Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек жөніндегі қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам
Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден ісіндегі ынтымақтастық пен
өзара көмек туралы келісімге қол қойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс бірінші
вице-министрі Рахат Мұхтарұлы Әлиевке Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден ісіндегі
ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімге Қазақстан
Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Үмбетова А.