Қазақстан Республикасына берiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң техникалық көмек займы қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қаулы етедi:
1. Техникалық көмек займының 38 000 000 (отыз сегiз миллион) АҚШ доллары мөлшерiндегi қаражатын, оның iшiнде бұрын пайдаланылмаған 3 000 000 (үш миллион) АҚШ доллары қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.
2. "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкiсi арасындағы Техникалық көмек заемы мен орнын толтыру заемы туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 13 желтоқсандағы қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi арасындағы 1993 жылғы 15 қазандағы Заем туралы (Техникалық көмек жобасы) келiсiмге сәйкес, Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi займы қаражатынан қаржыландырылатын осы Жоба бойынша берiлетiн тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер қосылған құнға салынатын салықтан кедендiк төлемдердi төлеуден босатылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитет займның жүзеге асырылуын жалпы үйлестiрудi және тауарлар сатып алулар мен қызмет көрсетулердiң жүргiзiлуiн бақылау жасауды Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң ережелерiне сәйкес жүргiзсiн.
4. Қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк басқарудың жауапты органдары мен ұйымдары:
займ қаражатына алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерге қатаң есеп жүргiзсiн және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетке тоқсан сайын есеп берiп отырсын;
консультанттардан ай сайын жасалған жұмыстың тиiмдiлiгiнiң бағасын көрсететiн iлеспе хатпен бiрге есеп алып отырсын, оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетке жолдасын.
5. "Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң техникалық көмек займы қаржыларының қайта бөлiнуi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қыркүйектегi N 1168 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 19 маусымдағы
N 568 қаулысына
қосымша
Техникалық көмек займы қаражатын пайдалану бағыттары
бойынша бөлу
____________________________________________________________________
Жауапты | Мақсаттар |Ақш долларын.
ұйымдар | |дағы құны
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3
____________________________________________________________________
Қазақстан |Ұйымдар саласындағы төлемдер | 548154
Республикасының |жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру |
Ұлттық Банкi |мақсатындағы консультациялық |
(қайтарымды негiзде)|қызмет көрсетулер |
|__________________________________|____________
|Он iрi банктi қаржылық және | 2 097 732
|операциялық диагностикалық |
|зерттеуге арналған консультациялық|
|қызмет көрсетулер |
|__________________________________|____________
|Жергiлiктi жерлердегi банктiк | 839589
|қадағалауды ұйымдық тұрғыдан |
|жетiлдiру үшiн консультациялық |
|қызмет көрсетулер және кадрлар |
|даярлау |
|__________________________________|____________
|Банктiк заңдарды жасау мақсатын. | 361550
|дағы консультациялық қызмет |
|көрсетулер |
|__________________________________|____________
|Компьютерлердi және жабдықтарды |2 703 487,74
|сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Компьютерлердi және жабдықтарды |4 326 651,26
Республикасының |сатып алу |
Қаржы министрлiгi |__________________________________|____________
|Бюджеттiк процестердi реформалау | 720000
|саласындағы консультациялық |
|қызмет көрсетулер |
|__________________________________|____________
|Жергiлiктi жерлердегi консультан. | 150000
|тардың жұмысына байланысты шығыстар
___________________ |__________________________________|____________
Бухгалтерлiк есеп |Компьютерлердi және жабдықтарды | 229824,07
және аудит әдiстеме.|сатып алу |
сi департаментi | |
____________________|__________________________________|____________
Қазынашылық |Сыртқы заемдар мен борыштарды | 400000
|есепке алуды жетiлдiру мәселелерi |
|бойынша консультациялық қызмет |
|көрсетулер және кадрлар даярлау |
|__________________________________|____________
|Компьютерлердi және басқа да | 2 752890
|жабдықтарды сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
Жекешелендiру |Ауыл шаруашылығын жекешелендiру | 492730
жөнiндегi |саласында консультациялық қызмет |
департамент |көрсетулер |
____________________|__________________________________|____________
Мемлекеттiк мүлiк | |
пен активтердi | |
басқару департаментi| |
____________________|__________________________________|____________
|Жеке жобалар бойынша жекешелендiру| 393907
|саласында консультациялық қызмет |
|көрсетулер және кадрлар даярлау |
____________________|__________________________________|____________
Сырттан қарыз алу |шетелдiк күрделi қаржыландыруды | 322053
жөнiндегi комитет |реттеу және оларға жәрдемдесу |
|саласындағы консультациялық қызмет|
|көрсетулер |
|__________________________________|____________
|Қызметкерлердiң оқу бағдарламала. | 141477
|рына, семинарларға, конференция. |
|ларға және кеңестерге қатысуы |
|__________________________________|____________
|Шетел баспасөзiнде ақпараттық | 133540
|және жарнамалық материалдарды |
|жариялау |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Халықты еңбекпен қамту саласындағы| 45667
Республикасының |консультациялық қызмет көрсетулер |
Еңбек және халықты |және кадрлар даярлау |
әлеуметтiк қорғау |__________________________________|____________
министрлiгi |Әлеуметтiк қамсыздандыру қызметi | 344172
|үшiн консультациялық қызмет |
|көрсетулер |
|__________________________________|____________
|Компьютерлердi және жабдықтарды | 320152
|сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Тау-кен өнеркәсiбiнде және | 16600
Республикасының |металлургияда жеке меншiк секторын|
Энергетика және |дамытуға арналған консультациялық |
табиғи ресурстар |қызмет көрсетулер |
министрлiгi |__________________________________|____________
|Компьютерлердi және жабдықтарды | 199897
|сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Денсаулық сақтау жүйесiн | 548456
Республикасының |реформалау мақсатындағы консульта.|
Денсаулық сақтау |циялық қызмет көрсетулер |
министрлiгi |__________________________________|____________
|Компьютерлердi және жабдықтарды | 25032
|сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
Республикасының |кәсiби даярлау |
Энергетика, индуст. |__________________________________|____________
рия және сауда минис|Кәсiпорындардың әкiмшiлiктерiн | 1031749
трлiгi |кәсiби даярлау |
|__________________________________|____________
|Компьютерлер мен жабдықтар | 371836,04
|сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
Ұлттық статистика |Кедейшiлiктi бақылауды жақсартуға | 799916
агенттiгi |арналған консультациялық қызмет |
|көрсетулер және халықтың табысын |
|қолдау жөнiндегi бағдарламаны |
|жүзеге асыру |
|__________________________________|____________
|Компьютерлердi және жабдықтарды | 308385
|сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
|Ақпараттық-техникалық кешендi |2376741,32
|құруға арналған жабдықтарды |
|сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
Монополияға қарсы |Монополизмге қарсы күрес және | 180098
саясат жөнiндегi |бәсекенi көтермелеу саясаты |
департамент |саласындағы консультациялық қызмет|
|көрсетулер |
|__________________________________|____________
|Құрал-жабдықтарды сатып алу | 100327
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Қазiргi заң шығару жүйесiн | 2150000
Республикасының |реформалау мақсатындағы консульта.|
Әдiлет министрлiгi |циялық қызмет көрсетулер және |
|кадрларды даярлау |
|__________________________________|____________
|Компьютерлердi және жабдықтарды | 199735
|сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
|Жергiлiктi консультанттардың | 214813
|қызмет көрсетулерi |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Қоршаған табиғи ортаны қорғау | 1475000
Республикасының |мәселелерi жөнiндегi консульта. |
Экология және |циялық қызмет көрсетулер |
табиғи ресурстар |__________________________________|____________
министрлiгi |Компьютерлердi және жабдықтарды | 139993
|сатып алу |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Ұйымдастыруды дамыту үшiн | 150101
Республикасының |консультациялық қызмет көрсетулер |
мемлекеттiк Медетшi | |
банкi | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Компьютерлердi, жабдықтарды, | 496636
Республикасының |бағдарламалық құралдарды сатып алу|
мемлекеттiк |және банктi компьютерлендiру |
Экспорт-импорт |жоспарын iске асыруға арналған |
банкi |консультациялық қызмет көрсетулер |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |ХҚДБ ережелерiне сәйкес | 1900000
Республикасы |консультациялық қызмет көрсетулер |
Қаржы министрлiгiнiң|__________________________________|____________
Сырттан қарыз |ХҚДБ ережелерiне сәйкес төлемдер | 1100000
алу жөнiндегi |мәселесi бойынша консультациялық |
комитетi |қызмет көрсетулер және кадрлар |
|даярлау |
|__________________________________|____________
|Жаңа жобаларды даярлау мен iске | 91127
|асыруға байланысты шығыстар |
|__________________________________|____________
|Жобаларды iске асыруға жауапты | 250000
|қызметкерлердiң оқу бағдарлама. |
|ларына, семинарларға, конференция.|
|ларға және кеңестерге қатысуы |
|__________________________________|____________
|Компьютерлердi және жабдықтарды | 215000
|сатып алу |
|__________________________________|____________
|Жобаларды iске асыруға байланысты | 270000
|жергiлiктi шығыстар |
|__________________________________|____________
|Жобалар бойынша шоттарды тексеруге| 203750
|байланысты шығыстар |
|__________________________________|____________
|Техникалық көмектiң тиiмдiлiгiне | 0
|баға беру |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Компьютерлердi және жабдықтарды | 499881
Республикасының |сатып алу |
Президентiнiң |__________________________________|____________
Әкiмшiлiгi |Ақпараттық бюллетеньдер шығару | 150000
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Компьютерлердi және жабдықтарды | 595530
Республикасының |сатып алу |
Премьер-Министрiнiң |__________________________________|____________
Кеңсесi |Ақпараттық бюллетеньдер шығару | 149920
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Компьютерлердi және жабдықтарды | 500000
Республикасының |сатып алу |
Парламентi | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Компьютерлердi және жабдықтарды | 100013
Республикасының |сатып алу |
Бағалы қағаздар | |
жөнiндегi ұлттық | |
комиссиясы | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Компьютерлердi және жабдықтарды | 617036
Республикасы |сатып алу |
Үкiметiнiң | |
жанындағы Мiндеттi | |
медициналық | |
сақтандыру қоры | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Компьютерлердi және жабдықтарды | 40958
Республикасының |сатып алу |
Ғылым министрлiгi | |
Ғылым академиясы | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Компьютерлердi және жабдықтарды | 150000
Республикасының |сатып алу |
Инвестициялар |__________________________________|____________
жөнiндегi |Консультациялық қызмет көрсетулер,| 250000
мемлекеттiк комитетi|кадрларды даярлау және оқыту |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Конференцияларға арналған | 55000
Республикасының |құрал-жабдықтар |
Стратегиялық | |
жоспарлау және | |
реформалар жөнiндегi| |
агенттiгi | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Консультациялық қызмет көрсетулер | 400000
Республикасының |және компьютерлер мен жабдықтарды |
Экология және |сатып алу |
биоресурстар | |
министрлiгi | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Зейнетақы реформасына техникалық | 400000
Республикасы |қолдау көрсету үшiн компьютерлердi|
Қаржы министрлiгiнiң|және жабдықтарды сатып алу |
Қазынашылығы | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Бiрыңғай ақпараттық жүйе құру | 100000
Республикасы | |
Премьер-Министрiнiң | |
Кеңсесi, Қазақстан | |
Республикасы | |
Президентiнiң | |
Әкiмшiлiгi | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Консультациялық қызмет көрсетулер | 125000
Республикасының |және компьютерлер мен жабдықтарды |
Энергетика, |сатып алу |
индустрия және | |
сауда министрлiгi | |
____________________|__________________________________|____________
Резервтiк қор | | 54000
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан |Консультациялық қызмет көрсетулер | 400649,96
Республикасының |және компьютерлер мен жабдықтар |
Мемлекеттiк қызмет |сатып алу |
iстерi жөнiндегi | |
агенттiгi | |
____________________|__________________________________|____________
Қазақстан | Көлік-коммуникациялар |200 635,63
Республикасының | кешенінде мемлекеттік |
Көлік, | басқарудың нормативтік |
коммуникациялар | құқықтық актілерін әзірлеу |
және туризм | және мамандар даярлау |
министрлігі | бойынша консультациялық |
| қызмет көрсету |
_____________________________________________
Жиыны 38 000 000
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.06.19. N 568
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгердi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.25. N 300
қаулысымен
.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгердi және толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1999.06.01. N 677
қаулысымен
.