Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 маусым N 855. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.19. N 836 қаулысымен. ~P010836

      Әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, қоса беріліп отырған Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеудің тәртібі туралы үлгі ереже бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеудің тәртібін айқындау ұсынылсын.
      2. Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің "Әлеуметтік қорғауға аса

мұқтаж және жұмысқа орналасуда қиындықтарға кезігіп жүрген адамдарды 
жұмысқа қабылдауды квоталаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 
1991 жылғы 4 қарашадағы N 664 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкіметінің
                                       1999 жылғы 25 маусымдағы
                                          N 855 қаулысына
                                              қосымша
     
           Әлеуметтiк қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа
      қабылдау үшiн ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота)
             белгiлеудiң тәртiбi туралы үлгi ереже
                   (бұдан әрi - Ереже)
     


      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына, Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiне сәйкес әзiрлендi.

                       1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмыспен қамтуға және оларды жұмысқа қабылдауға жәрдем көрсету мақсатында меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындарының ең аз саны (бұдан әрi - квота) (квота) белгiленедi.
      Жұмыс орындары (квота) - ұйымдардағы жұмыс орындарының әлеуметтiк қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдауға арналған бөлшегi (бөлiгi).
      2. Әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарға азаматтардың мынадай санаттары: 20 жасқа дейiнгi жастар; жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеушi жалғызбасты және көп балалы ата-аналар; 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды тәрбиелеушi ата-аналар; мүгедектер соңғы жұмыс орнынан шығу негiзiне қарамастан ұзақ (бiр жылдан астам) уақыттан берi жұмысы жоқ адамдар; зейнеткер жасына таяп қалған (зейнеткерлiкке шығуына 2 жыл қалған) адамдар; бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар; құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшiн босатылған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметтен зейнетақы алу құқығынсыз босатылған әскери қызметшiлер; босқындар, мигранттар (оралмандар), әйелдер; ауыл тұрғындары; экологиялық зiлзала аймақтарында тұратын адамдар, жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер жатады. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.22. N 1882
               қаулысымен. P001882_

                  2. Квоталарды белгілеудiң шарттары мен тәртiбi

      3. Квота туралы нақты ұсыныстарды әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдар топтарының мүдделерiн қорғайтын қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аймақтағы жұмыс күшiне сұранымды және ұсынымды талдаудың, болжаудың негiзiнде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар әзiрлейдi.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар ұсынған ұсыныстардың негiзiнде тиiстi шешiмдерiмен өз аумағында орналасқан ұйымдарға әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды қабылдау үшiн жұмыс орындарына квота және оны енгiзу мерзiмiн белгiлейдi.
      Квоталарды белгiлеу кезiнде әлеуметтiк қорғауға мұқтаж адамдардың жасы және жыныстық құрамы, мамандығы мен бiлiктiлiк деңгейi, сондай-ақ ұйымдардағы қызмет түрi, режимi, сипаты мен әлеуметтiк-тұрмыстық еңбек жағдайы ескерiледi.
      5. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар қабылданған шешiм туралы жұмыс берушiлердi квотаны енгiзуден бiр ай бұрын хабардар етедi.
      6. Квота мөлшерi (ұйымда жұмыс iстейтiн адамдар санының 5%-iнен аспайтын) жыл сайын кемiнде бiр жыл мерзiмге белгiленедi.
      7. Жұмыс берушiлер белгiленген квотаға сәйкес азаматтардың осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жұмыс орындарын құрады немесе бөледi.
      8. Квота бойынша жұмыс орындарына еңбекке орналастыру жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық деңгейлердегi) жолдамасы бойынша жүргiзiледi.

          3. Жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж
              адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудегi
                   мiндеттерi және жауапкершiлiгi

      9. Жұмыс берушiлер жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жiберген азаматтарды әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж адамдарға арналған квотаға сәйкес жұмысқа қабылдауға мiндеттi.
      10. Белгiленген квоталардың шеңберiнде құрылған немесе бөлінген, босаған жұмыс орындары туралы ақпаратты жұмыс берушiлер ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес, олар пайда болған күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
      11. Жұмыс берушiлер тоқсан сайын жұмыспен қамту мәселелерi

жөнiндегi уәкiлеттi органға квотаның есебiне бөлiнген жұмыс 
орындарының толығуы жөнiнде ақпарат ұсынады.
     12. Жергiлiктi органдардың жұмыс орындарын квоталау туралы 
шешiмiн орындамаған немесе әлеуметтiк қорғауға мұқтаж азаматтарды 
жұмысқа орналастырудан жалтарған жұмыс берушiлер Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
     13. Квотаның есебiнен бөлiнген жұмыс орындарының толығуын 
бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар, жұмыспен қамту мәселелерi 
жөніндегi уәкiлеттi органдар және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi 
уәкiлеттi органдардың инспекциясы жүзеге асырады.
     

   Оқығандар:     
   Қобдалиева Н.
   Орынбекова Д.       
      
      


Вопросы установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июня 1999 года N 855 Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 июня 2001 г. N 836 ~P010836.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.06.2001 № 836.

      В целях обеспечения занятости граждан, нуждающихся в социальной защите, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Рекомендовать акимам областей, городов Алматы и Астаны определить порядок установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите, по прилагаемым примерным Правилам о порядке квотирования приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите.

      2. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Казахской ССР от 4 ноября 1991 г. № 664 P910664_ "Об утверждении положения о порядке квотирования приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите и испытывающих затруднения в трудоустройстве".

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня опубликования.


      Премьер-Министр

      Республики Казахстан


  Приложение
 
 
  к постановлению Правительства
Республики Казахстан
25 июня 1999 года № 855
 
 
  Примерные Правила
  о порядке установления организациям минимального
  количества рабочих мест (квоты) для приема на работу
  лиц, нуждающихся в социальной защите
  (далее - Правила)
 

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан "О занятости населения" Z980341_ , "О социальной защищенности инвалидов в Республике Казахстан" Z911900_ , Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" Z952235_ , Кодексом Казахской ССР об административных правонарушениях K841000_ .

      1. Общие положения

      1. В целях оказания содействия занятости и приему на работу лиц, особо нуждающихся в социальной защите организациям, независимо от форм собственности, устанавливается минимальное количество рабочих мест (квот) (далее - квота).

      Рабочие места (квота) - это доля (часть) рабочих мест в организациях для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите.

      2. К лицам, особо нуждающимся в социальной защите, относятся следующие категории граждан: молодежь до 20 лет; одинокие и многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей, родители, воспитывающих детейинвалидов до 16 лет; инвалиды; лица, продолжительное время (более одного года) не имеющие работы, независимо от основания последнего увольнения; лица предпенсионного возраста (за 2 года до выхода на пенсию); лица, освобожденные из мест лишения свободы, прошедшие принудительное лечение по решению суда; военнослужащие, уволенные с военной службы без права на пенсию, за исключением случаев увольнения за совершение противоправных действий; беженцы, мигранты (оралманы), женщины; сельское население; население, проживающее в регионах экологического бедствия; выпускники организаций образования из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 22 декабря 2000 г. N 1882 P001882_ .


      2. Условия и порядок установления квот

      3. Конкретные предложения о квоте разрабатываются на основе анализа, прогнозирования спроса и предложения на рабочую силу в регионе уполномоченными органами по вопросам занятости с участием общественных организаций, представляющих интересы групп населения, особо нуждающихся в социальной защите.

      4. На основании представленных уполномоченными органами по вопросам занятости предложений местные исполнительные органы соответствующими решениями устанавливают организациям, расположенным на их территории, квоту на рабочие места для приема лиц, особо нуждающихся в социальной защите, и сроки ее ведения.

      При определении квоты учитывается половозрастной состав, профессии и квалификационный уровень лиц, особо нуждающихся в социальной защите, а также вид деятельности, режим, характер и социально-бытовые условия труда в организациях.

      5. Уполномоченные органы по вопросам занятости информируют работодателей о принятом решении не менее чем за месяц до начала введения квоты.

      6. Размер квоты (не более 5% от численности работающих в организации) определяется ежегодно на срок не менее года.

      7. Работодатели в соответствии с установленной квотой создают или выделяют необходимое количество мест для трудоустройства категорий граждан, указанных в пункте 2 настоящих Правил.

      8. Трудоустройство на рабочие места по квоте производится по направлению уполномоченного органа по вопросам занятости (на городском, районном в городах, районном уровне).


      3. Обязанности и ответственность работодателей

      в обеспечении занятости лиц, особо нуждающихся

      в социальной защите

      9. Работодатели обязаны принимать на работу граждан, направленных уполномоченным органом по вопросам занятости в соответствии с установленной квотой для лиц, особо нуждающихся в социальной защите.

      10. Информацию об освобождающихся рабочих местах, созданных или выделенных в рамках установленных квот, работодатели обязаны представлять в уполномоченный орган по вопросам занятости, в соответствии с квалификационными требованиями, установленными в организациях, в трехдневный срок со дня их появления.

      11. Информацию по заполняемости рабочих мест, выделенных в счет


      квоты, работодатели ежеквартально представляют в уполномоченный орган по

      вопросам занятости.

      12. Работодатели, не выполнившие решение местного исполнительного

      органа о квотировании рабочих мест или уклоняющиеся от трудоустройства

      граждан, нуждающихся в социальной защите, несут ответственность в

      соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      13. Контроль заполняемости рабочих мест, выделенных в счет квоты,

      осуществляют местные исполнительные органы, уполномоченные органы по

      вопросам занятости и инспекции уполномоченных органов по вопросам

      занятости.

      (Специалисты: Кушенова Д.

      Жакупова Э.)