Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 сәуір N 458

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылдың егіс науқанын тұқымдық астықпен тауарлық несиелендіру туралы" 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 P990341_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) тармақтағы "123 000" деген сан "130 000" деген санмен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулыға 1-қосымша қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      3) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына, Батыс Қазақстан облысының әкімі өтінімінің негізінде, 16 400 тонна бидайдың тұқымын бидай тұқымының жоғарыда көрсетілген көлемін мемлекеттік ресурсқа есептеу арқылы мемлекеттік ресурстан арпа тұқымының тең көлеміне айырбастауды жүргізу ұсынылсын.
      Бидайдың тұқымға жарамды тауарлы астығы бағасының ара-қатынасы тұқымға жарамды тауарлық партиядан арпаға 1:0.5, яғни 104 АҚШ долларына баламды баға бойынша белгіленсін және бидайдың тұқымын арпаның тұқымына ауыстырудың нәтижесінде пайда болған құндағы айырмашылық "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысына сәйкес астық сатып алуға алынған қаражат бойынша "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының алдындағы берешегіне қатысты деп белгіленсін".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


                                     Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 458 қаулысына қосымша

                                     Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 341 қаулысына 1-қосымша


           Мәслихаттардың шешімі негізінде облыстар әкімдерінің

                  қарыз алуымен ауыл шаруашылығы тауар
                  өндірушілеріне бөлінетін тұқымдардың
                               Көлемі
     
                                                мың тонна
     
   ______________________________________________________________________
  |      Облыстар                    |          Көлемі                   |
  |                                  |                                   |
  |__________________________________|___________________________________|
     Ақмола                              27.0
     оның ішінде:              
     Ақкөл ауданы                        2.5
     Егіндікөл ауданы                    1.7
     Ерейментау ауданы                   6.8
     Еңбекшілдер ауданы                  5.0
     Есіл ауданы                         4.0
     Жарқайың ауданы                     2.0
     Жақсы ауданы                        2.0
     Қорғалжын ауданы                    1.0
     Зеренді ауданы                      2.0
     
     Ақтөбе                              10.0
     оның ішінде:                        
     Әйтеке би ауданы                    4.0
     Алға ауданы                         0.4
     Қарғалы ауданы                      1.0
     Мәртүк ауданы                       2.1
     Хромтау ауданы                      2.5
     
     Батыс Қазақстан                     59.0
     оның ішінде:     
     Ақжайық ауданы                      2.0
     Бөрлі ауданы                        9,0
     Жәнібек ауданы                      3.0
     Зеленов ауданы                      13,0
     Казталов ауданы                     1,0
     Қаратөбе ауданы                     1,0
     Сырым ауданы                        9,0
     Тасқала ауданы                      5,0
     Теректі ауданы                      11,0
     Шыңғырлау ауданы                    5,0
     
     Қарағанды                           4.0
     оның ішінде:         
     Нұра ауданы                         3.1
     Осакаров ауданы                     0.9
     
     Қостанай                            30.0
     оның ішінде:
     Алтынсарин ауданы                   1.3
     Амангелді ауданы                    3.2
     Арқалық ауданы                      4.0
     Жангелдин ауданы                    2.0
     Денисов ауданы                      1.0
     Жітіқара ауданы                     2.0
     Қамысты ауданы                      1.0
     Қарасу ауданы                       5.5
     Меңдіқара ауданы                    2.0
     Сарыкөл ауданы                      3.0
     Таранов ауданы                      5.0
     
     Жиыны                               130.0
     
      
     
     
   Оқығандар:      
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.                         
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады