Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті" бөлімі мен реттік нөмірі 408-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-7-жолмен толықтырылсын:
"25-7 "Есеп" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы";
2)<*>
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207
қаулысына
:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымына:
"Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаменті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы басқармасы";
"Персоналмен жұмыс істеу жөніндегі басқарма" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Кадр және ұйымдастыру жұмысы департаменті";
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Есеп" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны".
ЕСКЕРТУ. 1-тармағындағы 2)-тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.07.23. N 1046 қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 тамыздағы N 1279
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 40, 372-құжат) күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі