1. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 P990657_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет;";
2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
10-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) жұмылдыру дайындығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарланған шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге орталықтандырылған басшылық;". 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Орынбекова Д. Кобдалиева Н.