"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 мамыр N 586. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 482 қаулысымен. ~P010482

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) бір ай мерзімде "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) құрылтай құжаттарын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді

 

қамтамасыз

етсін;

     2) қосымшаға сәйкес құрамда Қоғамның Директорлар кеңесін құрсын;

     3) Қоғамның Директорлар кеңесіне Б.Б. Жәмішевті Кеңестің төрағасы

етіп сайлау ұсынылсын.

     2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

     1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылы 1

желтоқсандағы N 365 өкімі;

     2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 25 мамырдағы

N 92 өкімі.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

       міндетін атқарушы



                                            Қазақстан Республикасы

                                            Үкіметінің

                                            1999 жылғы 15 мамырдағы

                                            N 586 қаулысына

                                                  қосымша


         "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік

                  қоғамы Директорлары кеңесінің

                            Құрамы


     Жәмішев Болат Бидахметұлы   - Қазақстан Республикасының

                                   Қаржы вице-министрі


     Абдулина Нәйлә              - Қазақстан Республикасы Ұлттық

     Құрманбекқызы                 Банкі төрағасының орынбасары

                                   (келісім бойынша)


     Бектасов Әбен Ағыбайұлы     - Қазақстан Республикасының

                                   Мемлекеттік кіріс вице-министрі


     Сүлейменов Серік Жүсіпұлы   - Қазақстан Республикасы Еңбек

                                   және халықты әлеуметтік қорғау

                                   вице-министрі


     Сұлтанқұлов Ерік Ахметханұлы - "Мемлекеттік жинақтаушы

                                    зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы

                                    директорының міндетін атқарушы


Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.        









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады