"Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мүлкі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 766

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі заңдардың талабын ескере отырып, жарғылық қорды тиісті азайту арқылы Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 мекен-жай бойынша орналасқан ғимаратты "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мүлкінің құрамынан шығаруды және оны одан әрі жекешелендіру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

 

және жекешелендіру комитеті заңдарға сәйкес алынған қаражатты

республикалық бюджеттің кірісіне есептей отырып, жоғарыда көрсетілген

ғимаратты жекешелендіруді жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




     Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады