Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 сәуір N 386

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек жөніндегі қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам

 

Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден ісіндегі ынтымақтастық пен

өзара көмек туралы келісімге қол қойылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс бірінші

вице-министрі Рахат Мұхтарұлы Әлиевке Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден ісіндегі

ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімге Қазақстан

Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Үмбетова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады