Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы ереже; 2) <*> ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министрі болуға рұқсат етілсін. <*> ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 3. <*> ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301 қаулысымен. P991301_ 4. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1553 P971553_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж; N 48, 450-құжат),
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1553 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 ақпандағы N 66 P980066_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж; N 4, 24-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 16 сәуірдегі N 418 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын және дипломатиялық қызмет органдарының біртұтас жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің халықаралық шарттарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есепшоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Министрліктің заңдарда белгіленген жағдайларда және тәртіппен
мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрлік өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады. 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтедi. Министрлiктiң құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат санының лимитi шегінде Сыртқы iстер министрi белгiлейдi <*> ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10. 7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi)" мемлекеттiк мекемесi. <*> ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрліктің өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге құқығы жоқ. 2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары 10. Министрліктің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамалары мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар табыс ету;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясат бағытын іске асыру және сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымас беріктігін, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық жолдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;
4) шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
5) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу;
6) мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды, оның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары ұсынатын заемдар мен гранттардың есебінен іске асыру үшін тікелей шет елдік инвестицияларды, басқа да қаржылық ресурстарды тартуға қатысу;
7) сыртқы экономикалық байланыстар және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарына кіруі саласында шарттық-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізу;
8) дүние жүзіндегі саяси және экономикалық жағдайды, шетелдік мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін зерделеу;
9) мемлекеттік органдарды сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
11. Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық жолдармен және әдістермен іске асыру;
3) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу;
4) Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізуін және халықаралық шарттарға қол қоюын ұйымдастыру;
5) Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде ғаламдық және аймақтық мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға ықпал ету;
6) Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламаларды және басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тікелей шетелдік инвестициялар мен қаржы ресурстарын тарту мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жәрдемдесу;
7) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны халықаралық қорға және ұтымды пайдалану, Әлемдік мұхиттың ресурстарын игеру, ғарыштық кеңістікті зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандығын, оның қорғанысын және ұлттық қауіпсіздігін, құқықтық тәртіпті қорғауды, Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық және қаржы байланыстарын, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де алмасуларды дамыту мен кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың мәжілістерін дайындау және өткізу жөніндегі бірлескен жұмысын үйлестіру;
10) жоғары және үкімет деңгейлеріндегі мемлекетаралық алмасуларды протоколдық қамтамасыз ету;
11) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру;
12) шет елдерде де, Қазақстан Республикасының аумағында да Министрліктің орталық аппаратын және оның өкілдіктерін кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, дипломатиялық қызмет кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
12. Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ заңдардың талаптарын ескере отырып, аталған ұйымдарға ақпарат беруге;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жобаларының Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес келуін бақылауды жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінен, консулдық мекемелерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың жанындағы өкілдіктерінен (бұдан әрі - шетелдегі мекемелер) келіп түсетін, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық байланыстарын жақсартуға жәрдемдесетін инвестициялық жобалардың, өтінімдердің, басқа да ұсыныстардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қарауына сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелері жөніндегі заң және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар енгізуге;
5) шетелдегі мекемелерді құру туралы ұсыныстар енгізуге;
6) Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту және елдің шетелдерде оң шырайын қалыптастыру жөнінде бастамашыл ұсыныстар енгізуге;
7) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру
және тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге; 9) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп, шет елдегі мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне тексерулер мен тексерістер жүргізуге қатысуға; 10) берілген құқықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдерде Қазақстан Республикасының жер учаскелеріне, ғимараттарына, құрылыстарына және өзге де мүлкіне иелік етуге, оларды пайдалануға және басқаруға; 11) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне жүктеген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Министрліктің мүлкі 13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. 14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Сыртқы істер министрі (бұдан әрі - Министр) басқарады.
Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлері, оның ішінде бір бірінші вице-министрі болады.
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлік жүктелген міндеттердің орындалуы, оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
18. Министр осы мақсатта:
1) өзінің Вице-министрлері мен Министрліктің құрылымдық
бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді; 2) заңдарға сәйкес Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; 4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді; 5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді; 6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 19. Министрдің жанынан Алқа құрылады, оның жеке және сандық құрамын Министр бекiтедi. <*> Алқа халықаралық жағдайдың, Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің, Министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, оның шетелдегі мекемелерінің практикалық жұмысының негізгі мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.