Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 шілде N 936

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      "Таратушы электр желілерін басқару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1206 P971206_ қаулысының 2, 3-тармақтары;
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1206 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1604 P971604_ қаулысы;
      "Екібастұз 2-ГРЭС" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін басқаруға беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1242 P971242_ қаулысының 1-тармағы;
      "Шардара ГЭС-і акционерлік қоғамын құру мәселелері" туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 ақпандағы N 76 


P980076_



қаулысының 4-тармағы.

     2. "Республикалық меншіктегі ұйымдарда акцияларының мемлекеттік

пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану

жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 


P990659_


  қаулысына мынадай толықтырулар

енгізілсін:

     аталған қаулыға қосымшада:

     "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 118-1 - 118-15-жолдармен

толықтырылсын:

     "118-1 ПВЛ-000617 "Екібастұз 2-ГРЭС-і" ААҚ;

     "118-2 АКТ-001006 "Ақтөбе таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ

("Ақтөбеэнерго");

     "118-3 АТР-000984 "Атырау таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;

     "118-4 ҚРҒ-00014 "Жезқазған таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;

     "118-5 БҚО-001316 "Батыс Қазақстан таратушы электр желісі

компаниясы" ААҚ ("Оралэнерго");

     "118-6 ҚСТ-000005 "Қостанай таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;

     "118-7 ТРҒ-000011 "Оңтүстік электр желілері" ААҚ;

     "118-8 ОҚО-000014 " Оңтүстік Қазақстан таратушы электр желісі

компаниясы" ААҚ;

     "118-9 ОҚО-010227 "Түркістанэнерго" ААҚ;

     "118-10 ШҚО-001231"Алтайэнерго" ААҚ;

     "118-11 ШҚО-001554 "Семей таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;

     "118-12 СҚО-000013 "Көкшетау таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;

     "118-13 МНҒ-00223 "Маңғыстау таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ;

     "118-14 ОҚО-010230 "Шардара суэлектрстанциясы" ААҚ;

     "118-15 ҚЗО-000003 "Қызылорда таратушы электр желісі компаниясы" ААҚ.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады