Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
"Таратушы электр желілерін басқару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1206 P971206_ қаулысының 2, 3-тармақтары;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1206 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1604 P971604_ қаулысы;
"Екібастұз 2-ГРЭС" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1242 P971242_ қаулысының 1-тармағы;
"Шардара ГЭС-і акционерлік қоғамын құру мәселелері" туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 ақпандағы N 76
қаулысының 4-тармағы.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдарда акцияларының мемлекеттік
пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану
жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысына мынадай толықтырулар
енгізілсін:
аталған қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 118-1 - 118-15-жолдармен
толықтырылсын:
"118-1 ПВЛ-000617 "Екібастұз 2-ГРЭС-і" ААҚ;
"118-2 АКТ-001006 "Ақтөбе таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ
("Ақтөбеэнерго");
"118-3 АТР-000984 "Атырау таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;
"118-4 ҚРҒ-00014 "Жезқазған таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;
"118-5 БҚО-001316 "Батыс Қазақстан таратушы электр желісі
компаниясы" ААҚ ("Оралэнерго");
"118-6 ҚСТ-000005 "Қостанай таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;
"118-7 ТРҒ-000011 "Оңтүстік электр желілері" ААҚ;
"118-8 ОҚО-000014 " Оңтүстік Қазақстан таратушы электр желісі
компаниясы" ААҚ;
"118-9 ОҚО-010227 "Түркістанэнерго" ААҚ;
"118-10 ШҚО-001231"Алтайэнерго" ААҚ;
"118-11 ШҚО-001554 "Семей таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;
"118-12 СҚО-000013 "Көкшетау таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;
"118-13 МНҒ-00223 "Маңғыстау таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;
"118-14 ОҚО-010230 "Шардара суэлектрстанциясы" ААҚ;
"118-15 ҚЗО-000003 "Қызылорда таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.