандық диагностикалық, алдын алу препараттары мен дезинфекциялау құралдарын сериялық өндіруді әзірлеу мен ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мал дәрігерлігі практикасына енгізу;
      жыл сайын түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде алынған нәтижелер мен аймақтық эпизоотологияның ерекшеліктерін ескере отырып туберкулез бен бруцеллезге қарсы күресудің іс-шаралары мен әдістерін әзірлеу.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал дәрігерлігі комитеті, Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Алматы биокомбинаты және Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты аталған тараудың атқарушылары болып табылады.

         6. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының
      туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және
       оған қарсы күрес жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

     Шектес және басқа да шетелдік мемлекеттердің мал дәрігерлігі мекемелерімен мына:
      ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезі проблемасына қатысты мәселелер бойынша келісімдер жасасу және халықаралық шарттарды іске асыруға қатысу;
      халықаралық ұйымдардың аймақта және тұтастай алғанда дүниежүзінде ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезі бойынша эпизоотикалық қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмысына қатысу бағыттары бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері жөнінде халықаралық байланыстарды дамыту көзделіп отыр.

      7. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының
     туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу
      және оған қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар
           кезеңіне арналған қаржы шығындары

Жылдар|Мүйізді ірі    |Қойлар мен  | Құстар   | Жануарлардың барлық түріне
      |қара мал       | ешкілер    |          |жалпы сомасы (млн. теңге)

___________________________________________________________________________
|      |жалпы сомасы   |жалпы сомасы|жалпы сомасы|                        
|      |(млн.теңге)    |(млн. теңге)|(млн. теңге)|
|______|_______________|____________|____________|_________________________
|1999  |    36,12      |     9,1    |    0,8     |          46,02
|2000  |    35,0       |     8,7    |    0,6     |          44,3
|2001  |    32,0       |     6,0    |    0,7     |          38,7
|2002  |    29,0       |     5,3    |    0,5     |          34,8
|2003  |    28,4       |     3,3    |    0,8     |          32,5
|5жылға|    160,52     |    32,4    |    3,4     |          196,32
|______|_______________|____________|____________|_________________________
 
        Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет пен заң актілерінде тиым салынбаған басқа да көздердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Құстардың туберкулезінің алдын алуға арналған қаржы шығындары көрсетілген кезеңде республикалық бюджеттің есебінен, сондай-ақ келісім бойынша құстардың туберкулезі жөніндегі эпизоотикалық ахуал ескеріле отырып құс фабрикалары иелерінің есебінен жүзеге асырылады.
      Құс фабрикаларының иелері, облыстық мал дәрігерлігі комитеттері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал дәрігерлік қадағалау комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған тарауды атқарушылар болып табылады.

      Аймақтық мал дәрігерлігі органдарының ауыл шаруашылығы құралымдарының барлық нысандарын ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын туберкулез бен бруцеллезден сауықтыруының 1999-2003 жылдарға арналған
Жоспары

___________________________________________________________________________
|Облыстардың         |МІМ бруцеллезі мен туберкулезі(пункт)
|   атауы            |
|                    |_____________________________________________________
|                    | 1999   | 2000   | 2001   | 2002   |  2003 |1999-2003
|                    |________|________|________|________|_______|_________
|                    |бру|туб |бру|туб |бру|туб |бру| туб|бру|туб|бру| туб |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|1.Ақмола            | 4 | 4  | 4 | 4  | 4 | 4  | 2 |  2 | 1 | - | 15| 14  |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|2.Ақтөбе            | 3 | 2  | 3 | 2  | 2 | -  | - | -  | - | - | 8 |  4
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|3. Алматы           | 1 | 1  | - | -  | - | -  | - | -  | - | - | 1 |  1
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|4. Атырау           | - | -  | - | -  | - | -  | - | -  | - | - | - |  -
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|5. Шығыс Қазақстан  | 3 | -  | 3 | -  | 3 | -  | 2 | -  | - | - | 11|  -
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|6. Жамбыл           | 1 | -  | - | -  | - | -  | - | -  | - | - | 1 |  -
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|7. Батыс Қазақстан  | 9 | 3  | 8 | -  | 7 | -  | 7 | -  | 8 | - | 39|  3
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|8. Қарағанды        | 5 | 3  | 4 | 3  | 3 | 1  | 2 | -  | - | - | 14|  7
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|9. Қызылорда        | 3 | -  | - | -  | - | -  | - | -  | - | - | 3 |  -  |____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|10. Қостанай        | 6 | 6  | 6 | 6  | 5 | 5  | 2 | -  | - | - | 19|  17
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|11. Маңғыстау       | - | -  | - | -  | - | -  | - | -  | - | - | - |  -
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|12. Павлодар        | 2 | 4  | - | 3  | - | 1  | - | -  | - | - | 2 |  8
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|13. Солтүстік       | 2 | 2  | - | 2  | - | -  | - | -  | - | - | 2 |  4
|Қазақстан           |   |    |   |    |   |    |   |    |   |   |   |    
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|___|_____
|14. Оңтүстік        | - | -  | - | -  | - | -  | - | -  | - | - | - |  -
| Қазақстан          |   |    |   |    |   |    |   |    |   |   |   |    ___________________________________________________________________________
|Жиыны:              | 39| 25 |28 | 20 | 24| 11 | 15| 2  | 9 | - | 115| 58
|____________________|___|____|___|____|___|____|___|____|___|___|____|____
     таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
|Облыстардың         |Қойлардың бруцеллезі (пункт)
|   атауы            |
|                    |_____________________________________________________
|                    | 1999   | 2000   | 2001   | 2002   |  2003 |1999-2003
|____________________|________|________|________|________|_______|_________
|1.Ақмола            |   1    |    -   |   -    |   -    |    -  |    1
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|2.Ақтөбе            |   -    |    -   |   -    |   -    |   -   |    -
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|3.Алматы            |   -    |    -   |   -    |   -    |   -   |    -
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|4. Атырау           |   -    |    -   |   -    |   -    |   -   |    -
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|5. Шығыс Қазақстан  |   3    |    2   |   -    |   -    |   -   |    5
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|6. Жамбыл           |   2    |    -   |   -    |   -    |   -   |    2
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|7. Батыс Қазақстан  |   4    |    4   |   4    |   3    |   -   |    15 |____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|8. Қарағанды        |   4    |    4   |   1    |   -    |   -   |     9
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|9. Қызылорда        |   -    |   -    |   -    |   -    |   -   |     -
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|10. Қостанай        |   -    |   -    |   -    |   -    |   -   |     -
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|11. Маңғыстау       |   -    |   -    |   -    |   -    |   -   |     -
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|12. Павлодар        |   1    |   -    |   -    |   -    |   -   |     -
|____________________|_______ |_______ |_______ |_______ |______ |_________
|13. Солтүстік       |   -    |   -    |   -    |   -    |   -   |     -
|Қазақстан           |        |        |        |        |       |        
|____________________|_______ |______  |_______ |_______ |______ |_________
|14. Оңтүстік        |   -    |   -    |   -    |   -    |   -   |     -
|Қазақстан           |        |        |        |        |       |        
___________________________________________________________________________
|Жиыны:              |   15   |   10   |   5    |   3    |   -   |   33
|____________________|_______ |_______ |_______ |________|_______|_________
     Ескертпе: Республикалық барлық құс фабрикаларының құстардың
               туберкулезі бойынша жағдайы жақсы.

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің             
1999 жылғы 9 наурыздағы       
N 215 қаулысына           
1-қосымша               

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
          Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының
        туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын
        алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру
                       кеңесі туралы
                           Ереже

     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңесуші орган болып табылады.
      2. Кеңестің құрамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерінен 9 адамнан тұрады.
      3. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      4. Жануарлар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауруына қарсы күрес жөніндегі Кеңес:
      орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мал дәрігерлігі-денсаулық сақтау ұйымдарының ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алуды және оған қарсы күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге қатысады;
      жануарлар мен құстардың инфекцияларына қарсы күрестің құралдары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныс әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      5. Кеңестің белгіленген тәртіппен:
      министрліктерден, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардан олардың ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алуға және оған қарсы күресуге байланысты қызметін көрсететін деректер сұратуға және алуға;
      министрліктерге, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарға, ведомстволарға және меншік нысандарына қарамастан ұйымдарға жануарлар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асыруға ұсыным жасауға;
      өзінің отырысында министрліктердің, өзге де орталық жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардың жануарлар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі ақпаратын тыңдауға;
      министрліктерге, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволарға ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алуды және оларға қарсы күресті қамтамасыз етпеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларын тәртіптік жауапқа тартуға ұсыным жасауға құқығы бар.
      6. Кеңестің отырысы тоқсан сайын жүргізіледі. Жұмыс жоспары Кеңестің отырысында бекітіледі. Кеңестің шешімі көпшілік ашық дауыспен қабылданады және хаттамалық шешім түрінде ресімделеді.
      7. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанынан осындай функциялары бар, жануарлар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауруына қарсы күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестер құрылады.

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің            
1999 жылғы 9 наурыздағы      
N 215 қаулысына          
2-қосымша             

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
      Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының
     туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын
   алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің
                     Құрамы

     Есімов                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Ахметжан Смағұлұлы        шаруашылығы министрі, төраға

     Кесікбаев               - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Сұлтанғали Қабденұлы      министрлігі Мемлекеттік органдарды
                               қаржыландыру департаментінің
                               директоры

     Омаров                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Жанай Сейітжанұлы         ақпарат және қоғамдық келісім
                               министрлігі Бұқаралық ақпарат
                               құралдары департаментінің
                               директоры

     Талқымбаев              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
     Әнуар Қазиханұлы          сақтау министрлігі Санитарлық-
                               эпидемиологиялық қызмет және
                               функционалдық қамтамасыз ету
                               департаментінің директоры

     Рақышев                 - Қазақстан Республикасының Туберкулез
     Ғалымжан Боранқұлұлы      проблемалары жөніндегі ұлттық
                               орталығының туберкулез ғылыми-зерттеу
                               институтының директоры (келісім
                               бойынша)

     Нұрқиянов Төлеухан      - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Мұратханұлы               шаруашылығы вице-министрі, төрағаның
                               орынбасары

     Тұрсынқұлов             - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Шахайдар                  шаруашылығы министрлігі Мал
     Жорабекұлы                дәрігерлік қадағалау
                               департаментінің директоры, төрағаның
                               орынбасары

     Иванов                  - Қазақ мемлекеттік аграрлық
     Николай Петрович          университетінің
                               эпизоотология және жұқпалы аурулар
                               кафедрасының профессоры, Алматы
                               қаласы (келісім бойынша)

     Керімжанова Бақытжан    - Қазақ мал дәрігерлігі
     Фазылжанқызы              ғылыми-зерттеу институты ауыл
                               шаруашылығы жануарлары мен
                               құстарының туберкулезін зерделеу
                               жөніндегі лабораториясының
                               меңгерушісі

     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.09. N 1886 қаулысымен.
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.29. N 1546 қаулысымен.

Об утверждении Программы по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц на период 1999 - 2003 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 1999 года № 215. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 21 марта 2003 г. N 288

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемую Программу по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц на период 1999 - 2003 годы.
      2. Образовать Координационный совет по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц при Правительстве Республики Казахстан.
      3. Утвердить:
      1) Положение о Координационном совете по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц при Правительстве Республики Казахстан согласно приложению 1;
      2) состав Координационного совета по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц при Правительстве Республики Казахстан согласно приложению 2.
      4. Акимам областей, городов Астаны и Алматы, районов создать областные, городские и районные координационные советы по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
   Республики Казахстан

                                                 Утверждена
                                        постановлением Правительства
                                            Республики Казахстан
                                        от 9 марта 1999 года № 215

Программа
по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом
сельскохозяйственных животных и птиц на период 1999 - 2003 годы

                                  1. Обоснование

      Одним из важнейших условий успешного развития животноводства республики и предохранения заболевания людей является профилактика и ликвидация инфекционных животных и птиц.
      Среди инфекционных болезней сельскохозяйственных животных и птиц туберкулез и бруцеллез занимает особое место, так как наносят значительный экономический ущерб и представляют серьезную опасность для здоровья людей.
      В этой связи возникла необходимость искоренения туберкулеза и бруцеллеза в республике на основе научно-обоснованной и экономически рационально разработанной Программы профилактики и борьбы с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц на период 1999 - 2003 годы (далее - Программа).
      Реализация Программы обеспечит сокращение имеющихся прямых и косвенных экономических потерь в результате предотвращения выделения больных туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц, сокращением кратности диагностических исследований, а также уменьшением объемов ветеринарно-санитарных мероприятий (пастеризация молока, обеззараживание внешних объектов и т.д.).
      Настоящая Программа является концептуальным документом и служит основой для мероприятий, проводимых против туберкулеза и бруцеллеза сельскохозяйственных животных и птиц.

