Қызылорда қаласының су құбыры-канализация шаруашылығын дамыту және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 шілде N 925. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2000.01.03. N 7 қаулысымен. ~P000007

     Қызылорда қаласындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экологиялық жағдайды ұшықтыратын, сумен жабдықтау мен канализациядағы күрделі ахуалды ескере отырып және Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қызылорда облысы әкімінің заңдарда белгіленген тәртіппен Қызылорда қаласындағы су құбыры-канализация шаруашылығы жүйесін дамыту және қайта жаңарту үшін 250 (екі жүз елу) млн. теңге көлемінде заем тарту туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі жобаның қаржы-экономикалық сараптамасын жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қорытынды ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) заемды тартудың қаржылық шарттарына сараптаманы жүзеге асырсын;
      2) мемлекеттік борышты басқарудың шеңберінде жергілікті атқарушы

 

органдардың заемды тіркеуін және тартудың, өтеудің және қызмет

көрсетудің мониторингін қамтамасыз етсін.

     4. Қызылорда облысының әкімі:

     1) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын;

     2) жергілікті бюджет қаражатынан тартылған заемды өтеуді және

оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады