Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Достастыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік,
шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі
туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік,
шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара
атқарудың тәртібі туралы келісімді бекіту туралы
1998 жылғы 6 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Достастыққа қатысушы
мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық
соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік,
шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара
атқарудың тәртібі туралы
Келісім
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, осы Келісімге қатысушы
мемлекеттер,
1993 жылғы 24 қыркүйектегі Экономикалық одақ құру туралы шартқа негізделе отырып және 1992 жылғы 20 наурыздағы Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімді дамыту үшін,
экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүдделерінде Уағдаласушы Тараптардың аумағында орналасқан субъектілер арасындағы экономикалық дауларды шешудің келісілген тәртібін қамтамасыз ету, сондай-ақ бір Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотының шешімдерін басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында кедергісіз орындауды қамтамасыз ету қажеттілігін тани отырып, төмендегі туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім Уағдаласушы Тараптардың экономикалық дауларды қозғайтын ведомстволарына қатысты істер боынша төрелік, шаруашылық және экономикалық соттарының заңды күшіне енген шешімдерін өзара атқару тәртібін белгілейді.
Осы Келісіммен және Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісіммен қамтылмайтын жағдайларда, сондай-ақ сот істерінің басқа да санаттары бойынша сот шешімдерін өзара атқару тәртібі 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенциямен белгіленеді.
2-бап
Шешімі басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында орындалуға жататын құзыретті сот болып дауларды Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімнің 4-бабының ережелеріне сәйкес қарауға құқылы Уағдаласушы Тараптың соты танылады.
3-бап
Бір Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотының заңды күшіне енген шешімі басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында даусыз тәртіпте орындалады.
Борышкердің мүлкіне жаза қолдану оған арыз беруші мыналарды тапсыруға міндетті Уағдаласушы Тараптың құзыретті сотына өндіріп алушының берген өтініші бойынша борышкер орналасқан жердегі мемлекеттің заңдарына сәйкес жүргізіледі:
шешімді мәжбүрлеп орындау туралы өтініш қозғалған шешімнің заңды күшіне енгендігі туралы растамасы бар (егер ол шешімнің өзінің мәтінінен көрінбесе) құзыретті соттың шешімінің тиісті расталған көшірмесі;
борышкердің сот отырысына қатысуын растайын құзыретті соттың құжаты, ал келмеген жағдайда - оны сот өндірісі туралы тиісті хабардар еткендік туралы құжат;
орындау құжаты.
Егер шешімді орындау басталып кетсе немесе шешім Уағдаласушы Тараптардың біреуінде ішінара орындалған жағдайда, қалған сома мен өндіріп алуға жататын мүлікті көрсете отырып, осы фактіні растайтын құжаттар да қажет.
4-бап
Өндіріп алу кезектілігі, процедурасы, шегі және құзыретті соттың шешімін орындауды қамтамасыз етуге шаралар өндіріп алу аумағында жүргізілетін Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгіленеді. Өндіріп алу осы Уағдаласушы Тараптың өз сотының шешімін орындау сияқты шарттарда жүргізіледі.
Мемлекет мемлекеттік кепіл берілген жағдайлардан басқа, заңды
тұлғаның міндеттемелері бойынша жауапкершілік көтермейді.
5-бап
Осы Келісімге сілтемесі бар борышкердің төлем құжатының, сондай-ақ
осы Келісімнің 3-бабында аталған құжаттардың негізінде борышкерге қызмет
көрсететін банк ұйғарылған соманы борышкердің банк есебінен көшіруді
жүргізеді. Мұнда өндіріп алушы құзыретті сот куәландырған, борышкердің сот
отырысына қатысуын растайтын құжатты немесе борышкердің сот өндірісі
туралы дер кезінде тиісті хабарлама алғандығы туралы құжатты тапсыруға
міндетті.
6-бап
Өндіріп алушы тапсыратын құжаттар орыс тілінде жазылады.
7-бап
Егер құзыретті соттың шешімі бойынша белгілі бір мүлік заттай түрінде алынуға тиіс болса, шешімнің орындалуын осы аумақта қолданылып жүрген заңдарға сәйкес борышкердің мүлкі орналасқан жердегі соттың сот орындаушысы қамтамасыз етеді.
8-бап
Өндіріп алушы осы келісімнің 3-бабында аталған құжаттарды тапсырмаған жағдайда немесе борышкердің Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімнің 9-бабымен көзделген басқа да негіздермен шешімнің орындалуына қарсы дәлелді қарсылықтары келіп түскен жағдайда банк төлем құжатын өндіріп алушыға орындамай қайтарып береді.
Бұл жағдайда өндіріп алушы сот шешімін мәжбүрлеп орындауға рұқсат беру немесе борышкердің мүлкіне жаза қолдану туралы өтінішпен Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімнің 8-бабымен көзделген тәртіппен борышкер орналасқан жердегі құзыретті сотқа жүгінуге құқылы.
9-бап
Осы Келісімнің 8-бабымен көзделген жағдайда сот өтінішті борышкерді өтініш қаралатын уақыт пен жер туралы хабардар етіп, ашық сот отырысында қарайды.
Істі қараған кезде борышкердің қалауымен сотқа борышкер орналасқан жердегі мемлекеттің сотының өкілдері қатыса алады.
Сотқа борышкерге хабарлама берілгендігі туралы белгілі болса, борышкердің дәлелді себепсіз келмеуі өтінішті қарауға кедергі болып табылмайды.
Егер борышкер сотқа өтінішті қарау уақытын ауыстыру туралы өтінішпен жүгініп, бұл өтінішті сот дәлелді деп таныса, сот отырысты өткізу уақытын ауыстырып, борышкерге өтінішті қараудың жаңа уақыты туралы хабарлайды.
Сот шешімін орындауда тек Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімнің 8 және 9-баптарының ережелері сақталмаған жағдайда өндіріп алушының талабынан бас тартылуы мүмкін.
10-бап
Борышкердің есебінде борышты өтеуге жеткілікті ақша қаражаттары болмауға байланысты оның шотынан борыш сомасын көшіру мүмкін болмаған жағдайда банк өндіріп алушыға атқарушы құжатты қайтарып береді.
Өндіріп алушының өтініші бойынша сот шешімдерін орындау жүктелген лауазымды адам осы Келісімнің 3-бабының талаптары сақталған кезде борышкердің мүлкі орналасқан жерде осы мүлікке (жылжымалы және жылжымайтын) жаза қодануға және оны сатқаннан түскен ақша қаражаттарын өндіріп алушыға аударуды қамтамасыз етуге міндетті.
11-бап
Егер борышкердің банк есебінен ақша қаражаттары өндіріп алушы тұратын елдің аумағында қолданылатын валютада немесе келісім шарт валютасында өндіріп алуға жатса, банк өндіріп алынған сомаларды орындау құжатында көрсетілген валютаға ауыстырып беруге міндетті. Валюта айналымы борышкердің банкі орналасқан мемлекеттің қолданылып жүрген валюталық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап
Уағдаласушы Тараптардың ұлттық банктері Уағдаласушы Тараптардың құзыретті соттарының заңды күшіне енген шешімдері бойынша, оларға ұлттық заңдармен және халықаралық шарттармен берілген өкілеттіктер шегінде ақша қаражаттарын барлық банк мекемелерінің кедергісіз өндіріп алуын бақылауды жүзеге асырады.
13-бап
Уағдаласушы Тараптардың төрелік, шаруашылық, экономикалық соттары өз мемлекеттерінің аумақтарында Уағдаласушы Тараптардың құзыретті соттарының шешімдерін орындауды қамтамасыз ету бойынша барлық ұйымдар мен лауазымды адамдарға міндетті нүсқамалар беруге құқылы.
14-бап
Келісім депозитарийге Уағдаласушы Тараптардың оны күшіне енгізуге қажетті мемлекетішілік шараларды орындауы туралы үшінші хабарламаны сақтауға тапсыру күнінен бастап күшіне енеді. Депозитарийге мұндай шараларды кейінірек орындау туралы хабарлама жіберген Уағдаласушы Тараптар үшін Келісім депозитарий мұндай хабарлама алған күні күшіне енеді.
15-бап
Осы Келісімді қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Уағдаласушы Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен шешіледі.
16-бап
Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап бес жыл бойы қолданылады. Бұл мерзім өткеннен кейін Келісім, егер Уағдаласушы Тараптар өзге шешім қабылдамаса, әр ретте өздігінен бес жылдық мерзімге ұзартылып отырады.
17-бап
Осы Келісімге Уағдаласушы Тараптардың ортақ келісімімен өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі мүкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 14-бабымен көзделген тәртіпте күшіне енеді.
18-бап
Осы Келісім депозитарийге бірігу туралы құжаттарды беру жолымен барлық Уағдаласушы Тараптардың келісімімен, оның мақсаттары мен принциптерін бөлісетін басқа мемлекеттердің бірігуі үшін ашық. Депозитарий Уағдаласушы Тараптардың мұндай бірігуіне келісімі туралы соңғы хабарлама алған күннен бастап бірігу күшіне енген болып есептеледі.
19-бап
Әрбір Уағдаласушы Тарап шығуға дейін 6 айдан кешіктірмей ол туралы
депозитарийге жазбаша хабарлама жіберіп, осы Келісім қолданылған уақытта
пайда болған қаржы және өзге де міндеттемелерді ретке келтіріп, осы
Келісімнен шыға алады.
1993 жылғы 6 наурызда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір тұпнұсқалық
данада жасалды. Тұпнұсқалық дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
Атқарушылық Секретариатында сақталуда, Секретариат осы Келісімге қол
қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзірбайжан Республикасы үшін Молдова Республикасы үшін
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Грузия үшін Түрікменстан үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін Украина үшін
Мәскеу - 06.03.98
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.