Қазақстан Республикасына берілген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің босаған техникалық көмек займының қаражатын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің техникалық көмек займы қаражатын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 шілдедегі N 1080 P971080_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасында:
"Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті" деген
жолдың 3-бағанындағы "300 000" деген сан "279 000" деген санмен ауыстырылсын;
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген жолда:
"Еңбек" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының" деген
сөздермен толықтырылсын;
3-бағанындағы "400 000" деген сан "344 172" деген санмен ауыстырылсын.
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі"
деген жолдағы 1,2,3-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сектор
Энергетика, индустрия және басшылығын кәсіби
сауда министрлігі даярлау 1 072 605
Кәсіпорындардың
әкімшіліктерін кәсіби
даярлау 1 031 749
Компьютерлер мен
жабдықтар сатып алу 371 836,04";
1,2,3-бағандар мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Консультациялық
Мемлекеттік қызмет істері қызмет көрсетулер
жөніндегі агенттігі және компьютерлер
және жабдықтар
сатып алу 300 649,96".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.