                            2. Цель и задачи

      Основная цель Программы - это на первом этапе снижение заболеваемости и распространения туберкулеза и бруцеллеза, а затем искоренение этих инфекций, а также сохранение поголовья животных и птиц, повышение продуктивности и качества получаемой продукции и защита населения от заражения возбудителями туберкулеза и бруцеллеза.
      Для достижения поставленной цели предусмотрена реализация следующих задач:
      совершенствование системы мероприятий по борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц;
      изучение краевой эпизоотологии, совершенствование методов и средств диагностики, профилактики и борьбы с вышеназванными инфекциями;
      оказание содействия укреплению и улучшению материально- технической базы ветеринарных организаций, обеспечению их необходимым лабораторным оборудованием, современными реактивами и диагностическими средствами;
      обеспечение ветеринарной службы необходимыми ветбиопрепаратами и дезинфицирующими средствами;
      международное сотрудничество по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц.

3. Мероприятия по борьбе с туберкулезом и бруцеллезом
сельскохозяйственных животных и птиц

      Министерство сельского хозяйства совместно с акимами областей разрабатывает комплексный план организационно-хозяйственных, специальных ветеринарных, санитарных и других мероприятий, направленных на оздоровление в 1999 - 2003 годах от туберкулеза и бруцеллеза крупного рогатого скота.
      Для этих целей необходимо:
      обеспечить своевременное выявление и сдачу на убой больных туберкулезом и бруцеллезом животных и птиц;
      компенсацию при отчуждении животных и птиц, больных туберкулезом и бруцеллезом, осуществлять за счет средств местного бюджета и средств сельскохозяйственных страховых органов, предусмотренных договором на страхование животных и птиц;
      выделить необходимый объем финансовых средств из республиканского и местных бюджетов, а также, привлечь средства владельцев животных и птиц для обеспечения проведения программных и альтернативных диагностических тестов и дезинфекционных мероприятий;
      внедрить в ветеринарную практику новые высокоэффективные средства и методы диагностики и профилактики туберкулеза и бруцеллеза животных и птиц;
      установить строгий контроль за выполнением требований инструкции по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц ведомственными и частно-предпринимательскими ветеринарными службами;
      обеспечить выпуск плакатов о путях передачи инфекции и о мерах профилактики туберкулеза и бруцеллеза животных и птиц;
      систематически организовывать выступления в средствах массовой информации.

4. Специальные ветеринарные мероприятия
по профилактике заболевания сельскохозяйственных животных и
птиц туберкулезом и бруцеллезом

      Обеспечить проведение специальных ветеринарных мероприятий согласно ветеринарному законодательству.
      Организовать выполнение всех ветеринарно-санитарных мер по уничтожению возбудителя во внешней среде и предотвращению распространения инфекций.
      Исполнителями данных мероприятий являются Министерство сельского хозяйства, Министерство здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан.

5. Научно-исследовательская работа по туберкулезу и
бруцеллезу сельскохозяйственных животных и птиц

      В целях ликвидации туберкулеза и бруцеллеза среди сельскохозяйственных животных и птиц:
      изыскивать пути повышения эффективности осуществляемых оздоровительных мероприятий;
      разработать и организовать серийное производство отечественных диагностических, профилактических препаратов по туберкулезу и бруцеллезу и дезосредств, а также внедрить их в ветеринарную практику;
      ежегодно разрабатывать мероприятия и методы борьбы с туберкулезом и бруцеллезом с учетом полученных результатов в различных хозяйствующих субъектах и особенностей краевой эпизоотологии.
      Исполнителями данного раздела являются Комитет ветеринарии МСХ РК, Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт, Казахский государственный аграрный университет, Алматинский биокомбинат и Научно- исследовательский сельскохозяйственный институт.

6. Международное сотрудничество по профилактике и
борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных
и птиц

      Предполагается развитие международных связей с ветеринарными учреждениями сопредельных и других зарубежных государств по вопросам профилактики и борьбы с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц по следующим направлениям:
      заключение соглашений и участие в реализации международных договоров по вопросам, относящимся к проблеме туберкулеза и бруцеллеза сельскохозяйственных животных и птиц;
      участие в работе международных организаций по реализации международных проектов и программ, направленных на обеспечение эпизоотического благополучия по туберкулезу и бруцеллезу сельскохозяйственных животных и птиц в регионе и в мире в целом.

7. Финансовые затраты на профилактику и борьбу
с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц
на период 1999 - 2003 годы

Годы !Крупный рогатый скот!Овцы и козы !  Птицы  !На все виды животных!
-----------------------------------------------------------------------!
      !общая сумма (млн.   !общая сумма !общая сум!общая сумма (млн.   !
      ! тенге)             !(млн. тенге)!ма (млн. ! тенге)             !
      !                    !            !тенге)   !                    !
-----------------------------------------------------------------------!

_______________________________________________________________________
 
  1999  !       36,12        !    9,1     !   0,8   !       46,02        !

-----------------------------------------------------------------------!

2000  !       35,0         !    8,7     !   0,6   !       44,3         !

-----------------------------------------------------------------------!

2001  !       32,0         !    6,0     !   0,7   !       38,7         !

-----------------------------------------------------------------------!

2002  !       29,0         !    5,3     !   0,5   !       34,8         !

-----------------------------------------------------------------------!

2003  !       28,4         !    3,3     !   0,8   !       32,5         !

-----------------------------------------------------------------------!

на 5 !                    !            !         !                    !

лет  !      160,52        !    32,4    !   3,4   !      196,32        !

_______________________________________________________________________!
 

      Финансирование Программы осуществляется за счет средств республиканского бюджета и других источников, не запрещенных законодательством.
      Финансовые затраты для профилактики туберкулеза птиц в указанной период осуществляется за счет республиканского бюджета, а также по согласованию за счет собственников птицефабрик с учетом эпизоотической ситуации по туберкулезу птиц.
      Исполнителями данного раздела являются владельцы птицефабрик, областные комитеты ветеринарии, Комитет ветеринарного надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, Министерство финансов Республики Казахстан.

      План
оздоровления сельхозформирований всех форм собственности
от туберкулеза и бруцеллеза сельскохозяйственных животных
на 1999 - 2003 годы
 

      ______________________________________________________________________
Наименование !       Бруцеллез и туберкулез крс (пункт)              !
областей    !-------------------------------------------------------!
             ! 1999   !  2000  !  2001  !  2002  ! 2003   !1999-2003 !
             !        !----------------------------------------------!
             !бруц!туб!бруц!туб!бруц!туб!бруц!туб!бруц!туб!бруц!туб  !
---------------------------------------------------------------------!

1.Акмолинская    4   4   4    4    4   4   2    2    1  -    15   14

2.Актюбинская    3   2   3    2    2   -   -    -    -  -     8    4

3.Алматинская    1   1   -   -     -   -   -    -    -  -     1    1

4.Атырауская     -   -   -   -     -   -   -    -    -  -     -    -

5.В-Казахстанск  3   -   3   -     3   -   2    -    -  -     11   -

6.Жамбылская     1   -   -   -     -   -   -    -    -  -      1   -

7.З-Казахстанск  9   3   8   -     7   -   7    -    8  -     39   3

8.Карагандинская 5   3   4   3     3   1   2    -    -  -     14   7

9.Кызылординская 3   -   -   -     -   -   -    -    -  -      3   -

10.Костанайская  6   6   6   6     5   5   2    -    -  -     19   17

11.Мангистауская -   -   -   -     -   -   -    -    -  -      -   -

12.Павлодарская  2   4   -   3     -   1   -    -    -  -      2    8

13.С-Казахстанск 2   2   -   2     -   -   -    -    -  -      2    4

14.Ю-Казахстанск -   -   -   -     -   -   -    -    -  -     -    -

________________________________________________________________________

      Итого      39  25  28  20    24  11  15   2    9  -     115   58

продолжение таблицы (правая часть)
___________________________________
     Бруцеллез овец (пункт)        ! 
-----------------------------------!
1999!2000!2001!2002!2003!1999-2003 !
-----------------------------------!

1     -    -    -    -      1     !   

-     -    -    -    -      -     !

-     -    -    -    -      -     !

-     -    -    -    -      -     !

3     2    -    -    -      5     !

2     -    -    -    -      2     !

4     4    4    3    -      15    !

4     4    1    -    -      9     !

-     -    -    -    -      -     !

-     -    -    -    -      -     !

