Қызылорда қаласындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экологиялық жағдайды ұшықтыратын, сумен жабдықтау мен канализациядағы күрделі ахуалды ескере отырып және Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қызылорда облысы әкімінің заңдарда белгіленген тәртіппен Қызылорда қаласындағы су құбыры-канализация шаруашылығы жүйесін дамыту және қайта жаңарту үшін 250 (екі жүз елу) млн. теңге көлемінде заем тарту туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі жобаның қаржы-экономикалық сараптамасын жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қорытынды ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) заемды тартудың қаржылық шарттарына сараптаманы жүзеге асырсын;
2) мемлекеттік борышты басқарудың шеңберінде жергілікті атқарушы
органдардың заемды тіркеуін және тартудың, өтеудің және қызмет
көрсетудің мониторингін қамтамасыз етсін.
4. Қызылорда облысының әкімі:
1) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын;
2) жергілікті бюджет қаражатынан тартылған заемды өтеуді және
оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.