Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) бір ай мерзімде "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) құрылтай құжаттарын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді
қамтамасыз
етсін;
2) қосымшаға сәйкес құрамда Қоғамның Директорлар кеңесін құрсын;
3) Қоғамның Директорлар кеңесіне Б.Б. Жәмішевті Кеңестің төрағасы
етіп сайлау ұсынылсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылы 1
желтоқсандағы N 365 өкімі;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 25 мамырдағы
N 92 өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 15 мамырдағы
N 586 қаулысына
қосымша
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік
қоғамы Директорлары кеңесінің
Құрамы
Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі
Абдулина Нәйлә - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Құрманбекқызы Банкі төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс вице-министрі
Сүлейменов Серік Жүсіпұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Сұлтанқұлов Ерік Ахметханұлы - "Мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы
директорының міндетін атқарушы
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.