1. Алматы қаласындағы "Атакент" Қазақстан іскерлік ынтымақтастығы орталығының аумағында Парсы шығанағындағы араб елдерінің бірінші сауда көрмесін өткізу ұйымдастырылсын.
2. Былай:
1) аталған көрмеге шетелдік қатысушылар әкелген тауарлар уақытша әкелінген кедендік режимде рәсімделеді және импортталатын тауарлар кедендік баж және салықтарды төлеуден босатылады;
2) уақытша әкелінген кедендік режимде рәсімделген тауарларды иеліктен айырған жағдайда, импортталатын тауарларға тиісті кедендік төлемдер және салықтар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төленеді деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті "Атакент" Қазақстан іскерлік ынтымақтастығы орталығының аумағына көрмені өткізу үшін әкелінген тауарларды кедендік рәсімдеуді қамтамасыз етсін.
4. Шет ел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері үшін кедендік жеңілдіктерді бере отырып, көрмені өткізуге жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасына дипломатиялық арналар бойынша әкелінген баспа, жарнама және кәдесый өнімдерін кедендік рәсімдеу жүзеге асырылсын.
5. Мәселелерді жедел шешу және көрмеге практикалық жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының төрағалығымен және құрамына Сыртқы істер министрлігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің, "Атакент" Қазақстан
іскерлік ынтымақтастығы орталығының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясы құрылсын. 6. Аталған ведомстволар осы қаулы шыққан соң төрт күн мерзім ішінде жұмыс комиссиясының құрамына кандидатураларды ұсынсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Үмбетова А.