"Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы N 264 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 29 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.18.  N 29 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қоршаған ортаның кезек күттірмес проблемаларын шешу және Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары мен Астана қаласын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұсынған, қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасының тұжырымдамасы мақұлдансын. 
      2. "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзірлеу және басқару жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылсын (бұдан әрі - Ведомствоаралық кеңес). 
      3. Қоса беріліп отырған: 
      1) Ведомствоаралық кеңестің құрамы; 
      2) Ведомствоаралық Кеңес туралы ереже бекітілсін. 
      4. "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 675   қаулысымен .
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
1999 жылғы 18 наурыздағы
N 264 қаулысымен   
мақұлданған     

  "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан,
Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын
тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту"
шатырлық жобасының тұжырымдамасы

  1. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды
облыстарындағы және Астана қаласындағы қазіргі уақыттағы
экологиялық проблемалар

      Ертіс өзені
      Ертіс өзені - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Еуразия аймағы үшін де тіршіліктің аса маңызды күре тамыры. Өзен Қытайдан бастау алады да, Қазақстан Республикасының аумағымен ағады, Ресей Федерациясының Обь өзеніне, одан соң Солтүстік Мұзды мұхитқа құяды. Өзенді ұтымды пайдаланбау және оның өте қатты ластануы аймақтың және қоршаған ортаның дамуына айтарлықтай проблемалар туғызады және Қазақстанның осы аймағында тұрып жатқан халықтың көпшілігінің айтарлықтай алаңдаушылығының себебі болып табылады. 
      Қазақстан шегінде Ертіс өзені Шығыс Қазақстан облысын Павлодар облысымен және Ертіс - Қарағанды каналы арқылы Қарағанды облысымен, содан кейін мемлекетіміздің астанасы - Астана қаласымен жалғастырады. 4 миллион адамды сумен жабдықтау осы су көзіне тікелей байланысты, сондай-ақ ол бұл аймақтағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қызметі үшін де маңызды негіз болып табылады. Бірақ өткен саяси және экономикалық жүйелерден мұра болып қалған экологиялық проблема ошақтары тіршіліктің осы күре тамырына қауіп төндіріп отыр.
      Шығыс Қазақстан облысы 
      1. Өскемен маңайы Қазақстанның кен өндіруші және кен-байыту өнеркәсібінің орталығы болып табылады, олар өзінің артына қалалық ауыз су көздерін ластайтын, құрамында ауыр металл және улы заттар бар, қисапсыз көп мөлшердегі қалдықтар қоймасын қалдырып отыр. Бұған қоса қаладағы, және оның төңірегіндегі ауа мен топырақ жұмыс істеп тұрған Қорғасын-мырыш комбинатынан шыққан қорғасын қалдықтарымен ластануда, екінші жағынан, оның аймақ экономикасы үшін үлкен маңызы бар. 
      2. Қазақстан Республикасындағы барлық орман ресурстарының 50 проценті Шығыс қазақстан облысында шоғырланған. Жыл сайын болатын күшті орман өрті орман ресурстарына елеулі қауіп-қатер төндіріп отыр, сондықтан ормандарды өрттен қорғаудың, орман ресурстарын қалпына келтірудің тиісті жүйесі қажет. 
      3. Семей 1989 жылға дейін 470 ядролық сынақ жүргізілген ядролық сынақ полигонымен кеңінен танымал, сынақтардан кейін бірқатар ашық мәселелер қалып отыр. Ядролық полигонға қызмет көрсететін әскери-әуе базасында керосиннің төгілуі Ертіс өзеніне және оның ағысының төменгі жағалауындағы тұратын, өзенді сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын халыққа қауіп төндіріп отыр.
      Павлодар, Қарағанды облыстары және Астана қаласы 
      1. Павлодар Қазақстанның өнеркәсіп орталығы болып табылады, мұның өзі қоршаған ортаға жан-жақты әсер етеді. Ұлттық электр энергиясын өндірудің 60 проценттен астамы Павлодар облысында шоғырланған. Электр энергиясын өндіру кезінде ауаға тозаң шығару мен буланған газдар бөлудің негізі болып табылатын көмір ресурстары көп мөлшерде пайдаланылады. Бұған қоса "Химпром" акционерлік қоғамының бұрын хлор мен каустикалық сорда өндіруі топырақты және ыза суларды едәуір мөлшерде сынаппен ластауға әкеп соқты, ол Ертіс өзеніне қауіп төндірді. Қоршаған орта жағдайының одан әрі нашарлануына жол бермеу үшін күл үйінділерін және басқа да өнеркәсіп қалдықтарын басқарудың жан-жақты жүйесін әзірлеу қажет. 
      2. Павлодардан (Ақсу) Қарағандыға дейінгі ұзындығы 460 шақырымдық үлкен ашық канал Ертіс өзенінің суын шамамен 400 метр биіктікке көтерді. Ол аймақта өндірілетін электр энергиясының едәуір бөлігін тұтынады. Тұтастай алғанда, Қарағанды қаласы және облыстың 50 проценті осы су көзінен жабдықталады. 
      3. Қазақстанның астанасы - Астана қаласын сумен жабдықтау су көзі ретінде бұрын Есіл өзеніне және Нұра-Есіл каналы арқылы Нұра өзеніне негізделген болатын, бірақ кейін Нұра өзенінің Теміртау қаласынан төменгі ағысының сынаппен ластануына байланысты мұндай сумен жабдықтау тоқтатылды. Астана қаласын сумен жабдықтауды қамтамасыз етудің қолайлы шешімін табу үшін қысқа мерзімді жоспарлар әзірлеу қажет. 
      4. Қарағанды қаласындағы көмір шахталары жинақталған метанның дарылуынан аса қауіпті болып табылады және басқа да газдардың шығарылуымен ғаламдық жылынуға өз үлесін қосады.

  2. Жобаның қысқаша сипаттамасы

      Шатырлық жоба ТД ҚОҚҰІЖ (Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары) процесінің шегінде аймақтық және ұлттық жергілікті деңгейдегі сектораралық маңызы бар интеграцияланған және өзара байланысты проблемаларды шешу мен қамтудағы қадам ретінде жасалып отыр.
      Жобаға мыналар кіреді:
      1-негізгі құралас. Ертіс өзені бассейнінің қоршаған ортасын басқару аймақтың негізгі экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған.
      Құраластар:
      Ертіс өзені бассейнінің қоршаған ортасын зерделеу;
      Ертіс өзені суының шекарааралық ластануы;
      ыза сулардың Өскемен қаласындағы тау-кен жыныстары үйінділерімен және өнеркәсіп қалдықтарымен ластануы;
      Семей маңындағы әскери-әуе базасындағы керосин төгінділері;
      "Химпром" акционерлік қоғамының (Павлодар қаласы) топырақты және ыза суды сынаппен ластауы;
      Өскемен. Павлодар және Қарағанды қалаларындағы өнеркәсіп қалдықтарын барынша азайту.
      2-негізгі құралас. Энергиялық тиімділік және ауаның ластануы өнеркәсіп және жылу электр станцияларының салдарынан болып жатқан ауаның ластануын ең аз нормаларға жеткізу және буланған газдарды жою мақсатында проблемаларын шешуге және энергетика секторындағы тиімділіктің мүмкіндігінше артуына бағытталған.
     Құраластар:
     энергиялық тиімділік және энергиямен жабдықтаудың оңтайлы зерделенуі;
     Өскемен қаласындағы қорғасын қалдықтарын төгуді азайту;
     Қарағанды көмір шахталарының метанын пайдалану.
     3-негізгі құралас. Аймақтағы су және орман ресурстарын қорғау мен оларды қалпына келтіру, ластану аспектілерін қоса алғанда, тұрмыстық, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп мұқтаждары үшін сумен жабдықтаудың сапасын жақсартуға, сондай-ақ ормандарды сақтауға және 
қалпына келтіруге бағытталған.
     Құраластар:
     Есіл өзені бассейнінің ластануын зерделеу;
     Нұра өзені түп шөгінділерінің сынаппен ластануы;
     ормандарды өрттен қорғау жүйесі, орман ресурстарын қалпына келтіру.     

  3. Іс-қимыл

      Жобаны әзірлеу, басқару және іске асыру үшін мынадай іс-қимылды жүзеге асыру жоспарланып отыр:
      орталық және жергілікті мүдделі органдар мен ведомстволар өкілдерінің арасынан жобаны әзірлеу және басқару жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру;
      аралық қорытындылар шығару мақсатында және жобаны әзірлеу және жүзеге асыру барысына қажетті өзгерістер енгізу керек болған жағдайда Қазақстанда ұдайы үйлестіру мәжілістерін өткізуді жалғастыру;
      жобаның құраластарына техникалық тапсырмалар әзірлеу;
      тиісті облыстарда және Астана қаласында Ведомствоаралық кеңестің жұмыс органдарын құру;
      жобаны жүзеге асыруға қажетті өзге де іс-қимыл.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
1999 жылғы 18 наурыздағы
N 264 қаулысымен   
бекітілген      

  "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан,
Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын
тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық
жобасын дайындау және басқару жөніндегі ведомствоаралық
кеңестің құрамы

       ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1495   қаулысымен .

     Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы   - Қазақстан Республикасының
                                      Табиғи ресурстар және қоршаған
                                      ортаны қорғау министрі, төраға
     Керімқұлов Уақыт Арынұлы       - Қазақстан Республикасының
                                      Табиғи ресурстар және қоршаған
                                      ортаны қорғау министрлігінің
                                      Қоршаған ортаны қорғау
                                      комитетінің төрағасы,
                                      орынбасар
     Есекин Болат Қамалбекұлы       - Тұрақты дамыту ұлттық
                                      экологиялық орталығының
                                      директоры, орынбасар
     Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы    - Қазақстан Республикасы
                                      Стратегиялық жоспарлау және
                                      реформалар жөніндегі
                                      агенттігінің
                                      Департамент директоры     

     Солодченко Роман               - Қазақстан Республикасы
     Владимирович                     Экономикалық жоспарлау
                                      жөніндегі агенттігінің
                                      төрағасы     

     Сәрсенбаева Гүлшәкира          - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Байғонысқызы                     шаруашылығы министрлігі Су
                                      ресурстары жөніндегі
                                      комитетінің сектор жетекшісі
     Мальковский Виктор             - Ертіс бассейіндік су
     Алексеевич                       бірлестігінің бастығы

     Үстеміров Қайрат Жанғабылұлы   - Қазақстан Республикасының Ауыл
                                      шаруашылығы министрлігі Орман,
                                      балық және аң шаруашылығы
                                      комитетінің басқарма
                                      бастығының орынбасары

     Мейрамов Есенгелді Әкімұлы     - Ақмола облыстық қоршаған
                                      ортаны қорғау басқармасының
                                      бастығы

     Адамов Ришат Жомартұлы         - Шығыс Қазақстан облыстық
                                      қоршаған ортаны қорғау 
                                      басқармасының бастығы     

     Қожахметов Балташ Тілепбекұлы  - Қарағанды облыстық қоршаған
                                      ортаны қорғау басқармасының
                                      бастығы     

     Хлыстун Николай Михайлович     - Павлодар облыстық қоршаған
                                      ортаны қорғау басқармасының
                                      бастығы     

     Болтанов Оразғали Төлеуұлы     - Астана қалалық қоршаған ортаны
                                      қорғау басқармасының бастығы 

     Шешуков Владимир               - Шығыс Қазақстан орман, балық
     Анатольевич                      және аң шаруашылығы басқармасы
                                      бастығының бірінші орынбасары,
                                      бас орманшысы     

     Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы   - Қазақстан Республикасының
                                      Қаржы министрлігі Сырттан
                                      қарыз алу жөніндегі
                                      комитетінің бөлім бастығы

     Оспанов Хайролла               - Қазақстан Республикасының
     Алтынбекұлы                      Энергетика, индустрия және
                                      сауда министрлігі Өнеркәсіп
                                      департаментінің директоры     

     Сәрсембеков Төлеген     - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Тәжібайұлы                шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                               жөніндегі комитетінің төрағасы,
                               төрағаның орынбасары    

     Сембаев Ерболат          - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Нәсенұлы                   істер министрлігі халықаралық
                                ұйымдар басқармасының кеңесшісі     

     Данбаев Бақытнасыр       - Қазақстан Республикасы Ауыл
     Зекенұлы                   шаруашылығы министрлігінің Су
                                ресурстары жөніндегі комитеті
                                Нұра-Сарысу бассейндік су
                                шаруашылығы басқармасының бастығы   

     Әшенов Ғазиз Әбуұлы      - Қазақстан Республикасы Ауыл
                                шаруашылығы министрлігінің Су
                                ресурстары жөніндегі комитеті Есіл 
                                бассейндік су шаруашылығы
                                басқармасының бастығы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
1999 жылғы 18 наурыздағы
N 264 қаулысымен   
бекітілген      

  "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар
Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін
қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын дайындау және
басқару жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы
Ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын дайындау және басқару жөніндегі ведомствоаралық кеңесті (бұдан әрі - Ведомствоаралық кеңес) Үкімет мақұлдаған Шатырлық жоба тұжырымдамасының негізінде "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын (бұдан әрі - Шатырлық жоба) дайындау және басқару үшін құрды. 
      2. Ведомствоаралық кеңес орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, басқа мүдделі ұйымдардың өкілдерінен құрылады. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Кеңестің төрағасы болып табылады. 
      3. Ведомствоаралық кеңестің отырыстары кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Кеңестің шешімдері отырысқа қатысушы Ведомствоаралық кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. 
      4. Ведомствоаралық кеңестің жұмыс органдары болады. 

  2. Ведомствоаралық кеңестің функциялары

        5. Шатырлық жобаны дайындау және басқару мақсатында Ведомствоаралық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) шатырлық жобаны дайындау және басқару жөніндегі бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын қарау және бекіту; 
      2) Шатырлық жобаны дайындау және басқару процесінде барлық мүдделі тараптардың іс-қимылының үйлестірілуін қамтамасыз ету;
      3) Шатырлық жобаны дайындау және басқару процесінде орындалған жұмыстар туралы есептерді қарау.     

  3. Ведомствоаралық кеңестің құзыреті

      6. Ведомствоаралық кеңестің мынадай құқықтары бар:
      1) Шатырлық жобаны дайындау және басқару жөніндегі жұмыс жоспарларын бекіту және түзету туралы шешім қабылдау;
      2) Шатырлық жобаны дайындау және басқару мәселелері жөнінде Ведомствоаралық кеңестің барлық мүшелерінің орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;
      3) Ведомствоаралық кеңестің құрамына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу.

  4. Ведомствоаралық кеңестің жұмыс органдары

      7. Ведомствоаралық кеңестің жұмыс органдары Қазақстан Республикасының Тұрақты дамыту ұлттық экологиялық орталығы, сондай-ақ тиісті облыстар мен Астана қаласында Ведомствоаралық кеңестің ұсынымы бойынша құрылатын Шатырлық жобаны дайындау топтары болып табылады.
      8. Жұмыс органдары қызметінің бағыты мен тәртібін Ведомствоаралық кеңес белгілейді.

О подготовке и реализации зонтичного проекта "Улучшение окружающей среды для устойчивого развития Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской, Карагандинской областей и города Астаны Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 1999 года N 264. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 января 2008 года N 29.

       Сноска. Постановление Правительства РК от 18 марта 1999 года N 264 утратило силу постановлением Правительства РК от 18 января 2008 года  N 29 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В целях решения неотложных проблем окружающей среды и развития Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Карагандинской и Павлодарской областей и города Астаны, в соответствии со Стратегией развития Казахстана до 2030 года Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Одобрить прилагаемую Концепцию зонтичного проекта "Улучшение окружающей среды для устойчивого развития Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской, Карагандинской областей и города Астаны Республики Казахстан", предложенную Министерством природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан. 
      2. Создать Межведомственный совет по подготовке и управлению зонтичным проектом "Улучшение окружающей среды для устойчивого развития Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской, Карагандинской областей и города Астаны Республики Казахстан" (далее - Межведомственный совет). 
      3. Утвердить прилагаемые: 
      1) состав Межведомственного совета; 
      2) Положение о Межведомственном совете. 
      4. Ответственность за подготовку и реализацию зонтичного проекта "Улучшение окружающей среды для устойчивого развития Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской, Карагандинской областей и города Астаны Республики Казахстан" возложить на Министерство охраны окружающей среды Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 1 июля 2005 г.  N 675 .
      5. Настоящее постановление вводится в действие с даты подписания. 

         Премьер-Министр 
      Республики Казахстан 

                                                              Одобрена 
                                                 постановлением Правительства 
                                                     Республики Казахстан |               
                                                 от 18 марта 1999 года N 264

                         Концепция зонтичного проекта 
           "Улучшение окружающей среды для устойчивого развития 
           Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской, 
       Карагандинской областей и города Астаны Республики Казахстан"

        1. Экологические проблемы настоящего времени в Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской, Карагандинской областях и городе Астане 

      Река Иртыш 
      Река Иртыш - жизненно важная артерия не только для Казахстана, но и для всего региона Евразии. Река берет начало в Китае, протекает по территории Республики Казахстан, впадает в реку Обь Российской федерации, а затем в Северный ледовитый океан. Нерациональное использование и большое загрязнение создают значительные проблемы для развития региона и окружающей среды и являются причиной серьезной озабоченности большого количества населения, проживающего в этом регионе Казахстана. 
      В пределах Казахстана река Иртыш связывает Восточно-Казахстанскую область с Павлодарской областью, также через канал Иртыш-Караганда с Карагандинской областью и затем со столицей государства - городом Астаной. Водоснабжение для 4 миллионов человек напрямую зависит от этого водного источника, который является также важной базой для промышленной и сельскохозяйственной деятельности в регионе. Однако, унаследованные от прошлой политической и экономической системы очаги экологических проблем угрожают этой жизненно важной артерии. 

      Восточно-Казахстанская область 
      1. Район Усть-Каменогорска является центром казахстанской горнодобывающей и горно-обогатительной промышленности, оставляющей после себя огромное количество хвостохранилищ, которые содержат тяжелые металлы и токсичные вещества, загрязняющие городской источник питьевой воды. Кроме того, воздух и почва в городе и окрестностях загрязнены выбросами свинца от действующего Свинцово-цинкового комбината, который, с другой стороны, имеет большое значение для экономики региона. 
      2. 50 процентов всех лесных ресурсов Республики Казахстан сосредоточены в Восточно-Казахстанской области. Ежегодные мощные лесные пожары представляют серьезную угрозу лесным ресурсам, и поэтому необходима соответствующая система охраны лесов от пожаров, восстановления лесов. 
      3. Семипалатинск широко известен своим ядерным испытательным полигоном, где произведено 470 ядерных испытаний вплоть до 1989 года, оставивших после себя целый ряд открытых вопросов. Разливы керосина на военно-воздушной базе, которая обслуживала ядерный полигон, также обусловили угрозу реке Иртыш и населению, живущему ниже по течению, использующему реку как источник водоснабжения. 

      Павлодарская, Карагандинская области и город Астана 
      1. Павлодар является промышленным центром Казахстана, в связи с чем оказывает многостороннее влияние на окружающую среду. Более 60 процентов национального производства электроэнергии сосредоточено в Павлодарской области. При производстве электроэнергии используется огромное количество угольных ресурсов, что является причиной выбросов пыли и парниковых газов. Кроме того, бывшее производство хлора и каустической соды акционерным обществом "Химпром" привело к значительному загрязнению почвы и грунтовых вод ртутью, угрожая реке Иртыш. Во избежание дальнейшего ухудшения состояния окружающей среды необходимо разработать всестороннюю систему управления золоотвалами и другими промышленными отходами. 
      2. Большой открытый канал от Павлодара (Аксу) до Караганды длиной 460 км поднимает воды реки Иртыш примерно на высоту 400 м. Он потребляет значительную часть электроэнергии, производимой в регионе. Практически, весь город Караганда и 50% области снабжаются из этого водного источника. 
      3. Водоснабжение столицы Казахстана города Астаны прежде опиралось на реку Ишим и через канал Нура-Ишим на реку Нура, как на источники, однако, позднее это водоснабжение пришлось прекратить из-за загрязнения реки Нуры ртутью по течению, ниже города Темиртау. Необходимо разработать краткосрочные планы для нахождения приемлемого решения по обеспечению водоснабжения города Астаны. 
      4. Угольные шахты в городе Караганде являются источником повышенной опасности из-за взрывов скоплений метана и наряду с другими выбросами газов вносят свой вклад в глобальное потепление. 

                         2. Краткое описание проекта
        Зонтичный проект создается в рамках процесса НПДООС УР (Национального Плана Действий по Охране Окружающей Среды для Устойчивого Развития) как подход для решения и охвата интегрированных и взаимосвязанных проблем национального, регионального и местного уровней межсекторального значения. 
Проект включает следующее:     

     Основной компонент 1. Управление окружающей средой бассейна реки Иртыш направлено на решение основных экологических проблем региона. 

     Компоненты:

     изучение окружающей среды бассейна реки Иртыш;

     трансграничное загрязнение воды реки Иртыш;

     загрязнение грунтовых вод отвалами горных пород и промышленными отходами в городе Усть-Каменогорске;

     разливы керосина на военно-воздушной базе в районе Семипалатинска;

     ртутное загрязнение акционерным обществом "Химпром" (город Павлодар) почвы и грунтовых вод;

     минимизация промышленных отходов в городах Усть-Каменогорске, Павлодаре и Караганде.
 

        Основной компонент 2. Энергоэффективность и загрязнение воздуха направлены на решение проблем с целью приведения загрязнения воздуха к минимальным нормам и устранения парниковых газов, обусловленных промышленностью и теплоэлектростанциями, и возможное повышение эффективности в энергетическом секторе. 

       Компоненты:

     энергоэффективность и оптимизационное изучение энергоснабжения;

     снижение выбросов свинца в городе Усть-Каменогорске;

     использование метана Карагандинских угольных шахт.     

     Основной компонент 3. Охрана и меры по восстановлению водных и лесных ресурсов в регионе направлены на улучшение качества водоснабжения для бытовых, сельскохозяйственных и промышленных нужд, включая аспекты загрязнения, а также на сохранение и восстановление лесов. 

     Компоненты:

     изучение загрязнения бассейна реки Ишим;

     ртутное загрязнение донных отложений реки Нуры;

     система охраны лесов от пожаров, восстановление лесных ресурсов.     

                                3. Действия 

     Для подготовки, управления и реализации проекта планируется осуществить следующие действия: 
      создание Межведомственного совета по подготовке и управлению проектом из представителей заинтересованных центральных и местных исполнительных органов и ведомств; 
      продолжение регулярных координационных совещаний в Казахстане с целью подведения промежуточных итогов и, в случае необходимости, внесения изменений в ход подготовки и реализации проекта; 
      разработка технических заданий на компоненты проекта; 
      создание рабочих органов Межведомственного совета в соответствующих областях и городе Астане; 
      иные действия, необходимые для реализации проектов. 

                                                             Утвержден 
                                                 постановлением Правительства 
                                                     Республики Казахстан 
                                                  от 18 марта 1999 года № 264

            Состав Межведомственного совета по подготовке и управлению 
        зонтичным проектом "Улучшение окружающей среды для устойчивого|
         развития Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской,  
        Карагандинской областей и города Астаны Республики Казахстан"  <*>

     Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 30 сентября 1999 г. N 1495  P991495_   .

           Даукеев Серикбек         Министр природных ресурсов и охраны  

     Жусупбекович             окружающей среды Республики Казахстан,

                              Председатель

     Керемкулов Вахит         Председатель Комитета охраны окружающей среды

     Арынович                 Министерства природных ресурсов и охраны 

                              окружающей среды Республики Казахстан,

                              заместитель Председателя 

     Есекин Булат             директор Национального экологического 

     Камалбекович             центра устойчивого развития, 

                              заместитель Председателя

     Сарсембеков              Председатель Комитета по водным ресурсам

     Толеген Таджибаевич      Министерства сельского хозяйства          

                              Республики Казахстан, заместитель        

                              председателя

             Сембаев                  советник Управления международных 

     Ерболат Насенович        организаций Министерства иностранных дел

                              Республики Казахстан

           Данбаев                  начальник Нура-Сарысуского бассейнового

     Бахытнасыр Зекенович     водохозяйственного управления Комитета по 

                              водным ресурсам Министерства сельского 

                              хозяйства Республики Казахстан

           Ашенов                   начальник Ишимского бассейнового 

     Газиз Абуович            водохозяйственного управления Комитета по 

                              водным ресурсам Министерства сельского    

                              хозяйства Республики Казахстан

     Раханов Максутбек        директор Департамента Агентства по 

     Смагулович               стратегическому планированию и реформам 

                              Республики Казахстан 

     Солодченко Роман         Председатель Агентства 

     Владимирович             Республики Казахстан 

                              по экономическому планированию 

     Сарсенбаева Гульшакира   руководитель сектора Комитета по водным  

     Байгунусовна             ресурсам Министерства сельского хозяйства 

                              Республики Казахстан

     Мальковский Виктор       начальник Иртышского бассейнового 

     Алексеевич               водохозяйственного объединения 

     Устемиров Кайрат         заместитель начальника управления Комитета

     Жангабылович             лесного, рыбного и охотничьего хозяйства 

                              Министерства сельского хозяйства 

                                                             Утверждено 
                                                 постановлением Правительства 
                                                     Республики Казахстан 
                                                  от 18 марта 1999 года № 264

                                Положение 
           о Межведомственном совете по подготовке и управлению зонтичным 
         проектом "Улучшение окружающей среды для устойчивого развития 
               Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской, 
         Карагандинской областей и города Астаны Республики Казахстан" 

                               1. Общие положения 
      1. Межведомственный совет по подготовке и управлению зонтичным проектом "Улучшение окружающей среды для устойчивого развития Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской, Карагандинской областей и города Астаны Республики Казахстан" (далее - Межведомственный совет) создан Правительством Республики Казахстан для подготовки и управления зонтичным проектом "Улучшение окружающей среды для устойчивого развития Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Павлодарской, Карагандинской областей и города Астаны Республики Казахстан" (далее - Зонтичный проект) на основании Концепции Зонтичного проекта, одобренной Правительством. 
      2. Межведомственный совет образуется из представителей центральных и местных исполнительных органов, ведомств, других заинтересованных организаций. Председателем Совета является Министр природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан. 
      3. Заседания Межведомственного совета проводятся не реже одного раза в полгода. Решения Совета принимаются простым большинством голосов присутствующих на заседании членов Межведомственного совета и оформляется протоколом. 
      4. Межведомственный совет имеет рабочие органы. 

                      2. Функции Межведомственного совета 
      5. В целях подготовки и управления Зонтичным проектом Межведомственный совет осуществляет следующие функции: 
      1) рассмотрение и утверждение программ и планов работ по подготовке и управлению Зонтичным проектом; 
      2) обеспечение координации действий всех заинтересованных сторон в процессе подготовки и управления Зонтичным проектом; 
      3) рассмотрение отчетов о выполненных работах в процессе подготовки и управления Зонтичным проектом. 

                     3. Компетенция Межведомственного совета
        6. Межведомственный совет имеет право: 
      1) принимать решения об утверждении и корректировке планов работ по подготовке и управлению Зонтичным проектом; 
      2) принимать обязательные для выполнения всеми членами Межведомственного совета решения по вопросам подготовки и управления Зонтичным проектом;
      3) в установленном порядке вносить предложения по изменениям и/или дополнениям в состав Межведомственного совета.      

                 4. Рабочие органы Межведомственного совета

      7. Рабочими органами Межведомственного совета являются Национальный экологический центр устойчивого развития Республики Казахстан, а также группы подготовки Зонтичного проекта в соответствующих областях и городе Астане, создаваемые по рекомендации Межведомственного совета. 
      8. Направления и порядок деятельности рабочих органов определяются Межведомственным советом.