Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Бұнашам" құрылыс өндірістік-қайта өңдеу коммерциялық фирмасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына 1994 жылғы 30 желтоқсандағы сериясы МГ N 55 лицензияның және 1996 жылғы 30 қазанда жасалған келісімшарттың негізінде берілген жер қойнауын пайдалану құқығын "Алтын төбе" тау-кен компаниясы" жабық акционерлік қоғамының пайдасына беруге рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күші бар Жарлығының 12-бабының 1-тармағының 2-тармақшасының, 14-бабының 5-тармағының және Азаматтық кодекстің нормаларын сақтай отырып, "Бұнашам" құрылыс өндірістік-қайта өңдеу коммерциялық фирмасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына Шығыс Қазақстан облысының Абай және Жаңа Семей аудандарындағы орналасқан лицензиялық алаңдарды алтынға геологиялық зерделеуге, "Жанан" алтын кен орнын және жаңадан анықталған коммерциялық объектілерді игеру үшін берілген жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1994 жылы 30
желтоқсандағы сериясы МГ N 55 лицензияны "Алтын төбе" тау-кен
компаниясы" жабық акционерлік қоғамына қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі
осы қаулыны іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Нарбаев Е.