Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 1999 жылғы 10 наурыз N 218

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 23 қарашадағы N 4154 орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі жұмысын бақылайтын және тексеретiн консультативтік-кеңесші органдар - тәртіптік кеңестер құрсын;
      2) тәртіптік кеңестер туралы ережелерді бекітсін және олардың құрамдарын қалыптастырсын;
      3) тәртіптік кеңестердің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      2.<*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.12.13. N 1311 қаулысымен.
      3. "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы тәртіптік кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1547 қаулысының күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 48, 448-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
10 наурыздағы   
N 218 қаулысымен 
бекітілген  

Облыстың, Астана және Алматы қалаларының
тәртіптік кеңестері туралы
Үлгі ереже

      Осы Үлгі ереже облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңесінің мәртебесін, өкілеттіктерін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.

      1. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, оның жұмысын мемлекеттiк тәртiптi нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мәселелерiн қарайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгі (бұдан әрi - Агенттiк) бақылайды және тексередi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, осы Yлгi ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтiлiк пен әдiлдiк қағидаттарын басшылыққа алады.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      3. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) D және Е санаттары тобындағы әкімшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi, қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiн, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарды, өзге де адамдарды және оларға теңестiрiлген адамдарды жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау органдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына жол берген өзге де ұйымдарда тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсынымдарды тиiсiнше облыстың, Астана және Алматы қалаларының, өзге де әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң, жергілiктi атқарушы, құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдар басшыларының қарауына енгiзу.
      2) <*>
      3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегінде мемлекеттiк тәртiптi нығайту осы тармақтың 1) тармақшасында санамаланған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауы жөнiнде әкiмге және жергіліктi атқарушы және құқық қорғау органдарының басшыларына арналған ұсыныстар әзiрлеу;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды, бұзу фактілері туралы азаматтардың арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, сондай-ақ өзге де көздерден алынған ақпаратты қарау;
      5) Агенттікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тәртіпті нығайтуға және бағытталған ұсыныстар енгізу;
      6) Агенттiктiң тапсырмасы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiптiк iстерiн қарау үшiн тексерулер өткiзу және материалдар дайындау.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      4. Кеңесті әкім құрады, ол төрағадан және мәслихат депутаттары мен жергілікті жұртшылықтың беделді өкілдері болып табылатын 6 Кеңес мүшесінен тұрады.
      Кеңес төрағасын Агенттік төрағасының келісімімен әкім қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ол облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасары лауазымына теңестіріледі.
      Кеңестің хатшылығы - оның жұмысшы органы болып табылады, ол әкім аппараты қызметкерлерінің жалпы санының есебінен құрылады. Хатшылықтың санын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасының ұсынуы бойынша әкім белгілейді.
      Хатшылық қызметкерлерін тиісті Кеңес төрағасының келісімімен әкім қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Кеңестің төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
      Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      5. Кеңес төрағасы:
      1) әкімнің қарауына Кеңестің жеке құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді, Кеңес хатшылығының аппаратын қалыптастырады;
      2) Кеңес қызметіне басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      3) Кеңес отырыстарының күн тәртіптерін белгілейді;
      4) Кеңес отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді. Кеңес төрағасы болмаған кезде оның тапсыруымен отырыстарда Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
      5) Кеңес мүшелерінің арасынан Кеңес отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
      6) Агенттіктің алдында кеңес жұмысының нәтижелері туралы, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар туралы ай сайын есеп беріп отырады;
      7) жарты жылда бір рет Кеңес жұмысының нәтижелері туралы әкімді хабардар етеді;
      8) Кеңестің бекітуіне Агенттікпен келісілген өз жұмысының Регламентін ұсынады;
      8-1) Агенттiктiң мемлекеттік қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты мәселелер жөнiндегі тапсырмаларын орындайды;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      6. Кеңес отырыстары:
      1) егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды болып есептеледі;
      2) қажеттігіне қарай, бірақ екі айда бір реттен сиретпей өткізіледі;
      3) ашық өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер мәселелерді қарау мемлекеттік құпияларға қатысты болса, Кеңес төрағасының шешімімен және Агенттiкпен келiсiм бойынша жабық өткізілуі мүмкін.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      7. Кеңес шешімдерді қатысып отырған Кеңес мүшелердің қарапайым көпшілік даусымен қабылдайды. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      8. Кеңес өз құзыретінің шегінде:
      1) өз отырыстарында жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау органдарының, олардың бөлімшелерінің және мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
      2) жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан өзінің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
      3) мемлекеттік қызметтегі немесе мемлекеттік функцияларды атқаратын тиісті лауазымды адамдардан ауызша және жазбаша түсініктемелер талап етуге;
      4) жергіліктi мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларынан лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактiлерi бойынша тексерiстер мен қызметтiк тергеулердi өткiзудi талап ету;
      5) тексерулерге қатысу және қорытындылар беру үшін беделді, кәсіби даярлығы бар жергілікті жұртшылық өкілдерін, мемлекеттік органдар қызметкерлерін штаттан тыс инспекторлар, сарапшылар және мамандар ретінде тартуға құқылы;
      6) Агенттiктiң аумақтық органдарымен сыбайлас жемқорлық терiс қылықтарын қарау мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асыру.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      9. Кеңес жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдарда қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiне; D және Е санаттары тобындағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ лауазымды адамдарға мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттiк берiлген өзге де адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға қатысты тәртiптiк iстердi қарайды.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      10. Кеңес Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мүшелерінің, Кеңес хатшылығы қызметкерлерінің тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауы не оны жүргізудің қорытындылары туралы Кеңес алдында міндетті есеп беруді жүктеп, уәкілетті органға немесе лауазымды адамға тапсыруы мүмкін.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      11. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік іс, ол іс жүргізуге қабылданған күннен бастап үш апта мерзім ішінде Кеңесте қаралуға тиіс.
      Тәртіптік істі қозғауға және оны Кеңес отырысында қарауға дейін іске қатысты жағдайлар мен мәліметтерге алдын-ала екi апталық мерзімде тексеру жүргізіледі, тәртіптік жауапқа тартылып отырған адамнан жазбаша түсініктеме алынады, ал Кеңес отырысында тәртіптік істің қаралуы, әдетте, оның қатысуымен өтеді.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      12. Тәртіптік істі қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мына шешімдердің біреуін шығаруы мүмкін:
      1) әкімге, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, мәслихат аппаратының басшысына лауазымды адамға тиісті тәртіптік жаза қолдануды ұсыну;
      2) жергілiктi атқарушы немесе құқық қорғау органының басшысын, сондай-ақ оның орынбасарларын тәртіптік жауапқа тарту туралы жоғары тұрған органға ұсыныс жасау, Агенттікті хабардар ету;
      3) тәртіптік іс материалдарын, мәнісіне қарай шешім қабылдауы үшін, құзыретті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына жіберу;
      4) тәртіптік істі тоқтату.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      13. Мемлекеттік қызметші әрекеттерінде қылмыс белгілері болған жағдайда, бұл қызметшіні белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапқа тарту үшін, Кеңес тиісті құжаттар мен материалдарды облыстың, Астана және Алматы қалаларының прокурорына жібереді. Материалдар мен құжаттардың прокурорға жіберілгені туралы Кеңес Агенттікті хабардар етеді.
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      14. Кеңес қабылдаған шешіммен келіспеген мемлекеттік қызметші және осы Ереженiң 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген өзге де адамдар оған, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Агенттiкке немесе сотқа шағымдануға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысыме н.

      14-1. Мемлекеттiк қызметшi жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн оны тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы Кеңестiң шешiмiмен келiспеген жағдайда, ол Агенттiкке жазбаша түрде шағымдануға құқылы.
      Мемлекеттiк қызметшiнiң Кеңестiң шешiмiне шағымы ол келiп түскен сәттен бастап бiр айлық мерзiмде Агенттiктiң қарауына жатады.
      Мемлекеттiк қызметшiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша Агенттiк Кеңестiң шешiмiн бұзады, не шешiмдi өзгерiссiз қалдырады.
      ЕСКЕРТУ. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен .

      15. Кеңес қызметінің тәртібін, соның ішінде тәртіптік істерді қарау тәртібін тиісті Кеңестің Регламентінде белгіленеді.

      16. Кеңестің және оның хатшылығының қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық және ақпараттық-талдаулық қамтамасыз ету облыстың, Астана және Алматы қалаларының тиісті бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

О дисциплинарных советах областей, городов Астаны и Алматы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 марта 1999 года N 218

      Во исполнение распоряжения Президента Республики Казахстан от 23 ноября 1998 года № 4154 N984154_ "Некоторые вопросы Государственной комиссии Республики Казахстан по борьбе с коррупцией" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы:
      1) образовать консультативно-совещательные органы - дисциплинарные советы, контролирует и проверяет работу которых Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы;
      2) утвердить положения о дисциплинарных советах и сформировать их составы;
      3) решить вопросы информационно-аналитического, организационного и материально-технического обеспечения деятельности дисциплинарных советов.
       Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      2. (Пункт 2 утратил силу - постановлением ПРавительства РК от 13 декабря 2002 г. N 1311 )
      3. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 1997 года № 1547 P971547_ "Об утверждении Типового положения о дисциплинарном совете при акимах областей, городов Акмолы и Алматы" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 48, ст. 448).

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

Утверждено               
постановлением Правительства      
Республики Казахстан         
от 10 марта 1999 года № 218  P990218_

Типовое положение
о дисциплинарном совете области,
городов Астаны и Алматы

        Настоящее Типовое положение определяет статус, полномочия, организацию и порядок деятельности дисциплинарного совета области, городов Астаны и Алматы.
      1. Дисциплинарный совет областей, городов Астаны и Алматы (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом, контролирует и проверяет работу которых Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы (далее - Агентство), рассматривающее вопросы укрепления государственной дисциплины, исполнения антикоррупционного законодательства.
       Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      2. Совет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, настоящим Типовым положением и руководствуется принципами законности, объективности и справедливости.
       Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      3. Основными задачами Совета являются:
      1) внесение на рассмотрение акимов соответственно областей, городов Астаны и Алматы, иных административно-территориальных единиц, руководителей местных исполнительных, правоохранительных органов и иных организаций рекомендаций о привлечении к дисциплинарной ответственности административных государственных служащих группы категорий D и Е, акимов городов, районов, городов в районах и районов в городах, сел, сельских округов, поселков, аулов, должностных лиц, иных лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и лиц, приравненных к ним в местных исполнительных, правоохранительных органах и иных организациях, допустивших нарушения антикоррупционного законодательства.
      2) (исключен)
      3) выработка для акимов и руководителей местных исполнительных и правоохранительных органов рекомендаций и предложений по укреплению государственной дисциплины в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, соблюдению лицами, перечисленными в подпункте 1) настоящего пункта, требований антикоррупционного законодательства;
      4) рассмотрение обращений граждан, сообщений средств массовой информации, а также информации, полученной из иных источников, о фактах нарушения антикоррупционного законодательства;
      5) внесение на рассмотрение в Агентство предложений, направленных на повышение эффективности организации борьбы с коррупцией, укрепление государственной дисциплины.
      6) проведение проверок и подготовка материалов для рассмотрения дисциплинарных дел государственных служащих по поручению Агентства.
       Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      4. Совет образуется акимом и состоит из председателей и 6 членов Совета, которыми являются депутаты маслихатов и авторитетные представители местной общественности.
      Председатель Совета назначается на должность и освобождается от должности акимом по согласованию с Председателем Агентства и приравнивается к должности заместителя акима области, городов Астаны и Алматы.
      Рабочим органом Совета является его секретариат, который формируется за счет общей численности аппарата акима. Численность секретариата устанавливается акимом по предложению Председателя Агентства.
      Сотрудники секретариата назначаются на должности и освобождаются от должностей акимом по согласованию с председателем соответствующего Совета.
      Председатель Совета и сотрудники секретариата Совета являются государственными служащими.
      Члены Совета осуществляют свои обязанности на общественных началах.
       Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      5. Председатель Совета:
      1) вносит на рассмотрение акиму предложения по персональному составу Совета, формирует аппарат секретариата Совета;
      2) организует и осуществляет руководство деятельностью Совета;
      3) определяет повестки дня заседаний Совета;
      4) созывает заседания Совета и председательствует на них. В отсутствие председателя Совета по его поручению на заседаниях председательствует один из членов Совета;
      5) из числа членов Совета определяет докладчика по конкретному вопросу, рассматриваемому на заседании Совета;
      6) ежемесячно отчитывается перед Агентством об итогах работы Совета, в том числе о мерах, принятых по коррупционным правонарушениям, совершенным государственными служащими;
      7) раз в полугодие информирует акима об итогах работы Совета;
      8) представляет на утверждение Совета согласованный с Агентством Регламент его работы;
      8-1) выполняет поручения Агентства по вопросам, касающимся коррупционных правонарушений, совершенных государственными служащими;
      9) осуществляет иные полномочия, предоставленные ему законодательством Республики Казахстан.
       Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      6. Заседания Совета:
      1) считаются правомочными, если на них присутствуют не менее двух третей от общего числа членов Совета;
      2) проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в два месяца;
      3) проводятся открытыми, в случае необходимости, если рассмотрение вопросов затрагивает государственные секреты, по решению председателя Совета и по согласованию с Агентством, могут проводиться закрытыми.
       Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      7. Совет принимает решения простым большинством голосов от числа присутствующих на заседании членов Совета. При равенстве голосов, голос председательствующего является решающим.
      8. Совет в пределах своей компетенции вправе:
      1) заслушивать на своих заседаниях руководителей и должностных лиц местных исполнительных и правоохранительных органов, их подразделений и аппаратов маслихатов;
      2) запрашивать у местных исполнительных и территориальных государственных органов, аппаратов маслихатов, а также иных организаций необходимые для выполнения стоящих перед ним задач документы, материалы и информацию;
      3) затребовать устные и письменные объяснения у соответствующих должностных лиц, находящихся на государственной службе или выполняющих государственные функции;
      4) требовать от руководителей местных государственных органов, организаций проведения проверок и служебных расследований по фактам нарушения должностными лицами норм антикоррупционного законодательства;
      5) привлекать в качестве внештатных инспекторов, экспертов и специалистов для участия в проверках и дачи заключений авторитетных, профессионально подготовленных представителей местной общественности, работников государственных органов.
      6) осуществлять взаимодействие с территориальными органами Агентства по вопросам рассмотрения коррупционных проступков.
       Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      9. Совет рассматривает дисциплинарные дела в отношении акимов городов, районов, городов в районах и районов в городах, сел, сельских округов, поселков, аулов; административных государственных служащих группы категорий D и Е, а также должностных лиц, иных лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций и лиц, приравненных к ним, в местных исполнительных, правоохранительных органах и иных организациях.
       Сноска. Пункт 9 - в редакции постановления Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      10. По итогам рассмотрения поручений Агентства, обращений граждан и юридических лиц, а также сообщений средств массовой информации, Совет может принять решение о проведении проверки членами Совета, сотрудниками секретариата Совета либо поручить ее проведение уполномоченному органу или должностному лицу с обязательным отчетом перед Советом об итогах проверки.
       Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      11. Возбужденное председателем Совета дисциплинарное дело должно быть рассмотрено Советом в трехнедельный срок со дня его принятия к производству.
      До возбуждения дисциплинарного дела и рассмотрения его на заседании Совета предварительно в двухнедельный срок проводится проверка обстоятельств и сведений, имеющих отношение к делу, истребуется письменное объяснение лица, привлекаемого к дисциплинарной ответственности, а рассмотрение дисциплинарного дела на заседании Совета происходит, как правило, с его участием.
       Сноска. В пункт 11 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      12. По итогам рассмотрения дисциплинарного дела Совет может вынести одно из следующих решений;
      1) рекомендовать акиму, руководителю местного исполнительного и правоохранительного органа, аппарата маслихата наложить на должностное лицо соответствующее дисциплинарное взыскание;
      2) внести предложение в вышестоящий орган о привлечении к дисциплинарной ответственности руководителя местного исполнительного или правоохранительного органа, а также его заместителей, информируя об этом Агентство;
      3) направить материалы дисциплинарного дела на рассмотрение компетентного государственного органа или должностного лица для принятия решения по существу;
      4) прекратить дисциплинарное дело.
       Сноска. В пункт 12 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      13. При наличии в действиях государственного служащего признаков преступления, Совет направляет соответствующие документы и материалы прокурору области, городов Астаны и Алматы для решения вопроса о привлечении этого служащего в установленном порядке к уголовной ответственности. О направлении материалов и документов прокурору Совет информирует Агентство.
       Сноска. В пункт 13 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      14. Государственный служащий и иные лица, указанные в подпункте 1) пункта 3 настоящего Положения , не согласные с принятым Советом решением, вправе обжаловать его в соответствии с действующим законодательством в Агентство или в суд.
       Сноска. В пункт 14 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      14-1. В случае несогласия государственного служащего с решением Совета о привлечении его к дисциплинарной ответственности за совершенное коррупционное правонарушение, он вправе письменно обратиться в Агентство.
      Обращение государственного служащего на решение Совета подлежит рассмотрению Агентством в месячный срок с момента его поступления.
      По результатам рассмотрения обращения государственного служащего Агентство либо отменяет решение Совета, либо оставляет решение без изменения.
       Сноска. Дополнено пунктом 14-1 - постановлением Правительства РК от 8 февраля 2001 г. N 206 P010206_ .
      15. Порядок деятельности Совета, в том числе порядок рассмотрения дисциплинарных дел, определяется Регламентом соответствующего Совета.
      16. Материально-техническое, организационное и информационно-аналитическое обеспечение деятельности Совета и его секретариата осуществляется за счет средств соответствующего бюджета области, городов Астаны и Алматы.