Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кең ауқымды ядролық сынаққа қарсы Альянстың ІІІ Конгресін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы N 18 P990018_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "1999 жылғы ақпанның 24-26 аралығында" деген сөздер "1999 жылғы қазанның 19-21 аралығында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан
Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ядролық физика
институты өткізетін Кең ауқымды ядролық сынаққа қарсы Альянстың ІІІ
Конгресіне дайындыққа және оны өткізуге байланысты іс-шараларды
қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім
министрлігіне 7 (жеті) миллион 500 (бес жүз) мың теңге бөлінсін."
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Кобдалиева Н.