Ресейдің ракетасы бөлігінің Қарағанды облысының Көктас (Карбышевка)
селосы маңында аварияның салдарынан құлауы фактісін тексеру, мүмкін болатын
зардаптардың алдын алу, зиян мен медициналық-санитарлық, экологиялық,
техногендік зардаптарды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулы етеді:
1. Мына құрамда Үкіметтік комиссия құрылсын:
Павлов Александр - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сергеевич Министрінің орынбасары, төраға
Школьник Владимир - Қазақстан Республикасының Ғылым
Сергеевич және жоғары білім министрі,
орынбасар
Бижанов Нұрахмет - Қазақстан Республикасының
Құсайынұлы Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігі төрағасының міндетін
атқарушы, орынбасар
Дәукеев Серікбек - Қазақстан Республикасының Табиғи
Жүсіпбекұлы ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрі
Әубәкіров Тоқтар - Қазақстан Республикасы
Оңғарбайұлы Президентінің кеңесшісі (келісім
бойынша)
Ертаев Бақытжан - Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштері Бас штабының бастығы -
Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары
Нарібаев Бекжасар - Қазақстан Республикасының
Нәрібайұлы Сыртқы істер вице-министрі
Есенбаев Мәжит - Қарағанды облысының әкімі
Төлеубекұлы
Молдабеков Мейірбек - Қазақстан Республикасының Ғылым
және жоғары білім министрлігі
Аэроғарыш комитетінің төрағасы
Дүрімбетов Еркен - Денсаулық сақтау комитеті
Ермекұлы төрағасының орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік санитарлық дәрігері
Сизов Александр - Қазақстан Республикасының Ауыл
Павлович шаруашылығы министрлігінің Жер
ресурстарын басқару жөніндегі
комитеті төрағасының орынбасары
Тұрсынқұлов Шахайдар - Қазақстан Республикасы Ауыл
Жорабекұлы шаруашылығы министрлігінің Мал
дәрігерлік қадағалау комитеті
төрағасының орынбасары
Ыбрайымов Рүстем - Қазақстан Республикасының Ішкі
Әнуарұлы істер министрлігі Арнайы полиция
бас басқармасының бастығы
Оракеев Николай - Қазақстан Республикасының
Торғауытұлы Қорғаныс министрлігі Қару-жарақ
департаментінің бастығы
Қожақов Асан - Қазақстан Республикасының
Егенбайұлы Сыртқы істер министрлігі ТМД
департаментінің директоры
Ералы Нұрахмет - Қазақстан Республикасы Ғылым
Жұмахметұлы және жоғары білім министрлігінің
басқарма бастығы
Балапанов Зейнелқабден - Қазақстан Республикасының
Тәукенұлы Парламенті Мәжілісінің депутаты
(келісім бойынша)
Ғаббасов Энгельс - Қазақстан Республикасының
Ғаббасұлы Парламенті Сенатының депутаты
(келісім бойынша)
Нұрақышев Мұрат - Қарағанды облысы Қарқаралы
Шәукенұлы ауданының әкімі
Вершинин Александр - Қазақстан Республикасының Әділет
Юрьевич министрлігі халықаралық құқық және
хаттама басқармасының бастығы
ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.08. N 943
қаулысымен.
2. Үкіметтік комиссияның жүктелген міндеттерді орындау үшін белгіленген тәртіппен орталық (оның ішінде аумақтық бөлімшелерден) және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат, мүдделі мәселелер бойынша ұсыныстар мен қорытындылар алуға, сондай-ақ олардың мамандарын комиссияның жұмысына тартуға құқығы бар.
3. Үкіметтік комиссия ең қысқа мерзімде:
осы аварияның медициналық-санитарлық, экологиялық және техногендік
зардаптарын айқындасын;
аталған аварияның әсерін шектеу жөніндегі бірінші кезекті шаралар
жөнінде ұсыныс табыс етсін;
талап-арыз ұсыну үшін зиянның сомасын белгілесін;
аварияның зардаптарын жоюға арналған қажетті іс-шараларды іске
асырудың мерзімдері мен тізбесін айқындасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.