Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін реформалау және "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Денсаулық сақтау саласындағы жоба) жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта
жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы
келісім (Денсаулық сақтау саласындағы жоба)
жасасу туралы
Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін реформалау және "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Денсаулық сақтау саласындағы жоба) жасалсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Заем туралы келісім (Денсаулық сақтау саласындағы жоба) жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың Өкілеттік сертификатын ресімдесін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті