Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Бағалы қағаздармен биржалық сауда жасауды жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 желтоқсандағы N 1538 P961538_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 499-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгіленген тәртіппен акционерлік қоғамдардың 200 000 есеп айырысу көрсеткіштеріне дейінгі мәлімделген жарғылық капиталымен бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу және бағалы қағаздарды шығару қорытындылары мен оларды орналастыру туралы есеп беру жөніндегі материалдарды Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.