-     -    -    -    -      -     !

1     -    -    -    -      -     !

-     -    -    -    -      -     !

-     -    -    -    -      -     !

__________________________________ !

15   10    5    3    -      33   

          Примечание. Все птицефабрики в республике благополучны по туберкулезу птиц.                           

                                              Приложение 1
                                      к постановлению Правительства
                                          Республики Казахстан
                                       от 9 марта 1999 года № 215

Положение
о Координационном совете по профилактике и борьбе с туберкулезом
и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц при
Правительстве Республики Казахстан

      1. Координационный совет по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц при Правительстве Республики Казахстан (далее - Совет) является консультативно- совещательным органом.
      2. Состав Совета состоит из 9 человек из представителей Министерства сельского хозяйства, Министерства здравоохранения, образования и спорта, Министерства финансов, Министерства культуры информации и общественного согласия, Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.
      3. Персональный состав Совета утверждает Правительство Республики Казахстан.
      4. Совет по борьбе с туберкулезом и бруцеллезом животных и птиц:
      участвует в координации деятельности центральных и местных исполнительных органов, организаций ветеринарии, здравоохранения по вопросам организации профилактики и борьбы с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц;
      разрабатывает и вносит в Правительство Республики Казахстан предложения по совершенствованию средств и методов борьбы с инфекциями животных и птиц.
      5. Совет имеет право в установленном порядке:
      запрашивать и получать от министерств, иных центральных местных исполнительных органов и ведомств данные, отражающие их деятельность, связанную с профилактикой и борьбой с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц;
      рекомендовать осуществление проверок в министерствах, иных центральных и местных исполнительных органах, ведомствах и в организациях, независимо от формы собственности, по вопросам профилактики и борьбы с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц;
      заслушивать на своих заседаниях информацию министерств, иных центральных и местных исполнительных органов и ведомств по вопросам профилактики и борьбы с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц;
      рекомендовать министерствам, иным центральным и местным исполнительным органам и ведомствам привлекать к дисциплинарной ответственности руководителей хозяйствующих субъектов, не обеспечивающих профилактику и борьбу с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц.
      6. Заседания Совета проводятся ежеквартально. План работы утверждается на заседаниях Совета. Решение Совета принимается большинством открытого голосования и оформляется в виде протокольного решения.
      7. При акимах областей, городов Астаны и Алматы, районов создаются с аналогичными функциями областные, городские, районные советы по борьбе с туберкулезом и бруцеллезом животных и птиц.

                                              Приложение 2
                                     к постановлению Правительства
                                          Республики Казахстан
                                       от 9 марта 1999 года № 215

Состав
Координационного совета по профилактике и борьбе с
туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц
при Правительстве Республики Казахстан

     Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 9 декабря 1999 г. N 1886   P991886_   ; от 29 ноября 2001 г. N 1546   Р011546_

       Есимов                - Министр сельского хозяйства Республики

Ахметжан Смагулович     Казахстан, председатель    

Нуркиянов Толеухан    - вице-Министр сельского            

Муратханович            хозяйства Республики Казахстан,

                        заместитель председателя

Турсункулов Шахайдар  - директор Департамента

Жорабекович             ветеринарного надзора Министерства

                        сельского хозяйства Республики

                        Казахстан, заместитель председателя     

Кесикбаев             - директор Департамента финансирования

Султангали Кабденович   государственных органов Министерства
                        финансов Республики Казахстан

Омаров                - директор Департамента средств массовой
Жанай Сейтжанович       информации Министерства культуры,
                        информации и общественного согласия
                        Республики Казахстан

Талкимбаев            - директор Департамента санитарно-
Ануар Казиханович       эпидемиологической службы и функционального
                        обеспечения Министерства здравоохранения
                        Республики Казахстан

Ракишев               - директор научно-исследовательского института
Галымжан Боранкулович   туберкулеза Национального центра по
                        проблемам туберкулеза Республики Казахстан
                        (по согласованию)

Иванов                - профессор кафедры эпизоотологии и заразных
Николай Петрович        болезней Казахского государственного
                        аграрного университета, город Алматы (по
                        согласованию)

Керимжанова           - заведующая лабораторией по изучению
Бахытжан Фазылжановна   туберкулеза сельскохозяйственных
                        животных и птиц Казахского научно-
                        исследовательского ветеринарного института