Жалақы мен бюджеттік жәрдемақылар бойынша мемлекеттік мекемелердің берешектерін өтеу мақсатында және Қазақстан Республикасы "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 13 және 19-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен жалақы мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша мемлекеттік мекемелердің берешектерін өтеу үшін Батыс Қазақстан облысының әкіміне 150,0 миллион теңге (жүз елу миллион) сомада бюджеттік несие берсін.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімі бөлінген қаражаттарды мақсатты пайдалануды және несиені 1999 жылғы 1 желтоқсанға дейін қайтаруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған қаражатты мақсатты пайдалануға бақылау жасауды және бюджеттік несиені уақытылы қайтаруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Батыс
Қазақстан облысының әкімі несие келісімін жасассын. Келісім
шарттарының бірі болып, осы қаулының 2-тармағына сәйкес бюджеттік
несиені қайтармаған немесе толық қайтармаған жағдайда, Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Батыс Қазақстан облысы әкімінің
келісімінсіз ақшаны жергілікті бюджеттің кез келген шотынан есептен
шығаруы
көзделсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.