"Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 27 қарашадағы N 1200 P981200_ қаулысына сәйкес "Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ) қашық магистральды екi әуе кемесiн сатып алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Әуе кемелерiн сатып алу" жобасы "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 қарашадағы N 1200 қаулысымен көзделген "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның әуе паркiн жаңарту" жиынтық жобасының шеңберiндегi инвестициялық және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес сыртқы заем қаражатының есебiнен қаржыландырылатын жоба ретiнде бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiнiң шегiнде шетелдiк несие берушiге жалпы сомасы 36 000 000 (отыз алты миллион) АҚШ долларына заңдарда белгiленген тәртiппен кепiлдiк мiндеттеме берсiн;
2) "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-мен оның Қазақстан Республикасының алдындағы аталған мемлекеттiк кепiлдiктi беруден туындайтын мiндеттемелердi қамтамасыз етуi туралы тиiстi келiсiмдер жасассын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрi С.М.Бүркiтбаевқа және "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның президентi Е.Ғ.Етекбайға:
сатып алынатын әуе кемелерiнiң техникалық-экономикалық сипаттамаларының халықаралық стандарттарға сай болуы үшiн;
әуе кемелерiн сатып алу туралы шарт талаптарының және сатушының сатып алынатын әуе кемелерiнiң негiзгi параметрлерi бойынша, оның iшiнде қону циклдерi мен двигателi жұмысының циклдерi бойынша ресурстық лимиттердi кепілдi қамтамасыз етуi туралы міндеттемелерінің сатушының мәлімдеген тендерлік ұсыныстарына сай болуы үшін жеке жауапкершілік жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.