Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республиксы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 қараша N 1546. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.21. N 288 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 60-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

     Есімов                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Ахметжан Смағұлұлы        шаруашылығы министрі, төраға

     Кесікбаев               - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Сұлтанғали Қабденұлы      министрлігі Мемлекеттік органдарды
                               қаржыландыру департаментінің
                               директоры

     Омаров                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
     Жанай Сейітжанұлы         ақпарат және қоғамдық келісім
                               министрлігі Бұқаралық ақпарат
                               құралдары департаментінің директоры

     Талқымбаев              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
     Әнуар Қазиханұлы          сақтау министрлігі Санитарлық-
                               эпидемиологиялық қызмет және
                               функционалдық қамтамасыз ету
                               департаментінің директоры

     Рақышев                 - Қазақстан Республикасының Туберкулез
     Ғалымжан Боранқұлұлы      проблемалары жөніндегі ұлттық
                               орталығының туберкулез ғылыми-зерттеу
                               институтының директоры (келісім
                               бойынша);

     көрсетілген құрамнан:
     Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Еркін Ермекұлы Дүрімбетов, Елена
Леонидовна Бахмутова, Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов, Шахмұрат Шайымұлы Исмайылов шығарылсын;

     "Иванов                 - Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық
     Николай Петрович          институтының ауыл шаруашылығы
                               жануарларының бруцеллезін зерттеу
                               жөніндегі зертханасының бас ғылыми
                               қызметкері (келісім бойынша)"

     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

     "Иванов                 - Қазақ мемлекеттік аграрлық
     Николай Петрович          университетінің эпизоотология және
                               жұқпалы аурулар кафедрасының
                               профессоры, Алматы қаласы
                               (келісім бойынша)".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады