Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 494 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4253 Жарлығымен бекітілген "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көзделген бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру және ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін одан әрі арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандарты бекітілсін.
2. Облыстардың әкімдері белгіленген тәртіппен:
ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартын іске асыруды қамтамасыз етсін;
1999 жылдың 1 қазанына дейін мерзімде жұмыс істеп тұрған фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттерді ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартымен белгіленген нормативке жеткізу арқылы төлқұжаттандыруды жүргізсін.
3. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында облыстардың әкімдеріне аудан әкімдері аппараттарының құрылымында денсаулық сақтау бөлімдерін көздеу ұсынылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
26 сәуірдегі
N 472 қаулысымен
бекітілген
Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың
ең төменгі мемлекеттік стандарттар
Ескерту. Стандарттарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.28. N 1304 қаулысымен.
Тұрғын халықтың саны 5000 адамнан асатын, жақын аудандық (аудандық орталық) ауруханадан 50 километрден асатын қашықтықта орналасқан елді мекендерде және ауылдық округтерде ауылдық аурухана ашуға жол беріледі.
Әрбір аудан орталығында:
перзентхана бөлімшесі және жедел медициналық көмек станциясы (бөлімшесі) бар орталық аудандық аурухана;
барлық құрылымдық бөлімшелерімен санитарлық-эпидемиологиялық станция;
әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емделуге арналған мекеме (бөлімше, кабинет) болуы тиіс.
Әрбір облыс орталығында:
ересектер және балалар немесе біріктірілген облыстық ауруханасы;
қан орталығы;
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция;
әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емдеуге арналған мекеме (аурухана, диспансер) болуы тиіс.