1999 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен АЕS корпорациясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның шарттарын іске асыру және Қазақстан Республикасының міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қатысуымен заңдарда белгіленген тәртіппен "Семей электр бөлуші желілері" ашық акционерлік қоғамының "Семей көлік-энергетика компаниясы" жабық акционерлік қоғамының акцияларымен жасасқан мәмілелерді және "Семей көлік-энергетика компаниясы" жабық акционерлік қоғамы мен "Семей электр
бөлуші желілері" ашық акционерлік қоғамының электр энергияларын бөлу және
беру жөніндегі активтерді иеліктен шығаруға байланысты мәмілелерді
жарамсыз деп тану шараларын қабылдасын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.10. N 203
қаулысымен.
2.
3.
ЕСКЕРТУ. 2, 3-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.02.10.
N 203 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Қасымбеков Б.