Республиканың оңтүстік шекарасы бойында кеден бекеттерін нығайту,
жарақтандыру және жайластыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне кеден бекеттерінің
құрылысын салуға және оны нығайтуға 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге
бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.