Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі ұсынған, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының үкіметі арасындағы Мұнай-газ секторындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жоғарыда аталған Келісімге қол қою жөнінде иран тарабымен келіссөз жүргізу тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрі Мұхтар Қабылұлы Әблязовке Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай-газ
секторындағы ынтымақтастық туралы келісімге принципті сипаты жоқ
өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Үмбетова А.