Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасында стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық бойынша келісім жасасу туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің төрағасы Мұрат Хамитұлы Тұрысбековке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы Стандарттау, метрология
және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол
қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Омарбекова А.Т.