Астық өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысына сәйкес, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы сатып алған астық ресурстарынан 1999 жылдың егіс науқанының мұқтажына тауарлық несие түрінде 130000 тонна тұқым бөлінсін.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.04.23. N 458 қаулысымен. P990458_
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен қаулының 1-тармағында көрсетілгендерге сәйкес айқындалып бөлінген тұқым құнының шегінде "Азық түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының несиелік берешегі бойынша "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының борыштық талап етуін "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамына аудару бөлігінде 1998 жылғы 30 қазандағы N 1 несиелік шартты өзгерту жөнінде шаралар қабылдасын.
Бұл ретте, берешекке жатқызу 1-қосымшаға сәйкес тұқымды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне беруіне қарай жүргізілетіндігі көзделсін.
2-1. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына, Батыс Қазақстан облысының әкімі өтінімінің негізінде, 16 400 тонна бидайдың тұқымын бидай тұқымының жоғарыда көрсетілген көлемін мемлекеттік ресурсқа есептеу арқылы мемлекеттік ресурстан арпа тұқымының тең көлеміне айырбастауды жүргізу ұсынылсын.
Бидайдың тұқымға жарамды тауарлы астығы бағасының ара-қатынасы тұқымға жарамды тауарлық партиядан арпаға 1:0.5, яғни 104 АҚШ долларына баламды баға бойынша белгіленсін және бидайдың тұқымын арпаның тұқымына ауыстырудың нәтижесінде пайда болған құндағы айырмашылық "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысына сәйкес астық сатып алуға алынған қаражат бойынша "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының алдындағы берешегіне қатысты деп белгіленсін.
ЕСКЕРТУ. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.04.23. N 458
қаулысымен. P990458_
3. Облыстардың әкімдері мәслихаттар шешімдерінің негізінде және облыстық бюджетте көзделген шығыстардың шегінде "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамынан тұқымдық астықты қарызға алуды жүргізсін және оны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге бағыттасын.
4. "Азық түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы көліктік шығыстарды оңтайландыру мақсатында мемлекеттік ресурстарда бар көлемдерінің шегінде егіс науқаны үшін бөлінетін астықтың ішкі айырбасын жүзеге асырсын.
5. Облыстардың әкімдері берілген тұқымдық қарызды "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамына уақытылы қайтаруды қамтамасыз етсін.
Тұқымдық қарызды өтеудің түпкілікті мерзімі 1999 жылдың 15 желтоқсаны болып белгіленсін және 2-қосымшаға сәйкес берілген тұқымдық қарызды қайтарудың коэффициенті бекітілсін.
6. "Азық түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы мен астық компанияларына қолайлы кепілдіктер мен 3-қосымшаға сәйкес кемінде 77 мың тонна көлемінде кепілдер беру шартымен тендерлік негізде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқымдық астықпен тауарлық несиелендіруді жүзеге асыру ұсынылсын.
7. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамға белгіленген тәртіппен 1999 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражаттың есебінен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы қарызға берген жоғары өнімді тұқымдарды арзандатуды жүргізу ұсынылсын.
8. Облыстардың әкімдері астық компанияларымен және басқа да меншік иелерімен бірлесіп, ішкі қайта бөлудің есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқымдармен қосымша қамтамасыз ету мәселелерін пысықтасын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
31 наурыздағы
N 341 қаулысына
1-қосымша
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1999.04.23. N 458
қаулысымен.
Мәслихаттардың шешімі негізінде облыстар әкімдерінің
қарыз алуымен ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілеріне бөлінетін тұқымдардың
Көлемі
мың тонна
______________________________________________________________________
| Облыстар | Көлемі |
| | |
|__________________________________|___________________________________|
Ақмола 27.0
оның ішінде:
Ақкөл ауданы 2.5
Егіндікөл ауданы 1.7
Ерейментау ауданы 6.8
Еңбекшілдер ауданы 5.0
Есіл ауданы 4.0
Жарқайың ауданы 2.0
Жақсы ауданы 2.0
Қорғалжың ауданы 1.0
Зеренді ауданы 2.0
Ақтөбе 10.0
оның ішінде:
Әйтеке би ауданы 4.0
Алға ауданы 0.4
Қарғалы ауданы 1.0
Мәртүк ауданы 2.1
Хромтау ауданы 2.5
Батыс Қазақстан 57.0
оның ішінде:
Ақжайық ауданы 2.0
Бөрлі ауданы 9,0
Жәнібек ауданы 3.0
Зеленов ауданы 11,0
Казталов ауданы 1,0
Қаратөбе ауданы 1,0
Сырым ауданы 9,0
Тасқала ауданы 5,0
Теректі ауданы 11,0
Шыңғырлау ауданы 5,0
Қостанай 30.0
оның ішінде:
Алтынсарин ауданы 1.3
Амангелді ауданы 3.2
Арқалық ауданы 4.0
Жангелдин ауданы 2.0
Денисов ауданы 1.0
Жітіқара ауданы 2.0
Қамысты ауданы 1.0
Қарасу ауданы 5.5
Меңдіқара ауданы 2.0
Сарыкөл ауданы 3.0
Таранов ауданы 5.0
Солтүстік Қазақстан 6.0
оның ішінде:
Жамбыл ауданы 2.0
Уәлиханов ауданы 4.0
Жиыны 130.0
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.07. N 544
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
31 наурыздағы
N 341 қаулысына
2-қосымша
Тұқымдық қарызды ақшалай арақатынаста (берілетін және
қайтарылатын астық құнының әртүрлілігін есептеместен)
қайтарудың
Коэффициенті
________________________________________________________________
| Тұқымдық қарыз займының | 1 тоннаға арналған қайтару |
| мерзімі | коэффициенті |
|_______________________________|________________________________|
|1 ай | 1.01 |
|2 ай | 1.02 |
|3 ай | 1.03 |
|4 ай | 1.04 |
|5 ай | 1.05 |
|6 ай | 1.06 |
|7 ай | 1.07 |
|8 ай | 1.08 |
|9 ай | 1.09 |
|_______________________________|________________________________|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
31 наурыздағы
N 341 қаулысына
3-қосымша
"Азық түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік
қоғамы мен астық компаниялары қолайлы кепілдіктермен ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілеріне беретін тұқымдық астықтың
Көлемі
мың тонна
_________________________________________________________________________
| Облыстар | Көлемі |
|______________________________________|__________________________________|
Ақмола 30.0
оның ішінде:
Ақкөл ауданы 1.4
Аршалы ауданы 1.1
Астрахан ауданы 2.0
Атбасар ауданы 3.9
Бұланды ауданы 1.2
Егіндікөл ауданы 4.0
Ерейментау ауданы 5.0
Есіл ауданы 4.0
Жақсы ауданы 2.0
Жарқайың ауданы 4.6
Қорғалжын ауданы 0.8
Батыс Қазақстан 7.4
оның ішінде:
Бөрлі ауданы 2.0
Зеленов ауданы 2.4
Теректі ауданы 2.0
Шыңғырлау ауданы 1.0
Қостанай 20.0
оның ішінде:
Алтынсарин ауданы 2.0
Әулиекөл ауданы 2.0
Сарыкөл ауданы 2.0
Жітіқара ауданы 3.0
Меңдіқара ауданы 2.0
Наурызым ауданы 5.0
Таранов ауданы 4.0
Павлодар 4.6
оның ішінде:
Ақтоғай ауданы 0.7
Железин ауданы 0.6
Ертіс ауданы 2.3
Качир ауданы 0.2
Успен ауданы 0.7
Павлодар ауданы 0.1
Солтүстік Қазақстан 15.0
оның ішінде:
Еңбекшілдер ауданы 5.0
Жамбыл ауданы 4.0
Уәлиханов ауданы 6.0
Жиыны 77.0
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Умбетова А.