1. Айналыс мерзімі бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы агенті ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған және олардың портфелінде жатқан, теңгемен номинацияланған мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді және ұлттық жинақ облигацияларын 1999 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша айналыс мерзімі бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларға айырбастау арқылы айналыс мерзімі бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды шығаруды ұйымдастырсын.
3. Айырбастау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (мәлімет үшін
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясына) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жазбаша өтініштерді ерікті негізде беруі жолымен 1999 жылдың 8 сәуіріне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 363 қаулысымен бекiтiлген
Айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттiк
облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң (бұдан әрi - арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялар) тәртiбiн белгiлейдi.
2. Атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды (АВМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Эмитент) шығарады.
3. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды шығару, зейнетақы активтерi есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорлары сатып алған, теңгемен номинацияланған және арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларда 1999 жылдың 3 сәуiрiндегi жағдай бойынша олардың портфелiнде жатқан мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер мен ұлттық жинақтаушы облигацияларды алмастыру жолымен iске асырылады.
4. Айырбастау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер мен ұлттық жинақтаушы облигацияларды мерзiмiнен бұрын сатып алуы және теңгемен түскен түсiмдердi арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды төлеу үшiн пайдалануы жолымен iске асырылады. Сатып алу мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер мен ұлттық жинақтаушы облигациялардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсiлген ағымдағы құны бойынша жүргiзiледi. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды сатып алу бiр АҚШ долларына 88,3 теңге бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369
қаулысымен. P011369_
5. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялар иелерiне өтеу кезiнде олардың атаулы құнын алуға және жылына 6,14 % мөлшерiнде сыйақы (мүдде) алуға құқық бередi, бұл ретте тиiстi кезеңге арналған сыйақы сомасын есептеу үшiн арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялар айналысының есептi кезеңдегі күнтiзбелiк күнiнiң саны және жылдағы 365 күн пайдаланылады. <*>
Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.04. N 1201
қаулысымен. P001201_
6. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялар құжатсыз нысанда болады, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрi - Депозитарий) оларды ұстаушылардың "депо" шоттарында және олардың инвесторлары бойынша мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногында Бастапқы Диллерлерде ашылған "депо" шоттарында тиiстi жазбалар жүргiзу жолымен орналастырылады және айналысқа енгiзiледi.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды өтеудi жүзеге асыратын Қаржы агентi болады. Эмитент пен Қаржы агентi арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен және осы Ережемен реттеледi.
2. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялардың айналысы
8. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялардың айналысы 1999 жылдың
12 сәуiрiнен басталады. 9. Қайталама рынокта арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялармен жасалатын барлық операциялар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 10. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларға меншiк құқығын есепке алу және ауыстыру арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды ұстаушылардың жазбаша тапсырмалары және/немесе электрондық тапсырмалары негiзiнде сатушы мен сатып айтушының "депо" шотына тиiстi жазбалар жасау жолымен Депозитарий арқылы iске асырылады. 3. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларға сыйақы (мүдде) төлеу және оларды өтеу 11. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялар бойынша жылына 6,14 % мөлшерiнде сыйақы (мүдде) ставкасы белгіленедi. 12. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялар бойынша сыйақыны (мүдденi) есептеу олар орналастырылған күннен - 1999 жылдың 9 сәуiрiнен басталады.
13. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялар бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеу арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялардың орналастырылған кезiнен бастап әрбiр 6 ай сайын (182-183 күнтiзбелiк күн), яғни төлем жасалатын күнгi нарықтық конъюнктураға сүйене отырып белгiленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша теңгемен өтелген күнге дейiн жыл сайын 9 қазанда және 9 сәуiрде жүргiзiледi.
14. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды өтеу күнi - 2004 жылдың 8 сәуiрi.
15. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды өтеу төлем жасалатын күнгi нарықтық конъюнктураға сүйене отырып белгiленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша теңгемен олардың атаулы құнын төлеу арқылы жүргiзiледi.
16. Қаржы агентi арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялардың айналысы аяқталатын күнге дейiн және/немесе олар бойынша сыйақы (мүдде) төленетiн күнге дейiн Эмитентке мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығындағы әрбiр Бастапқы Дилер бойынша сыйақы (мүдде) есептеу немесе өтеу жүргiзiлетiн арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялардың мөлшерi туралы мәлiметтердi қамтитын жиынтық ведомостi жiбередi.
17. Арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды өтеу және олар бойынша сыйақы төлеу, Депозитарийдің деректері негізінде қалыптастырылатын Қаржы агентінің жиынтық ведомосіне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы Бастапқы Дилердің шотына ақша аудару арқылы, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
18. Эмитент арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды (оның iшiнде оларды басқа мемлекеттiк бағалы қағаздарға ауыстыруға ұсыну жолымен) сыйақы есептеудiң кезектi кезеңiндегi iс жүзiнде айналыста болған уақыт үшiн сыйақы төлей отырып, мерзiмiнен бұрын өтеудi жүзеге асыруға құқылы.
Мерзiмiнен бұрын өтелетiн арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар бойынша төлемдер, мерзiмiнен бұрын өтеу күнiнiң алдындағы күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырылады.
Эмитенттің мерзiмiнен бұрын өтеу туралы шешiмi, өз кезегiнде, ол бұл туралы 5 жұмыс күнiнен кешіктірмей бастапқы дилерлерге хабарлайтын, мұндай өтеу күнiне дейiн 10 жұмыс күнi бұрын Қаржы агентiне (келiсiм бойынша) хабарланады. <*> 19. Арнайы валюталық мемлекеттiк облигациялармен жасалатын операциялар бойынша салық салудың тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес анықталады. <*> Ескерту. 18-19-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.04. N 1201 қаулысымен. P001201_ Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Икебаева А.Ж.