Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 қараша N 1553. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.04.16. N 418 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
 
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санына сүйене отырып 311 адам болып, қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне бiрiншi вице-министрi және үш вице министрi, сондай-ақ 15 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.02.02. N 66
               қаулысымен. P980066_
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң аппараты

 

үшiн 6 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.

     5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

     "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi туралы

ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9

қыркүйектегi N 1094 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996

ж., N 36, 346-құжат);

     "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымы

туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi

N 623 қаулысы.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 12 қарашадағы

                                           N 1553 қаулысымен

                                               бекiтiлген


               Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер

                  министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы


                                ЕРЕЖЕ


                             I. МИССИЯСЫ



 
       1. Дүниежүзiлiк қауымдастықта мемлекеттiң бағытын нығайту, оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ұлттық мүддесiн қорғау, сондай-ақ Қазақстанның дамуы мен гүлденуi үшiн қолайлы сыртқы жағдайлар жасау.
 
                          II. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiк Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметiн жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiне басшылық етедi.
 
      3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
 
      4. Министрлiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
 
      5. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
 
      6. Министрлiк заңды тұлға болып табылады. Қазақстан

 

Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс

тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi, банктерде, оның iшiнде шетел

валютасындағы шоттары бар.


     7. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарауында

Дипломатиялық академия және Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс

жөнiндегi департамент бар.


                          III. БАСЫМДЫҚТАР


     8. Министрлiк өз қызметiнде мынадай бағыттарға басым маңыз

бередi:



 
       Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру;
      Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарында бiрыңғай сыртқы саяси бағытын жүргiзуде орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
      Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуына жалпы бақылау мен бақылауды жүзеге асыру;
      дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердi сақтауға бақылауды жүзеге асыру.
 
              IV. МИНИСТРЛIКТIҢ, МIНДЕТТЕРI, ФУНКЦИЯЛАРЫ
                            ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ
 
      9. Министрлiкке мынадай мiндеттер жүктеледi:
 
      Қазақстан Республикасының Сыртқы саясатының тұжырымдамалары мен негiзгi бағыттарын әзiрлеу мен Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi ұсыныстар беру;
      Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру және сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекаралық берiктiгiн, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарындағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдармен және әдiстермен қорғауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының шетелдердегi азаматтарының, заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
      Дүниежүзiндегi саяси және экономикалық жағдайды, шетел мемлекеттерiнiң сыртқы және iшкi саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметiн зерделеу;
      мемлекеттiк органдарды сыртқы және iшкi саясатты жүзеге асыруға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған басқа да мiндеттердi жүзеге асыру.
 
      10. Қойылған мiндеттердi орындау мақсатында министрлiкке мынадай функциялар берiледi:
      шетел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауда Қазақстан Республикасының өкiлдiгi;
      Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, дүниежүзiлiк және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi бастамасын дипломатиялық құралдармен және әдiстермен жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысады және әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен келiссөздер жүргiзудi және халықаралық шарттарға қол қоюды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, басқа халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың жұмысына қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастықтың мүшесi ретiнде кең ауқымды және аймақтық проблемаларды шешудегi ролiн көтеруге жәрдемдесу;
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны халықаралық қорғау және тиiмдi пайдалану, Әлемдiк мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңiстiгiн зерделеу саласындағы мүдделерiн қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандығын, оның қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құқық тәртiбiн сақтау, Қазақстан Республикасының шет ел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық және қаржы байланыстарын дамыту мен кеңейту, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де алмасулары жөнiндегi шараларды әзiрлеуге қатысу;
      жоғарғы және үкiмет деңгейiндегi мемлекетаралық алмасуларды хаттамалық қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеу, есебiн жүргiзу және сақтаудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық депозитарий функциясын жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппараты және шетелдердегi өкiлдiктерiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз етудi жүзеге асыру, дипломатиялық қызмет кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
 
      11. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру және функцияларды орындау кезiнде:
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншiк нысандары мен ұйымдық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардан Министрлiкке жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ белгiленген тәртiппен аталған органдар мен ұйымдарға беруге;
      Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары жобаларының Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық-құқық нормаларына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асыруға;
      заңдармен белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң қарауына сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелерi жөнiнде заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      заңдармен белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, бас консулдықтарының, консулдықтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы (бұдан былай - шетелдердегi мекемелер) өкiлдiктерiнiң мекемелерi туралы ұсыныстар енгiзуге;
      белгiленген тәртiппен және өз құзыретiнiң шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ меншiк нысандары мен ұйымдық бағыныстылығына қарамастан ұйымдар атқаруға мiндеттi, олардың халықаралық байланыстарды жүзеге асыруы кезiндегi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
      Қазақстан Республикасының заңдармен белгiленген тәртiппен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату мәселелерiн шешуге, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Ұттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп қаржы-шаруашылық қызметтерге ревизиялар және тексерiстер жүргiзуге;
      заңдарға және берiлген құқықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдiк Қазақстан Республикасының жер учаскелерiне, ғимараттарына және құрылыстарына, күрделi және өзге де жабдықтары мен мүлiктерiне иелiк етуге, пайдалануға және басқаруға;
      Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқығы бар.
 
                    V. МИНИСТРЛIКТIҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
 
      12. Министрлiктiң лауазымды адамдары Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға тұтастай алғанда Министр дербес жауап бередi.
      Министрлiктiң департаменттерi мен басқармаларының, сондай-ақ оның шетелдердегi мекемелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындауына және өз функцияларын жүзеге асыруларына олардың басшылары дербес жауап бередi.
 
      13. Министрлiктiң, сондай-ақ оның шетелдердегi мекемелерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауаптылықта болады.
 
                      VI. МИНИСТРДIҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
 
      14. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi (бұдан әрi - Министр) басқарады.
      Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бiрiншi вице-министрi және үш вице министрi болады.
      Министр мынадай мiндеттердi орындайды:
      Қазақстан Республикасын екiжақты және көпжақты келiссөздерде бiлдiредi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды.
      Министрлiктi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және шетел мемлекеттерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда бiлдiредi;
      Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оның шетелдердегi мекемелерiнiң қызметiне басшылық етедi, Министрлiк департаменттерi туралы ережелердi, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн реттейтiн ережелердi (жарғыларды) бекiтедi, сондай-ақ Министрлiк жүйесi лауазымды адамдарының сыртқы саяси, ұйымдастыру, кадр, қаржы, өндiрiс-шаруашылық және өзге де мәселелердi шешудегi құзыретiн айқындайды;
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне елшiлердiң және халықаралық (мемлекетаралық, үкiметаралық) ұйымдардағы тұрақты өкiлдердiң тағайындалулары, керi шақыртып алынулары, сондай-ақ қызметте болу мерзiмдерiн ұзарту және қысқарту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      болу мемлекетiнiң келiсiмi бойынша (тағайындау кезiнде) Қазақстан Республикасының штаттан тыс (құрметтi) консулдарын тағайындайды және мiндетiнен босатады;
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне Дипломатиялық академия ректорын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi;
      Дипломатиялық академия ректорының ұсынуы бойынша Дипломатиялық академия проректорларын, Министрлiктiң басқа да оқу орындарының басшыларын тағайындайды және мiндетiнен босатады;
      Министрлiктiң орталық аппараты, шетелдердегi мекемелерi, Министрлiктiң Қазақстан Республикасының аумағындағы өкiлдiктерi, ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметiнiң мәселелерi жөнiнде бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады, тапсырмалар бередi;
      вице-министрлер арасында мiндеттердi бөледi;
      Министрлiктiң орталық аппаратының және оның Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерiнiң белгiленген еңбекақы қоры шегiнде штат кестесiн және қызметкерлерiнiң санын, тиiстi бюджеттiк қаржының шегiндегi оларды ұстауға тиiстi мерзiмде бекiтiлген шығыстар сметасын бекiтедi;
      шетелдердегi мекемелердiң, белгiленген еңбекақы қоры шегiнде штаттық кестесiн және қызметкерлерiнiң санын; бекiтiлген бюджеттiк қаржының шегiнде шетелдегi мекемелерi ұстауға арналған шығыстар сметасын бекiтедi;
      Кеңесшi-елшi мен шетелдердегi мекемелердегi Бас консулдан және Министрлiктерi Ерекше тапсырмалар жөнiндегi елшiден бастап, министрлiк орталық аппаратының және шетелдегi мекемелердiң басшы қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      заңдармен белгiленген тәртiппен дипломатиялық қызмет қызметкерлерiн және шетел мемлекеттерiнiң қайраткерлерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға және Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын беруге ұсынады;
      атташеден бастап, I сыныпты кеңесшiнi қоса алғанда дипломатиялық дәрежелер бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне Төтенше және Өкiлеттi Елшi, I және II сыныпты Төтенше Өкiлеттi Елшi дипломатиялық дәрежелерiн беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.02.02. N 66
               қаулысымен.
                        VII. МИНИСТРЛIК АЛҚАСЫ
 
      15. Министрлiкте құрамына Министр (алқа төрағасы),

 

вице-министрлер және бөлiмшелердiң басшылары кiретiн алқа құрылады.

Алқа құрамына өзге де тұлғалар кiре алады.



     Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi.

     Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.

     Алқа Министрлiк қызметiнiң мейлiнше маңызды мәселелерiн қарайды

және тиiстi шешiмдер қабылдайды.

     Алқа мәжiлiстерiнде кеңесшiден жоғары дипломатиялық лауазымдар

бекiтiледi.

     Министрлiк алқасы Төтенше және Өкiлеттi Елшi және I және II

сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Елшi дипломатиялық дәрежелерi бар

тұлғалардың орнынан түсуi жөнiндегi мәселелердi қарайды және тиiстi

шешiмдер қабылдайды.

     Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қаулы

нысанында қабылданады және Министрдiң бұйрығымен iске асырылады.

     ЕСКЕРТУ. 15-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.02.02.

              N 66 қаулысымен.


                                       Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 12 қарашадағы

                                           N 1553 қаулысына

                                               Қосымша


               Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер

              министрлiгi орталық аппаратының құрылымы



     Басшылық


     Әкiмшiлiк және бақылау департаментi


     Консулдық қызмет департаментi


     Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының және оның

шетелдердегi мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi

департамент


     Бiрiншi департамент (БҰҰ және халықаралық экономикалық

ынтымақтастық басқармасы, Халықаралық қауiпсiздiк басқармасы)


     Екiншi департамент (ТМД елдерiнiң басқармасы, ТМД-дағы көпжақты

ынтымақтастық басқармасы)


     Үшiншi Департамент (Европа және Америка басқармасы, Мемлекеттiк

хаттама басқармасы)


     Төртiншi Департамент (Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасы,

Келiсiм-құқықтық басқармасы)





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады