Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі заңдардың талабын ескере отырып, жарғылық қорды тиісті азайту арқылы Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 мекен-жай бойынша орналасқан ғимаратты "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мүлкінің құрамынан шығаруды және оны одан әрі жекешелендіру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті заңдарға сәйкес алынған қаражатты
республикалық бюджеттің кірісіне есептей отырып, жоғарыда көрсетілген
ғимаратты жекешелендіруді жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Нарбаев Е.